bs-preloader__icon
ru kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тізімге қызметкерлерді сақтандыру саласындағы жаңа композиттік қызметті қосты

2018 жылдың басынан www.egov.kz электрондық үкімет порталында «Қызметкерді оның еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруын және банк шотын ашуын ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» жаңа композиттік қызметі іске қосылды деп хабарлайды Казинформ ХАА.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тізімге қызметкерлерді сақтандыру саласындағы жаңа композиттік қызметті қосты

Енді заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, банк шотының нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы қол қойылған шартты екі жұмыс күні ішінде алуға болады. Ал бұрын азамат алдымен заңды тұлғаны тіркеп, сосын шот ашу үшін, банкке тіркеу туралы анықтаманы ұсынып, осыдан кейін ғана міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтандыру компаниясына баруы керек еді. 

Бүгінде бұл қызметті порталда пайдалану үшін, пайдаланушы тізімнен банкті, сақтандыру компаниясын таңдап, бенефициарларды, қол қою құқығы бар тұлғаларды көрсетіп, сауалнаманы толтырып, e-Gov-та көрсетілген құжаттарды тіркеуі тиіс.

Әзірше бұл қызметке «ForteBank» АҚ, «Цеснабанк» АҚ,  «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмір сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру компаниясы қосылған.

Дерекнама: http://www.inform.kz/ru/elektronnoe-pravitel-stvo-rasshirilo-spektr-strahovyh-uslug_a3126950

Сайттан сурет: kapital.kz

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Күздің соңында ең пайдалы тағамдар аталды
Күздің соңында ең пайдалы тағамдар аталды

Күздің соңында ағзаға ең пайдалы өнімдер-сұлы,...

Мүліктік жоспарлау және өмірді сақтандыру
Мүліктік жоспарлау және өмірді сақтандыру

«Мүліктік жоспарлау үздіксіз үдеріс болып таб...

Инвестицияға арналған құрал ретінде жинақтаушы сақтандыру
Инвестицияға арналған құрал ретінде жинақтаушы сақтандыру

Жақын арада менің жақын ортамда пікірталас кү...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру