Жыл сайын Қазақстанда 600 мыңнан астам адам зақым алады, барлық оқшаулаудың жарақаттары арасында балалар жарақаттанушылығы 20%-ды құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Kompetenz" СК ақпараттық-аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес мектеп жасындағы балаларда жарақаттар әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін – биіктен құлау, тұрмыстық күйіктер, сонымен қатар жол-көлік апаттары. Бұл орайда ұл балалар қыздарға қарағанда 2-3 есе жиірек жарақаттанады.
Жыл мезгіліне байланысты жарақаттанушылықтың деңгейі мен түрінің белгілі бір тәуелділігі айқындалған: мысалы, көктемде мектеп (41%), тұрмыстық (36%) және көше жарақаттанушылығы басым болады, ал жазда – спорттық (40%-ға дейін), бірақ тұрмыстық және көше жарақаттанушылығы жоғары деңгейде қалуда. Бұл үдеріс ата-аналардың ұзақ жазғы демалыс кезінде баланы спорт секциясына жазып қойып, оны денсаулықтың пайдасы үшін уақытын тиімді пайдалану ниетімен байланысты.
Орталықтың статистикасына сәйкес 14-жасқа дейінгі балалармен жарақаттардың ең көп саны жауынгерлік өнерімен айналысқан кезде (бокс, дзюдо, карате, самбо) – 37, 8% тіркелген. Екінші орында футбол орналасқан (14%), кейіннен жеңіл атлетикасы және гимнастика (11%), жүзу (10,5%) тіркеледі.
2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін медициналық полистердің иелері алған жарақаттарды талдай келе, жүгінудің жалпы санынан ең көп саны табан буыны мен табанның (мұнда тағы табанның сынуы, шығуы, созылуы, буын мен табанның ашық жарақаты, бұлшықет пен сіңірдің жарақаты жатады) жарақатымен – 29% оқиға тіркелген, тізе мен жіліншік жарақаты 21%, білезік пен білектің жарақаты – 9,1 % , шынтақ пен жіліншік жарақаты – 8,5 %, жамбас буыны жарақаты (8,5%), содан кейін төс қуысы (7,7) және бас жарақаты (7,7%), омыртқа жарақаты (2 %) болды. Осыдан кейін барлық алған жарақаттардың жартысынан көбі аяқ (58,5%) жарақаты, ал қолдар сирек (17,6%) жарақаттанады деген қорытынды жасауға болады.
Сүйек сынығына барлық жарақаттың 14% пайызы сәйкес келеді.
Осындай жағдайды алдын алу үшін және балалар мен азаматтарға оңалту мен қаржылық көмек көрсету үшін ең жақсы жағдайларды ұсыну үшін өмірді сақтандыру бойынша қазақстандық компаниялар жарақаттан сақтандыру бойынша өз қызметтерін ұсынады.
Мысалы, «Казкоммерц-Life» ӨСК» АҚ «АМУЛЕТ-LIFE» өмірді мерзімді сақтандыру бағдарламасы мен «LIFE-ҚОРҒАУ» жазатайым оқиғадан бір жылға сақтандыру бағдарламасы сияқты өнімдерді ұсынады. Бұл өнімдер қосымша сақтандыру төлемдерін – жазатайым оқиға нәтижесінде дене жарақатын алған кездегі сақтандыру төлемдерін қамтиды. Бірінші жағдайда 2-65 жас аралығындағы кез келген адамды, ал «LIFE-ҚОРҒАУ» бағдарламасы шеңберінде 6 жастан бастап зейнеткер жасына дейін адамды сақтандыруға болады. Әрбір бағдарламаның өзіндік ерекшеліктері бар.
«Asia Life» ӨСК» АҚ "Азия – Қорғау" бағдарламасымен 2 мен 65 жас аралығындағы балалар мен ересектердің денсаулығы мен өмірімен байланысты күтпеген жағдайлардың туындап қалғанда сақтандыру қорғауын береді.
«Nomad Life» ӨСК» АҚ, өз кезегінде, «Белсенді бала» бағдарламасын әзірледі – бұл жазатайым оқиғадан ерікті сақтандыру. Бағдарлама бір жылдың ішінде 1 000 000 теңгеге қорғайды. Сақтандыру полисі денсаулығында қиындықтары жоқ, шартты жасасқан сәтінде жасы 7-17 аралығындағы кез келген балаға ресімделуі мүмкін.
Дереккөздері: https://www.zakon.kz/4923154-kakie-travmy-chashche-vsego-poluchayut.html,
http://www.kklife.kz/chastnym-litsam/amulet-life/, http://www.kklife.kz/chastnym-litsam/life-khorghau/,
http://www.asia-life.kz/urgent-insurance/asia-korgau/,
http://www.nomadlife.kz/personal-inshurance/srochnoe-strahovanie/aktivnyiy-rebenok/,
Фотосуреттер vedom.ru, sputnik.by сайттарынан алынды.