bs-preloader__icon
ru kz en

Ресейде және Қазақстанда сақтандыру нарықтарының өсуі көбінесе өмір мен денсаулықты сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Батыс Еуропаға қарағанда, ол жақта мүлік пен жауапкершілікті сақтандыру нарығы ғана кішігірім өсуді көрсетті. «Онкосақтандыру» ресейлік жобаның негізін қалаушысы Сергей Катаргин сақтандыру нарығына жалпы шолу жасады.
Ресейде және Қазақстанда сақтандыру нарықтарының өсуі көбінесе өмір мен денсаулықты сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Осылайша, оның мәліметінше, АҚШ-та ұзақ мерзімді инвестиция және зейнетақы қорларының ұқсастығы ретінде пайдаланылатын өмірді сақтандыру басқа қаржы құралдарымен салыстырғанда, өзінің табыстылығы мен тартымдылығын жоғалтып отыр. Американдық үкімет сақтандырушылардың клиенттеріне көбірек еркіндік беріп өмірді сақтандыруға қатысты заңнаманы күшейтуді жоспарлап отыр. Бұның бәрі нарықта жағымсыз болжамдарды туғызады. Сол арада Германия өмірді және зейнетақы қорларын сақтандыру бойынша Британия, Франция және Италиямен бірге ірі еуропалық нарықтың төрттікке енеді. Франция жайында айтқанда, бұл ел сақтандыру нарығын ынталандыру үшін салық жеңілдіктерін белсенді түрде қолданады. Соның арқасында Францияда зейнетақы қорларын қалыптастыру үшін пайдаланылатын өмірді сақтандыру кеңінен таралған. Біріншіден, зейнетақы сақтандыру бағдарламалары азаматтарға банктік салымдардан гөрі үлкен пайданы келтіреді. Екіншіден, егер азамат сақтандырушыдан барлық зейнетақы қорларын алып кетуге бел буса, онда ол алуға үлгерген пайданың салығын ғана төлейді

Ал Британияда өмірді инвестициялық деп аталатын, немесе зейнетақылы сақтандыру кеңінен таралған. Азамат жұмыс істеген кезінде, ол немесе оның жұмыс берушісі жеке сақтандыру компаниясына жарналарды төлейді. Клиент зейнеткерлікке шыққаннан кейін сақтандыру компаниясы оған немесе жинақталған жарналардың сомасын қайтарады, немесе жинақталған сомасынан белгілі бір пайызға тең ай сайынғы төлемдерді жасайды. Осындай төлемдерді алу үшін бұрын annuity – арнайы өмір бойғы полисін сатып алу қажет болатын. 2015 жылы Біріккен Корольдікте бұл норма өзгертілген болатын: елдің үкіметі «зейнеткерлік еркіндік» деп аталатын саясатты белгіледі. Бұрын егер азамат 55 жасқа толған кезде, сақтандырушыдан өзінің зейнетақы қорын алуға бел буса, ол бүкіл соманың тек 25% пайызын ғана тегін ала алатын еді. Қалған бөлігін шоттан алған кезде, оған 55% пайызға тең арнайы салық салынатын. «Зейнеткерлік еркіндікті» енгізгеннен кейін бұл салық жай табыс салығымен ауыстырылды, бұл барлық зейнеткерлік қорды бірден шешіп алу үшін айыппұлды азайтты. Сонымен қатар зейнеткерлерге зейнетақы қорлары негізінде тұрақты төлемдердің бірнеше нұсқалары, оның ішінде annuity сатып алмай-ақ, қолжетімді болды. Заңнаманың өзгеруіне байланысты өмір бойғы полистерді сатып алушылардың саны екі жылдың ішінде 91% пайызға азайды, бұл сақтандыру компанияларының жағдайын төмендетті.

Ресейде нарық өсуінің жалғыз драйвері өмірді сақтандыру болып табылады: 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 60% пайызға (2016 жылғы 1-жартыжылдығында – 88 млрд рубль, 2017 ж. 1-жартыжылдығында – 141 млрд рубль) өсті. Басқа түрлер бойынша оң динамикасы байқалмайды, Сергей Катаргиннің шолуында көрсетіледі. Ресейлі сақтандыру нарығының әлеуеті үлкен, бірақ кедергі келтіретін негізгі факторларға қаржылық сауатсыздық пен сақтандыру институтына жалпы сенімсіздік жатады.
Сонымен қатар шолу авторы әлемнің барлық елдерінде көп жылдық трендті атап өтті. Бұл полистерді онлайн сатуға көшу және сақтандыру компанияларының IT-инфрақұрылымын құруға елеулі шығындары. Ең алдымен интернетке едәуір стандартталған өнімдерді ауыстырады: көліктер мен жылжымайтын мүлікке сақтандыру. Бұл салада көшбасшы ретінде Британияны атауға болады, бұл елде көліктерге полистердің 50% пайыздан жоғары және жылжымайтын мүлікке шамамен 25% сақтандыру полисін жеке тұлғалар желіде сатып алуда. Мобильді сервистер Африка, Азия және Оңтүстік Америкада жылдам дамиды. Бұл елдердің тұрғындары Интернет желісіне тек телефоннан ғана шыға алады.

Дегенмен, сақтандырудың диджитализация нарығы үрдісі жалпы баяау дамып келе жатқаны шолуда атап көрсетіледі. Бұл дамушы елдердегі кедейлікпен және шектеулі интернетке қол жеткізумен ғана емес, сонымен қатар заң шығарушылық шектеулермен де, және, мысалы, Америкадағы шағын сақтандыру компанияларының IT-инфрақұрылымын қамсыздандыруға шығындарды көтеруге дайын еместігімен байланысты.

Сонымен қатар полистердің тікелей онлайн-сатулары брокерлердің желісіне жұмыс істеуге кедергі жасайды, бұл дамыған елдердегі сақтандыру компаниялары үшін қиындық туғызады. Оның үстіне мәдени мәселе де бар: күрделі өнімдерге, атап айтқанда денсаулықты сақтандыру өніміне қатысты жағдайда көптеген сатып алушыларға полистің шарттары мен ерекшеліктеріне қатысты мәселені өз бетінше интернеттен іздегенше, оны брокермен талқылауға болады. Мүмкін, бұл мәселе көмекші-боттарды енгізу арқылы шешілетін шығар: Accenture сауалнамасына сәйкес адамдардың 71% пайызы сақтандыру полисін онлайн режимінде таңдау барысында боттың кеңестерін пайдалануға дайын екен.

Дереккөзі: https://vc.ru/31955-globalnyy-rynok-strahovaniya-obzor-tekushchey-situacii 

Фотосуреттер http://ptel.cz, http://fiveptsins.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
35 жастағы адамдардың негізсіз жастық оптимисттілігі
35 жастағы адамдардың негізсіз жастық оптимисттілігі

35 жастағы адамдардың қазіргі буыны алдыңғы бу...

Қазақстандықтар жиі зиянды өндіріске жұмыс істеуге баруда
Қазақстандықтар жиі зиянды өндіріске жұмыс істеуге баруда

Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру