bs-preloader__icon
ru kz en

Ресейде сақтандыру агенттерінің эмоционалдық әсер етуі «мұздату кезеңімен» нивелирлеуді қалайды

Ресейде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес Министрлер кеңесіне сақтандырудың отандық нарығының жеке аспектілері туралы ақпараттық жазбаны жолдады. Нақты айтқанда, сақтандыру агенттерінің жұмысын сапалы реттеу туралы сөз болады, деп news.tut.by хабарлайды.
Ресейде сақтандыру агенттерінің эмоционалдық әсер етуі «мұздату кезеңімен» нивелирлеуді қалайды

Кеңестің баспасөз-қызметі хабарлағандай, сақтандырудың отандық нарығын дамыту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында РФ Қаржы министрлігі, РФ Салықтар және алымдар бойынша жөніндегі министрлігі өкілдерінің, сонымен қатар сақтандыру ұйымы мен сақтандыру брокерлерінің  қатысуымен бірқатар кездесулер өтті. Бұрын Мемлекеттік бақылау комитетінде сақтандыруда ең маңызды мәселелердің бірі сақтандыру агенттерінің өлшеусіз белсенділігін атап көрсетті.  

Талқылаудың нәтижелері бойынша сақтандыру брокерімен азаматтық-құқықтық шарттар негізінде жеке тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда ынтымақтастыққа тартуға қатысты мәселелерді құқықтық реттеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалған.

Сонымен қатар аталған тетікті іске асыру белгілі бір тәуекелдермен байланысты, олардың ішінде көптеген сақтандыру шарттарын бір уақытта бұзу және олардың қолданысы кезіндегі сақтандыру жарналарын қайтару қажеттілігі тәуекелі. Түрлі елдерде, оның ішінде Ресей мен Украинада кеңінен таралған мұндай тәжірибенің жоғары экономикалық және әлеуметтік әсері бар, өйткені, бір жағынан елдің қалың топтарына сақтандыру бойынша бар ұсыныстар туралы хабарлауға мүмкіндік береді, екінші жағынан – азаматтарды жұмыспен қамтып, оларды қосымша табыспен қамтамасыз етеді.

Осылайша, Беларусьте өмірді сақтандырған тұлға сақтандыру оқиға басталмаса да, сақтандыру ісін жүргізуге кеткен шығындарды (жарна сомасынан шамамен 8%) қоспағанда, сақтандыру жарналарының бүкіл сомасының қайтарылуын талап етуге құқылы.  Сақтандыру шартын бұзу кезінде сақтандыру компаниялары, өз кезегінде, брокерден оған төлеген комиссияның бүкіл сомасын сөзсіз өндіріп алады, ал брокер осы сомадан бұрын қызметкерге сыйақыны және ХӘҚҚ-ға жарналарды төлеп алып, олардан айырылды, деп айтылады хабарламада.

Осыған байланысты сақтандыру полисінің сатып алу құнының мөлшерін анықтау тәртібін жетілдіру талап етіледі. Сонымен қатар кездесу қатысушылары сақтандыру компаниясы брокерге төлеген сома қайтаруға жатпайды деген қорытынды жасады, бұл брокердің сақтандыру шарттарын мерзімінен бұрын бұзған кезде төлемдердің мүмкін еместігімен байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Екінші ірі тәуекел сақтандыру бойынша делдалдық қызметтерін сапасыз көрсетумен байланысты.

Осыған жол бермеу үшін сақтандыру брокерлеріне өз қызметкерлеріне, еңбек шарты нгізінде қызмет ететіндерді де, азаматтық-құқықтық шарттар негізінде қызмет ететіндерді де тұрақты оқытуды қамтамасыз ету міндетін жүктеу керек.

Сақтандырылуға ниет білдірген тұлғаға сақтандыру шартының барлық маңызды тұстары түсіндірілгенді кепілдендіру мақсатында сақтандырылған тұлғаға барлық түсініктемелері қамтылған жадынаманы жасап, табыстау ұсынылады.

«Жеке тұлғамен сақтандыру шартын қызбалықпен (эмоцияның әсерінен немесе сақтандыру брокерінің сапасыз кеңес беру ықпалынан және т.б.) жасау тәжірибесін болдырмау үшін, шетелдің тәжірибесі бойынша «суыту кезеңін» белгілеу ұсынылады. Бұл кезең ішінде шарт жасалғаннан кейін клиент сақтандыру шартын бұзып, өз жарнасын толық мөлшерде алып кетуге құқылы», деп кеңестің баспасөз-қызметінің хабарламасында айтылады.

Өткізілген кездесулер нәтижесінде үкіметке халықаралық тәжірибесін, оның ішінде ЕО және ЕАЭО елдерінің тәжірибесін ескере отырып, сақтандыруда реферальдік жүйесін пайдалану мәселелерін реттейтін құжат жобасын жасау туралы ұсыныспен ақпараттық хат жолданды.

Дереккөзі:  https://news.tut.by/economics/602449.html?crnd=19885

Фотосурет http://dvestrahovki.ru, gtrk-saratov.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Немерелер үшін аннуитетті сатып алу керек пе?
Немерелер үшін аннуитетті сатып алу керек пе?

Әжелер мен аталар өз немерелерін балаларына қ...

Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды
Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды

"Тинькофф сақтандыру" АҚ "Тинькофф болашақты с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру