bs-preloader__icon
ru kz
✕

Ресейліктерге спортпен шұғылданғаны үшін салықтың бір бөлігі қайтарылады

РФ министрлер кабинеті жанындағы комиссия азаматтардың дене шынықтыру-сауықтыру қызметтеріне жұмсалатын шығындары бойынша салықтық шегерім туралы түзетулерді қарады, деп үкіметтің баспасөз-қызметі хабарлады, деп жазады «ПРАЙМ» АЭИ агенттігі.
Ресейліктерге спортпен шұғылданғаны үшін салықтың бір бөлігі қайтарылады

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтар үшін ЖТКС (НДФЛ) бойынша шегерім енгізілуі мүмкін. Мұндай бастаманы заң жобалау қызметі жөніндегі үкіметтік комиссия қарады», – делінген хабарламада.

Қаржы министрлігі Ресей Президентінің тапсырмасы бойынша Салық кодексіне тиісті өзгерістерді дайындады.

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтеріне жұмсалатын шығыстар бойынша шегерім әлеуметтік салықтық шегерімдер тізбегін толықтырады деп болжануда. Олар дәрі-дәрмек сатып алуға немесе емдеуге ақша жұмсайтын, оқуға ақы төлейтін, мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыруға, ерікті зейнетақы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға салатын, қайырымдылықпен айналысатын адамдарға беріледі. Шегерім салық төлемін азайтуға немесе бір жыл ішінде төленген ЖТКС төлемін қайтаруға мүмкіндік береді.

«Сауықтыру салықтық шегерімді іс жүзінде жүргізілген шығыстар мөлшерінде, бірақ салық кезеңінде ЖТКС бойынша басқа да әлеуметтік шегерімдерді ескере отырып, 120 мың сомнан аспайтын мөлшерде беру жоспарлануда. Шегерімнің ең жоғары мөлшері 15,6 мың рубльді құрауы мүмкін. Қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тізімін Спорт министрлігі қалыптастырады, бұл қызметтерді алған кезде шегерімге үміттенуге болады», – делінген хабарламада.

Заң жобасы түзетілгеннен кейін Мемлекеттік Думаға енгізіледі.

Дереккөзі: https://1prime.ru/state_regulation/20201019/832185896.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру активтермен өсті
Өмірді сақтандыру активтермен өсті

ӨСК активтері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын...

РФ өмірді сақтандыру саласында қосымша опциялары бар өнімдер дамуда
РФ өмірді сақтандыру саласында қосымша опциялары бар өнімдер дамуда

РФ нарығы қатысушыларының пікірінше, жинақтау...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру