bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтар өмірінің орташа есеппен алынған ұзақтығы 72,9 жылды құрады

Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметіндегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова астаналық брифингте мәлімдеді, деп BNews.kz корреспонденті хабарлайды.
Қазақстандықтар өмірінің орташа есеппен алынған ұзақтығы 72,9 жылды құрады

Соңғы 10 жылдың ішінде қазақстандықтар өмірінің күтілетін ұзақтығы 6 жылға ұлғайды, жалпы өлім 20%-ға төмендеді, қан айналымы  ауруларынан өлім – 2,5 есе, қатерлі ісік ауруларынан өлім 28%-ға қысқарды.

Қазақстандықтар өмірінің орташа есеппен ұзақтығы – 72,9 жылды құрады. Бұл ретте ДДСҰ-дың ел бағалаудың нәтижелері халық денсаулығының жағдайына тікелей әсер ететін тәуекелдің мінезді факторларының таралғандығын көрсетеді.

Осылайша, ел халқының 22,4% шылымқор болып табылады, таза алкогольдің 7,7 литр жылына бір адамға шақ келеді, ЭЫДҰ (ОЭСР) елдері арасында біздің халқымыз ұсынылған тәулігіне 5 грамм мөлшерімен тұзды пайдаланудың көшбасшысы болып табылады, біздің адамдарымыз бір адамға тәулігіне 16,6 грамм тұзды пайдаланады екен (бір адамға жылына 6 кг)», – деді Зәуре Ахметова.

Оның сөзінше қант диабеті, қатерлі ісік және жүрек аурулары сияқты жұқпалы емес аурулар жиынтықта бүкіл әлемде 70% өлім жағдайының себебі болып табылады.

«Бұл сан 30-69 жас аралығында мезгілсіз өлімнің 15 миллион жағдайды қамтиды. Мұндай аурулардың таралымдылығы тәуекелдің мінездік факторларынан туындаған: дұрыс емес тамақтану, дененің төмен белсенділігі, темекі шегу, алкогольді пайдалану», – деп Ахметова хабарлады.

2018 жылы алғаш рет астанада қан диабетінің 1 365 оқиғасы, 1 222 семіздік,  27 699 жағдай қан айналымы жүйесінің ауруы анықталды, деп, бүгін 5 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов хабарлады. Жалпы, оның мәліметтері бойынша қалада 2018 жылғы қорытындылары бойынша қант диабеті ауруының 21 237 жағдайы, семіздіктің 6 134 жағдайы, қан айналымы жүйесінің ауруы 151 055 жағдайы тіркелген, деп zakon.kz хабарлайды.

«Қазіргі кезде тұрғындардың белгілі бір бөлігі бәрін «жөндеп алуға» болады деген үмітпен өз денсаулығына «селқос» қарайды. Салауатты өмір салтын ұстануға талай рет шақырса да, олар зиянды әдеттермен «дос болуды» жалғастырып, денсаулық бүкіл өмірге берілген деп ойлайды. Және денсаулық сыр бергенде, біз бірден оны түзетуге тырысамыз, бірақ бұл кейде тым кеш болады», – деді ол.

Республиканың медициналық ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 3-11 сәуір аралығында ашық есік күні өткізіледі. Кез келген адам өз денсаулығының жағдайы туралы ақпарат алып, салалық мамандардың кеңес беру-диагностикалық және практикалық көмегіне жүгіне алады.

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде атап өтетінін естеріңізге саламыз.

«Дүниежүзілік денсаулық күні – бұл жай ғана мейрам емес, бұл әрбір адам оған туылған кезде табиғатпен сыйға тартылған денсаулықты қалай сақтау керектігін ойланатын күн. Біз денсаулығымызды сақтау үшін барынша күш салуымыз қажет. Бұл үшін қаражат салудың қажеті жоқ, таңертең жүгіріп, таза ауада серуендеп, зиянды әдеттерден бас тартып, дұрыс тамақтану ғана керек», – деді Байғабылов.

Дереккөзі:

https://bnews.kz/ru/news/prodolzhitelnost_zhizni_kazahstantsev__729_goda2

https://www.zakon.kz/4964660-ozhirenie-i-saharnyy-diabet-vse-eshche.html

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Nomad Life» ӨСК өз өніміне елдегі ең жоғары долларлық мөлшерлеме ұсынады
«Nomad Life» ӨСК өз өніміне елдегі ең жоғары долларлық мөлшерлеме ұсынады

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы 4,1%-ға де...

UL жақсы инвестиция ма
UL жақсы инвестиция ма

Unit-linked (UL) немесе өмірді инвестициялық сақтанд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру