COVID-19 тез жұғады және ауыр аурулар мен қайтыс болуға әкеліп соғуы мүмкін, тіпті созылмалы аурулары жоқ жас адамдар жағдайында да. COVID-19-ға қарсы вакциналар Қазақстанда үлкен, қатаң және мұқият ғылыми зерттеулерден кейін қолданылуға рұқсат берілді.
Вакциналауды екі кезеңмен өткізеді: басында бұлшықет ішіне I компонентті салады. 21-ші күні II компонентті салады.
Екпеден кейін
Вакцинаны салғаннан кейін бірінші-екінші тәулікте кейінгі үш күннің ішінде қысқамерзімді жалпы реакциялар пайда болуы мүмкін. Кейбір адамдарда қалтырау пайда болады, дененің қызуы көтеріледі, екпенің орнында ауырсыну байқалады. Сирек жүрек айну, диспепсия, тәбеттің жоғалуы, кейде аймақтық лимфотүйіндердің кеңеюі болады. Осылай ағза вирустың микро дозасына жауап береді.
Вакцинадан кейін үш күннің ішінде екпенің орнына су тигізбеу қажет, саунаға, моншаға баруға болмайды, алкоголь ішуге болмайды және шамадан тыс физикалық жүктемелерден аулақ болу қажет.
Вакцина орны қызарғанда, ісінгенде, ауырсынғанда гистаминге қарсы заттарды қабылдау керек.
Екпені неліктен міндетті түрде екі кезеңмен алу қажет?
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күн аралықпен екі кезеңмен алу тиіс. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Екпеге қалай жазылуға болады?
1. eGov порталында авторизациядан өту қажет;
2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөліміне өту;
3. Өзіңіздің медициналық ұйымыңызды көрсетіп өтінім қалдыру қажет;
4. Өтінімді қарағаннан кейін медициналық ұйым вакциналауды өткізудің күні мен уақытын анықтайды;
5. Өтінім мәртебесі туралы хабарламаны, вакциналаудың күні мен уақытын жеке кабинетте – «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қарауға болады;
6. Телефонға екпені алудың күні мен уақыты көрсетілген қосымша SMS-хабарлама келіп түседі.
Сонымен қатар жеке кабинетте учаскелік дәрігерге қабылдауға жазылуға болады (ескертпеге мақсатты көрсету қажет – КВИ-ге қарсы екпені алу)
Өзіңізбен қандай құжаттарды алу керек?
Емханаға өзіңізбен бірге жеке куәлікті алу қажет.
Екпе қалай жасалады?
Вакцина алуға шамамен бір сағат бос уақыт қажет:
- 10 минут. Егу алдында дәрігердің қарауы.
- Шамамен 15 минут. Препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақталады, препарат процедура алдында ерітіледі.
- 30 минут. Егуден кейінгі бақылау.
Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз не?
Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – бұл вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу және үздіксіз жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық).
Вакцина коронавирустың басқа штаммдарынан қорғай ма?
Қазіргі таңда жүргізілген зерттеулер вакцинаның коронавирустың жаңадан пайда болған штаммдарына қарсы тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ, адамдар неғұрлым жылдамырақ вакцина қабылдайтын болса, соғұрлым коронавирустың жаңа штаммдары пайда болуының ықтымалдығы төменірек болатынын ескеру керек. Дәл осы себеппен бүткіл халықты вакциналау маңызды.
Сурет ашық дереккөздерден