Азияның сақтандыру нарығының өсу қарқыны американдық нарығының өсуінен едәуір асады. 2017 жылғы нәтижелері бойынша Солтүстік Американың сақтандыру нарығы 2016 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді, ал Азияның нарығы осы кезде 14,7%-ға өсті.
Мысалы, 2017 жылы Қытай әлемнің ең ірі сақтандыру нарықтарының тізімінде екінші орынға ие болды, бір жыл бұрын бұл орынды Жапония иеленген болатын. Былтырғы жылда өмірді сақтандыру нарығы бұл елде 21%-ға өсті, ал соңғы он жылдықта бұл салада ол орташа есеппен алғанда 14%-ға ғана өсетін. Бұл көбінесе өмірді және денсаулықты сақтандыру саласы есебінен болған. Қытайдың үлесіне дамып келе жатқан нарықтарда өмірді сақтандыру бойынша барлық сыйлықақыларының жартысынан көп бөлігі жатады, бұл бүкіл әлемдік мөлшерінің 11% құрайды. Swiss Re ірі халықаралық сақтандырушы Қытайда өсудің жоғары қарқынының арқасында өмірді сақтандыру бойынша жаһандық сыйлықақылары өсетін болады, деп болжамдайды.
Қазіргі таңда бұл елде 150 сақтандыру компаниясынан артық, оның ішінде шетелдік компаниялар қызмет етеді. Нарықтың жартысынан артығын екі сақтандыру компаниясы: China Life Insurance және Ping An Insurance компаниялары әрекет етеді. Олар Forbes нұсқасы бойынша ең ірі он сақтандырушылар қатарына енеді.
Қытайда міндетті сақтандырудың бес түрі бар:
1. Базалық зейнетақы сақтандыру;
2. Базалық медициналық сақтандыру;
3. Өндірістік жарақаттардан сақтандыру;
4. Жұмыссыздықтан сақтандыру;
5. Баланың туылу жағдайын сақтандыру.
Сол арада Қытайдың артынан Жапонияның сақтандыру нарығы да қарқынды түрде дамып келеді. Оның негізін өмірді сақтандыру құрайды. Бұның себебі – елдегі жер сілкінісінің үлкен ықтималдылығы, сондықтан бұл тәуекел стандартты сақтандыру шартына кірмейді және жеке полис ретінде ресімделеді.
Израильде әрбір тұрғын аурухананың кассасында сақтандырылған, бұл тұрғындар ұжымдық шартты жасайтын сақтандыру компаниясы болып табылады. бұл ретте сақтандыру полисі дәрігердің қабылдауын, талдаулардың тапсырылуын, дәрілер жиынтығын, операциялар және ауруханаға жатқызылуын төлеуді өтейді. Израильде 4 негізгі аурухана кассасы бар, елдің тұрғындары кез келген кассаны таңдауға құқылы. Сақтандыру компаниясының клиенттері ай сайын төлем жасайды – жалақыдан, қарттық немесе мүгедектік бойынша жәрдемақыдан пайызды төлейді.
Аурухана кассалары клиенттерге баламалы медицинаны өтейтін қосымша сақтандыруды, жеке дәрігерге жүгіну мүмкіндігін, хирургты таңдауды және төленетін жиынтықтағы дәрілерге 50% жеңілдікті ұсынады. Израиль тұрғындары қалауынша өз денсаулығын жеке компанияда сақтандыруы мүмкін.
Жеке компаниялар арқылы медициналық сақтандыру Израильде және шетелде операцияларды жасауды, ауыр ауруларды емдеуді, жиынтықта жоқ дәрілерді сатып алуды, органдардың ауытырып орналастыруды қамтиды.
Араб Әмірліктерінде медициналық сақтандыруды тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар басқа елден келгендер де алуға міндетті, мұндай шешім 2002 жылы үкіметпен қабылданған еді. Нәтижесінде сақтандырылғандардың арасында жергілікті тұрғындардан гөрі шетелдік азаматтар көп болды. Араб Әмірлектерінің тұрғындары үйін, үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті, автокөлікті, денсаулықты, өмірді, бизнесті сақтандырады.
2017 жылы Дубайдың Денсаулық сақтау департаменті қызмет сапасын арттырып, ауру-сырқаудың деңгейін төмендету үшін медициналық сақтандыру бағдарламаларын дамыту мақсаты туралы мәлімдеді. Іс-шаралардың бірі міндетті сақтандыру полисіне қатерлі ісіктің үш түрін: сүт безінің, ішектерінің және жатыр мойынының қатерлі ісігін емдеуді енгізу болып табылды.
Дереккөзі: https://vc.ru/finance/56844-obzor-strahovogo-rynka-azii-kitay-prodolzhaet-lidirovat
Фотосурет: sem40.co.il, russian.news.cn сайттарынан алынды.