bs-preloader__icon
ru kz en

8 наурызда не сыйлауға болады

Prodengi.kz редакциясы сыйлықтар тізімін дайындады, олардың арасынан сіздің екінші жартыңыздың үмітін ақтайтын бір сыйлық табылатыны анық
8 наурызда не сыйлауға болады

Өткен жылы Ozon.ru сауалнама жүргізіп, әйелдер сыйлық ретінде көргісі келмейтін нәрселердің антирейтингін жасаған болатын. Мысалы, әйелдердің көпшілігі ас үйге қажет сыйлықтарға қарсы. Жақсы кастрөл немесе жаңа миксер, әрине, қолайлы сыйлықтар, бірақ олар қуаныш әкелмейді. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің оннан бір бөлігі сыйлық ретінде киім алғысы келмейді. Қажет затты қалыптасқан стильге жарастыру қиын. Ханымдарға тәттілер де ұнамайды, өйткені олардың көбісі сыртқы түріне алаңдайды. Гүлшоғы – барлық әйелдердің қалаған сыйлығы емес. Оның түсініктемелері әртүрлі: тез солып қалады, тым қалыпты, қымбат.

Фотосессия

Жақсы фотосуреттер көптеген жылдар бойы есте қалады. Фотосуреттер естеліктерді сақтауға көмектеседі. Фотосессияны мереке күні өткізуге болады, сонда бүкіл күн басқа форматта өтеді.

Флорариум

Флорариум – бұл үстел үсті шағын бақтар, шыны колбадағы немесе бокалдағы джунгли. Флорариумды кәсіби флористтен сатып алуға болады, бірақ өзіңіз де жасай аласыз.

Шеберлік класы

Алушының қызығушылықтарын ескерумен шеберлік класы – аспаздық, флористика, би, сурет өнері, қыш құмыра ісі, актерлік шеберлік, музыкалық аспаптарда ойнау немесе вокал.

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдар жұптарды біріктіреді. Зергерлік бұйымдар – бұл ұтылыссыз нұсқа: олар жасына, қалауына және әлеуметтік деңгейіне қарамастан, барлық әйелдерге ұнайды. Және де бірдей зергерлік бұйымдар киімнің көптеген стильдеріне жарасады.

Саяхат

Мұндай сыйлықты барлығы армандайтыны сөзсіз! Бірақ бәрі бюджетке сай – бұл таудағы серуен немесе бірнеше айдан кейін жылы елдерге сапар болуы мүмкін.

Атпен серуендеу

Мерке күні атқорасы бар турбазаға баруға немесе орман ішінде, не манежде атпен серуендеуге сертификат алуға болады.

СПА орталығы

Процедуралар жиынтығына немесе бөлек бір нәрсеге – уқалаудың белгілі бір түріне, қолдарға, бетке немесе аяқтарға арналған СПА процедураларына немесе әртүрлі ағаш түрлерінен жасалған фитобөшкеде шомылуға сертификат сатып алуға болады.

Фото ашық дереккөздерден алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Никас Сафронов кесілген саусағы үшін 9 млн. алды
Никас Сафронов кесілген саусағы үшін 9 млн. алды

Суретші Никас Сафронов қаңтар айында екі рет ж...

Адамдар Қазақстанда және әлемде қанша жыл зейнеткерлікте өмір сүреді
Адамдар Қазақстанда және әлемде қанша жыл зейнеткерлікте өмір сүреді

Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізіп, халықт...

Диетолог күзде иммунитетті нығайтуға арналған өнімдерді атады
Диетолог күзде иммунитетті нығайтуға арналған өнімдерді атады

Дәрігер-диетолог, медицина ғылымдарының докто...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру