Донецкте сақтандыру агентке ескерткіш қойып, оны мәңгі есте қалдырды. Іс-шара «АСКА» сақтандыру компаниясының 20-жылдығына орайластырылды. Ескерткіш қоладан жасалған, оның салмағы 350 келі, ал биіктігі 195 см құрайды. Мүсіншінің авторлық жұмысы сақтандырушыға $25 мыңға шықты.
Енді Шевченко желекжолында Эльдар Рязановтың "Автокөліктен сақтан" кинокомедиясындағы сақтандыру агенті –қола Юрий Деточкин тұр. Ескерткішті орнату бастамашыларының ойлары бойынша бұл фильмде сақтандыру агентінің күнделікті, қалжырататын, бірақ адамдарға қызықты және қажетті жұмыс ерекшелігі өте жақсы көрсетілген. Оның авторы – Украина суретшілер Одағының мүшесі Игорь Макогон.
Бұл ескерткіштің өзінің аңызы да бар: егер сақтандыру агентінің портфелін сипаса, бұл ақша мен сәттілік алып келеді.
2011 ж. "Брокбизнес" сақтандыру компаниясына кіре берісте ескерткіш орнатылған, толық аталуы былай естіледі: " Клиенттерді іздеу барысында оларды таптаған сақтандыру агентінің бәтеңкелері ".
Қола бәтеңкенің мөлшері кішкентай емес – 92, сол жақ бәтеңкенің ұзындығы 69,5 см, ал оң жақ бәтеңке 69,8 см, оның үстіне оң жақ бәтеңке аса тозған, монументтің табиғи жасалғанын болжауға мүмкіндік береді. Бұл бәтеңкелер киіп көруге болатын ең үлкен мөлшерлі аяқ киімі ретінде Украина рекордтар тізіміне енді.
Дереккөз:
https://ru.wikipedia.org//wiki/Сақтандыру агентіне ескерткіш
http://vkieve.net/pamyatniki-skulptury/botinki-straxovogo-agenta