bs-preloader__icon
ru kz en

Жаяу жүру өмірді ұзартуға көмектесе ме

Кейбіреулер үшін жаяу жүру - қалыпты күнделікті жұмыстың бөлігі, жұмыс ерекшелігі немесе жай ғана қозғалу қажеттілігі болып табылады. Ал кейбірі серуендеуді кардио және тыныс алу жүйесін жаттықтыру үшін профилактикалық мақсат ретінде пайдаланады. Саябақта серуендеу, мысалы, пайдалыны жағымды іспен біріктірудің жақсы жолы, деп жазады «Спорт-Экспресс» газеті.
Жаяу жүру өмірді ұзартуға көмектесе ме

Ғылыми зерттеулердің нәтижесінің арқасында күнделікті жаяу жүру адамның өмірін ұзартуға көмектесетіні белгілі. Мұндай қорытындыны Америка кардиология қауымдастығының (American Heart Association) ғалымдары жасады. Арнайы құрылғының көмегімен қалыпты жүру кезінде қадамдар саны, күрделендірген кезде - баспалдақпен жүру және күні бойы жалпы физикалық белсенділік бағаланды. 2011 жылдан 2019 жылға дейінгі зерттеу нәтижелері серуендеудің денсаулық пен ұзақ өмір сүруге пайдасын растады.

Басқа зерттеудің авторлары инсульттан аман қалғандар үшін жаяу жүрудің оң әсерін атап өтті. Неврологтар күнделікті 3-4 сағат серуендеу әртүрлі себептерден болатын өлім қаупін 54%-ға төмендететінін анықтады.

Ересек адамға орташа есеппен аптасына кемінде 150 минут дене шынықтырумен айналысу ұсынылады. Алайда, жұмыстың сипатына, қатар жүретін ауруларға немесе жас ерекшеліктеріне байланысты көпшілігі аз қимылды өмір салтын ұстанады.

Жүйелі түрде жаттығу жасау қиын болуы мүмкін егде жастағы адамдарға мүмкіндігінше күнделікті жаяу жүру ұсынылады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғалымдар 85 және одан үлкен жастағы адамдардың жаяу жүруі мен өмір сүру ұзақтығы арасындағы байланысты анықтады. Авторлар аптасына бір сағат жаяу жүрудің өзі қарттардың өмірін ұзартуға көмектесетінін растайды.

Дереккөзі: https://www.sport-express.ru/zozh/reviews/kak-hodba-vliyaet-na-zdorove-mozhet-li-hodba-prodlit-zhizn-skolko-nuzhno-hodit-dlya-zdorovya-2008424/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Актуарийлерге бізде әрдайым жол ашық
Актуарийлерге бізде әрдайым жол ашық

Қазақстанда алғаш рет «Қазақстан актуарийлер...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру