bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда қанша студент бар

Қазақстан Республикасында биылғы оқу жылында жұмыс істеп тұрған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының саны – 116, оның ішінде 105 ұйым магистранттарды, 73 ұйым докторанттарды және 18 ұйым - резидентура тыңдаушыларын даярлауды жүзеге асырады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Қазақстанда қанша студент бар

Жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы санынан ұйымдардың 72,4% – жекеменшікте, 25,9% –  мемлекеттік, 1,7% -  шетелдік меншікте.

2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны 578,2 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер –308,6 мың адам немесе 53,4%.

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша есепті оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 213,4 мың адам немесе 36,9%-ы оқиды, ақылы білім беру қызметтерін 364,9 мың адам немесе білім алушылардың жалпы санының 63,1% алады.

2022-2023 оқу жылының басында қабылданған студенттер саны 163,5 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 86,2 мың адам немесе 52,7%. Оқуға түскен студенттердің жалпы санының 68,6% – жалпы орта білім беру базасында, 20,2% – техникалық және кәсіптік білім беру базасында және 11,2% - жоғары білім беру базасында қабылданды.

Қаладан тыс жерлерден келген студенттердің жалпы саны 295,1 мың адамды құрайды, олардың 24,8% жатақханаларда тұрады, ал 40% жатақханаға мұқтаж.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда
Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда

Қазақстанның актуарийлер қоғамы мен Nomad Life өмі...

Мансап сатысында тез көтерілуге ықпал ететін қарапайым құпиялар
Мансап сатысында тез көтерілуге ықпал ететін қарапайым құпиялар

Дағдылар пайдалы, бірақ бұл бірінші жұмыста үй...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру