bs-preloader__icon
ru kz en

Сбербанк ресейліктердің өмірді жинақтаушы сақтандыру кезіндегі мақсаттарын атап өтті

«Сбербанк өмірді сақтандыру» Сбербанктің еншілес компаниясының клиенттері шарттардың көпшілігін 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге ресімдейді, ал ӨЖС көмегімен жинақтағысы келетін орташа сома 930 мың рубльді құрайды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Сбербанк ресейліктердің өмірді жинақтаушы сақтандыру кезіндегі мақсаттарын атап өтті

Ресейліктердің көпшілігі – клиенттердің жалпы санының 62% ӨЖС көмегімен 1 млн рубльге дейін жинақтағысы келеді. Клиенттердің 12%-ы 1 млн рубльден 1,5 млн рубльге дейін,  21% – 1,5–3 млн рубльге,  5% – 3 млн рубльден жоғары сомаға шарттарды жасасады. Сбербанктің клиенті жыл басынан бастап жасалған өмірді жинақтаушы сақтандыру шартының көмегімен жинақтауды жоспарлап отырған ең үлкен сома 130 млн рубльді құрайды.

ӨЖС арқылы ресейліктер жинақтайтын сомалар жас ұлғайған сайын өседі. Мәселен, 25 жасқа дейінгі жастар орташа есеппен 700 мың рубль, 26-35-жастағы — 800 мың рубльге жуық қаражат жинауды жоспарлап отыр. 36-45 жастағы және 46-55 жастағы клиенттердің шарттары бойынша орташа сома 1 млн рубльді құрайды.

56 жастан асқан клиенттердің өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарының ең жоғары сомасы – орта есеппен 1,1 млн рубльге жуық. Бұл ретте дәл осы жастық топта жинақтардың орташа сомасы шамамен 20%-ға ұлғайды: 2018 жылы 56 жастан асқан клиенттердің шарттары бойынша орташа сақтандыру сомасы шамамен 900 мың рубльді құраған еді.

25 жасқа дейінгі жастар жинағысы келетін сомалар 900 мыңнан 700 мың рубльге дейін төмендеді. Сонымен қатар, жастармен жасалған ӨЖС шарттарының жалпы саны 4 есеге жуық – 8 мыңнан астам полиске дейін өсті. Қалған жастық топтарда жоспарланған жинақ сомасы өткен жылдың деңгейінде қалды.

Ең көп шарттар – жалпы санының 30%-ы 36-45 жастағы адамдар жасады. Дәл осынша сан – шарттың 28% – 35 жасқа дейінгі клиенттер. Шарттардың 23%-ы 46-55 жас аралығында, 19%-ы 56 жастан асқан адамдар жасасты.

2019 жылы клиенттер ӨЖС ұзақ мерзімді шартын жасай бастады. Шарттардың ең көп саны 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге жасалды – 2019 жылы 42%, ал 2018 жылы 35% шарт. 11-15 жыл мерзімге жасалған шарттардың үлесі 14%-дан 22%-ға дейін, 16-20 жылдық мерзімге – 9%-дан 10%-ға дейін, 20 жыл және одан жоғары мерзімге – 4%-дан 8%-ға дейін өсті. 5 жылға дейінгі мерзімге жасалатын шарттардың саны 2018 жылғы 38%-дан 2019 жылы 18%-ға дейін төмендеді.

Әйелдер өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларын белсенді пайдаланады: олар ӨЖС шарттарының жалпы санының 61%-ын жасады. Сонымен қатар, ерлер едәуір қомақты сомаға шарттар жасайды: ӨЖС шарты бойынша ерлерде орташа сома 1,3 млн рубльді құрайды және әйелдер жасаған шарттар бойынша орташа жинақталған сомадан 1,7 есе асады.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Вирустардың таралуына қандай әдеттер көмектеседі
Вирустардың таралуына қандай әдеттер көмектеседі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маман...

Сүт безі обырын дамытудың негізгі факторлары аталды
Сүт безі обырын дамытудың негізгі факторлары аталды

Ресей маммологтар қауымдастығының президенті...

Өмірдегі өзгерістер
Өмірдегі өзгерістер

Инвестициялық сақтандыру нарығын өзгерістер ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру