Басқа елде саяхаттауды жоспарлағандар үшін, медициналық сақтандыру бойынша МСТ полисін ресімдеу қажет. Орташа алғанда, оның құны 15 евро құрайды (6931,90 теңге, ағымдағы бағам бойынша). Алайда, сақтандыру құны нақты бекітілмеген және көптеген факторларға байланысты: турист қай елге шығады, бағыты, көлігі қандай, қанша күнге және т.б.
Шетелге шығатын туристтің портреті
Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының мәліметтер базасынан талдаушылар, шетелге осы жазда шығатындардың аты-жөнін, орташа жасын, мекен-жайын, қайда және кіммен баратынын анықтады, және нәтижесінде, қазақстандық туристтің портретін құрастырды: оның аты Ермек, жасы 35-те, Алматы тұрғыны. Демалысқа Түркияны таңдады. Әдетінше, қазақстандықтардың көбісі, отбасымен осы елге баруға сақтандыру полисін ресімдейді. Ермек, 32 жастағы жұбайы Жаннамен және жасы 10-ға толмаған екі балаларымен демалуға шығады.
Түркиядан басқа, сақтанушылардың 24% МСТ полисін келесі елдерде демалуға ресімдеді: БАЭ – 14%, АҚШ– 13% және Еуропаға (Шенген) –10%. Сирек рәсімдейтін бағыттары – Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Грузия, Мысыр, Грекия – Freedom Travel бағдарламасы бойынша сақтандырылғандардың жалпы санынан 4%-дан. Эквадор, Чили, Аустралия және Антарктидаға бару үшін, МСТ полисін сатып алушылар бар.
Сақтандырылған туристер ішінде, 53% әйелдер құрайды, олардың орташа жасы- 32-де және 47% ерлер, жасы - 35-те.
Басқа елде демалуды жоспарлаған қазақстандықтардың көбісі Алматыда тұрады, олар сақтандырылғандардың жалпы санынан 68%, 16% -Шымкенттіктер және 7% - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Сақтанушылардың 54% басқа елге зайыбымен және жасы 10-ға толмаған балаларымен шетелге демалуға шығады.
Сурет ашық дереккөздерден