bs-preloader__icon
ru kz en

Шетелдік азамат қонақүйде тоқ ұрғаны үшін сақтандыру төлемдерін алады ма?

Гонконг азаматы Мәскеу қаласының ортасында бес жұлдызды қонақүйде шашын кептіріп жатқанда, ақаулы феннің салдарынан зардап шекті
Шетелдік азамат қонақүйде тоқ ұрғаны үшін сақтандыру төлемдерін алады ма?

12 сәуір күні Тверская көшесінде орналасқан «Интерконтиненталь» бес жұлдызды қонақүйде Гонконг елінің 52 жастағы азаматты тоқ ұрды – отанына қайтар алдында шетелдік азамат шашын кептіріп жатқанда, жалаң сымға қолын тигізіп алыпты.

«МК» белгілі болғандай, Кэун Кинь Мань Ресейге парламентарийлердің делегациясы құрамында 8 сәуірде келген болатын. Ер азамат бұл сапардың ұйымдастырушысы болған екен. Теңіздің арғы жағынан келген қонақтар 12 сәуірде кешкісін елдеріне қайтпақшы болған.  Түске қарай Кэун Кинь Мань 10-сағаттық жолдың алдында өзін ретке келтірген екен. Ол басын жуып алып, шашын кептіру үшін қолына фен алды. Алайда қауіпсіздік қағидалары бұзылып, сым жалаң болған екен (бұл жағдай бойынша тексеру тағаындалды). Шетел азаматының саусағы сол сымға тиіп кетіп, ол тоқтың соғуын сезді. Болған жәйт туралы ол дереу қонақүйдің ресепшнына хабарлады. Әкімшілік басында сақтандыру бойынша «жедел жәрдемді» шақыруға тырысты, бірақ бұдан ештеңе шықпады. Сондықтан қалалық медициналық қызметкерлердің көмегіне жүгінуге тура келді. Саусақтың күйген жері, шың мәнінде, аса үлкен емес – 2 мм ғана. Бірақ шетел азаматы бұл сақтандыру жағдайы ретінде танылсын деп қолқалады. Ол егжей-тегжей толтырылған медициналық анықтаманы сұратты. Бұл құжатты ол өз отанындағы сақтандырушыларға ұсынып, өзінің жарақаты үшін ақшалай өтемақысын талап етуге бел буды.

Дереккөзі: http://www.mk.ru/moscow/2018/04/13/inostranec-poluchil-udar-tokom-v-pyatizvezdochnom-otele-v-centre-moskvy.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру