bs-preloader__icon
ru kz

Ресейлік өмірді инвестициялық сақтандыру нарығын қалпына келтіру күтіп тұр

Өмірді сақтандыру нарығы ең жақсы қалыпта емес. Мәселе мынада, соңғы 5 жылдың ішінде сақтандыру нарығының козғаушы күші өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) болды. Бұл бір жолғы жарнамен өнім – клиент полисті 3 жылдан 7 жылға дейін мерзімге сатып алады және бүткіл соманы бірден инвестициялайды. Осылайша, өмірді инвестициялық сақтандыруға адамдар қаражатты ағымдағы кірістерден емес, қалыптасқан жинақтардан салады, деп жазады АиФ.
Ресейлік өмірді инвестициялық сақтандыру нарығын қалпына келтіру күтіп тұр

Ресейде жинақтар құрылымы, өз кезегінде өте айрықша –онда қолма-қол ақшаның және банк салымдарының үлесі өте жоғары – 80%-дан артық. Ал баламалы құралдарға – бағалы қағаздар, өмірді сақтандыру, мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз ету, үлеспұлдық инвестициялық қорлар, сенімгерлікпен басқаруға 20%-дан кем келеді. Батыста жинақтар анағұрлым әртараптандырылған.

РФ-да небәрі 2%-ды (халықтың жинақтары көлемінде өмірді сақтандырушылар резервінің үлесі) құрайтын дәл сол өмірді сақтандыру батыс мемлекеттер қатарында 20%-дан асады. Бір жағынан бұл біздің нарығымыздың келешегін білдіреді, ал екінші жағынан – ресейлік өмірді сақтандыру нарығы нақты табыстардың азаюына байланысты өзгерістерді неліктен қатты сезінбейтінін түсіндіреді. Біз, мысалы, басқарушы компаниялар секілді халықтың табысына емес, жинақтарына жүгінеміз.

РФ Орталық банкі күрделі инвестициялық өнімдерге ақша салуды ойластырып жүрген азаматтарды алдын-ала тестілеу қажеттігі туралы айтты.

Дереккөзі:https://stav.aif.ru/money/details/sber_rynok_investicionnogo_strahovaniya_zhizni_zhdyot_ozdorovlenie

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жылдың басынан Қазақстанның өндірісінде 300-ден астам адам зардап шекті
Жылдың басынан Қазақстанның өндірісінде 300-ден астам адам зардап шекті

Зардап шеккен адамдардың ең көп саны тау-кен м...

Белсенді кәрілікке жинақтаудың тексерілген тәсілдері
Белсенді кәрілікке жинақтаудың тексерілген тәсілдері

Мемлекетке сеніп, өзің де қол қусырып отырма, д...

Ресейде сақтандырудың жаңа түрі сатыла бастады
Ресейде сақтандырудың жаңа түрі сатыла бастады

Ресейлік сақтандыру компаниялары жаңа жылдан ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру