bs-preloader__icon
ru kz

Аустралияның егде адамдары зейнетақы жүйесіне наразы

Аустралия егде ер адамдарының 53% жинақтары қайтыс болғанға дейін жетпей қалады деп уайымдайды. Мұндай мәліметтерді Challenger және National Seniors Australia жүргізген жаңа сауалнама тіркеген. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш 60%-ды құрайды.
Аустралияның егде адамдары зейнетақы жүйесіне наразы

Есепте уақыт өте келе зейнетке шыққан адамдар аз төлем алатын болады делінген. «Сенімді табыс көзін қамтамасыз ететін және қарт аустралиялықтардың алаңдаушылығын азайтатын өнімдер қажет. Орташа алғанда әйелдер ерлерден үш жылға ұзағырақ өмір сүреді, бірақ біздің зейнетақы жүйесі бұл айырмашылықты ескермейді», – дейді Challenger басқарма төрағасы Джереми Купер.

Сарапшы реформалардың уақыты келмесе де, болашақ зейнеткерлер үшін өнімдердің дизайнын ауыстыру уақыты келгеніне сенімді. «Адамдар өз ақшасын жұмсаудан қорқатыны анық. Бұл нарық пен мемлекетке белгі береді», – деп атап көрсетеді спикер.

«Аустралияда әлемдегі ең үздік зейнетақы жүйесінің бірі, алайда аустралиялық зейнеткерлер әлі де өздерінің жинақтары өмірдің соңына дейін жетпейтініне байланысты алаңдаушылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр», – деп National Seniors  Джон МакКаллум атқарушы директоры келісіп отыр.

Әңгімелесуші зейнетақы аннуитеттері мен зейнетақы қорларымен жасалған шарттарды халықты хабардар етуді ұмытпай жетілдіру қажет екеніне сенімді: «Зейнеткерлердің алаңдаушылығын жоюдың айқын жолы – жүйені тұрақтандыру, ыңғайлы өнімдерді ұсыну және әрбір аустралиялық адамға жаңа ақпаратты жеткізу».

Дереккөзі:  https://www.financialstandard.com.au/news/better-retirement-income-products-needed-152439004

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Психикалық тұрақтылықты қалай сақтауға болады
Психикалық тұрақтылықты қалай сақтауға болады

Популизм мен поляризация көптеген елдерде қар...

Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады
Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады

«Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясы ZOLOTO NOMADOV ...

Бұл тәттінің күніне бір қасығы қабыну қаупін төмендетеді
Бұл тәттінің күніне бір қасығы қабыну қаупін төмендетеді

Бал пайдалы қасиеттердің бірқатарына ие, біра...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру