Бірегей экспозиция бес ақпараттық кешенге бөлінген: жауынгерлерді жабдықтау, ежелгі қалашықтардың археологиялық артефактілері, сирек монеталар, дін және сәулет бөлімдері. Белгілі болғандай, 1269 жылғы Талас құрылтайы нәтижесі бойынша Ұлыс Жошы (Алтын Орда) толық тәуелсіздікке ие болды, сондықтан көрме «Алтын Орда – Қазақ мемлекеттілігінің бесігі» деген атауға ие болды. Тарихи өткен күндерге саяхатты «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы қолдауды жөн көрді. Қаржыгерлер ұлттық мәдениет пен ата-бабалардың ұлы мұрасын насихаттай отырып, 5 жыл бойы Орталық мемлекеттік музеймен ынтымақтасып келеді. «Көшпелілердің ұлы мұрасы» жобасы – бұл ОММ-дің құнды экспонаттары көрсетілген корпоративтік күнтізбеліктер.
«Көшпелілердің тарихы біз үшін өте маңызды. Біздің компаниямыздың атауында да «nomad» сөзі бар. Біз Орталық мемлекеттік музей – білімнің бірегей қоймасы екенін түсінеміз, сондықтан біз музеймен 5 жылдық ынтымақтастықты адамдар, олардың дәстүрлері, сұлулық пен абырой ұғымдары туралы тарихпен атап өткіміз келеді», – дейді «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
«XIII-XIV ғғ. жауынгерлерінің жабдықтары» бөлімі металдан жасалған белдік жиынтықтарды, қару-жарақ заттарын – жебелердің ұштарын, қылыштарды, қылшандарды көрсетеді. Алматы облысындағы Шеңгелді ауылының маңында табылған жоғары көшпелі ақсүйектердің салтанатты костюмінен жібек маталарының бірегей фрагменттерінің топтамасы ерекше орын алады. «Түсінесіз бе, мұндай ежелгі маталар әлемде қалмады, бұл сирек экспонат. Сондай-ақ бұл олжа кездейсоқ табылған. Кеңес уақытында құрылысшылар шағын қорғанды бұзып, осы қазынаны тапқан болатын. Айтпақшы, бұл экспонатты қазақстандықтар алғаш рет көреді», – деп ҚР Орталық мемлекеттік музейдің Археология бөлімінің басшысы Айткүл Хамит атап өтті.
«XIII-XIV ғғ. Қазақстан аумағындағы Алтын Орда қалалары» бөлімі ежелгі Сарайшық, Отырар, Құйрықтөбе тұрмыс заттарымен таныстырады. Осы қалалар арқылы Ұлы Жібек жолы Еуропа елдерінен және Алтын Орданың астанасы Сарай Беркеден Хорезм, Үндістан, Иран және Қытайға өтті. Қазақстанның ежелгі қалаларының көшпенділердің терең далалық тамырын көрсететін өзіндік ерекшеліктері бар. «Ұлы Жібек жолы. Сауда» бөлімінде 25 монеталық ауланың монеталарын көруге болады. Олар Қазақстанның Алтын Орда қалаларында табылды, Сарайшық қалашығынан күміс және мыс монеталары бар», – дейді әңгімелесуші.
Сауда әрқашан адамдардың көші-қонына алып келеді, сондықтан діндер туралы бөлім тәңіршілікті, исламды, несториантты, зороастризмді, буддизмді қамтиды. Мұнда зират үстіндегі несториандық тастар мен иконика топтамасын көруге болады. Жанында «XIII-XIV ғғ. діни сәулеті» бөлімінен Сарайшық қалашығының, Жошы хан, Алаша хан, Болған ана, Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінің сәулет бөліктерінің үлгілері орналасқан.
«Біз халықтың қиялын оятатын таңғажайып көрмені көріп, танысқанын қалаймыз. Nomad Life өз халқының тарихы бойынша білімдерінің кеңеюіне ықпал етуге ниеттеніп отыр. Бізде тағы бір үлкен арман бар – Қазақстанның қалалары бойынша Алтын адамды көрсету. Өкінішке орай, бұл экспонаттың «тығыз гастрольдік кестесі» бар, оны бүкіл әлем көреді және өз елінде ол аз уақыт қана болады. Бірақ біз музейдің қызметкерімен бірге бұл жобаны да іске асыра алатынымызға сенеміз», – деп қорытындылады Қайрат Чегебаев.