bs-preloader__icon
ru kz en

Білім беру үшін сақтандыру

АҚШ-та ата-аналар балалардың білім алуына үш құрал: банк салымы, өмірді сақтандыру полисі, жеке инвестициялық шот арқылы ақша жинайды. Бірақ жинақтаудың ең танымал тәсілі – сақтандыру компаниясындағы полис. Неліктен? Біріншіден, баланың пайдасына жинақтаушы сақтандыруды үкімет және бизнес қолдап отыр. Ата-аналар салықтық преференцияларды алады, кейбір сақтандырушылар басқа өнімдерге сыйлықақыларын төмендетіп жатыр. Сондықтан Американың орташа статистикалық отбасылары балалардың біліміне сақтандыру компанияларында жинақтайды. Қазақстанның қаржы билігі дәл осы жолмен жүруге бел буды.
Білім беру үшін сақтандыру

ҚР Қаржы секторын реттеу және дамыту агенттігі өмірді сақтандыру бойынша компанияларға мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысуға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірледі. «Біз бұл өнім 3 жылдан 20 жылға дейін әрекет етеді деп болжаймыз. Бірақ жинақ мөлшері мен мерзімін клиент таңдайды. Біздің пайыздардан басқа, мемлекет осы салымдарға жылдық 5%-7% пайызды есептейтін болады», – дейді Nomad Life басқарушы директоры Елена Тайтуголева.

Бүгінгі таңда бағдарлама екінші деңгейдегі банктердің салымдары арқылы жүзеге асырылады. Алайда, олар халық арасында сұранысқа ие емес. Осылайша, 2013 жылдан бастап (бағдарламаны іске қосу) және бүгінгі күнге дейін 20 мың қазақстандық өз білім беру депозитін ашты.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес 2019 жылы елімізде 402 310 сәби дүниеге келді. 2009 жылмен салыстырғанда бала туу көрсеткіші 12,9%-ға өсті, бұл гранттарға мемлекет шығындарын бірнеше рет арттыра алады, ал егер бұл болмаса, жоғары білім алуға мүмкіндігі жоқ адамдардың саны артады. Бұл мәселені оңай шешуге болады. Жауапты ата-аналар үшін салықтық преференциялар бір жағынан бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, екінші жағынан клиенттердің жинақталған қаражатын бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен экономикаға қосымша ақша тартады», – деп нақтылайды әңгімелесуші.

Халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің тетігі өмірді сақтандыру жөніндегі компанияларға тән, өйткені өмірді сақтандырудың классикалық жинақтаушы өнімдері белгілі бір мақсаттарға, оның ішінде балалардың білім алуына жинақталған соманы алуды көздейді. «Балаларды оқытуға жинақтау ұзақ мерзімді сипатқа ие, бұл сондай-ақ өмірді сақтандыру бойынша компаниялар бизнесінің ерекшелігі болып табылады. Мысалы, егер ата-анада баланың пайдасына банкте білім беру салымы ашылса, онда ата-анасы қайтыс болған немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда жинақталған қаражат оқу ақысын төлеу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Алайда, ата-анасы сақтандыру шартын жасасқан кезде, балаға кез-келген жағдайда сақтандыру шартымен белгіленген оқу ақысы толық төленеді», – деп түсіндіреді Nomad Life басқарушы директоры.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалатын сақтандыру шарттарының банк салымдарымен салыстырғанда негізгі артықшылықтары:

-          ата-анасының қайтыс болуы немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу сияқты өмірде қолайсыз оқиғалар орын алған жағдайда сақтандыру қорғанысының болуы;

- жинақтаушы сақтандыруды салықтық ынталандыру;

- банк салымына қарағанда кепілдік беру сомасында шектеулердің болмауы.

Осылайша, заң жобасында білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жинақтаушы сақтандыру тетігі айқындалатын болады, сондай-ақ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын өмірді сақтандыруды сақтандырудың кепілдік берілетін түрлерінің тізбесіне енгізу көзделген.

Өмірді сақтандыру жөніндегі компанияларды мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне тарту және сақтандырудың осы түрін кепілдендіруді қамтамасыз ету едәуір дәрежеде білім беруге арналған жинақтардың тиімділігін арттырады, өйткені асыраушысынан айырылған жағдайда балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің міндеттерінің бірін шешуге мүмкіндік береді.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жас ата-аналарға қандай өмірді сақтандыру полисі қажет
Жас ата-аналарға қандай өмірді сақтандыру полисі қажет

Сіз ата-ана болған кезде өмір жаңа мағынаға ие ...

Демалыс күндері тым ұзақ ұйықтау неге қауіпті
Демалыс күндері тым ұзақ ұйықтау неге қауіпті

Жалпы тәжірибе дәрігері Лариса Алексеева РИА ...

Қазақстанда өмірді бес минутта сақтандыруға болады
Қазақстанда өмірді бес минутта сақтандыруға болады

Халык-Life нарыққа «Life-Персона» өмірді сақтанды...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру