bs-preloader__icon
ru kz

Альфа-Банк Қазақстан мобильді қосымшаға Nomad Life өнімдерін сатуды қосты

Альфа-Банк Қазақстан жеке тұлғалар үшін мобильді қосымшада өмірді ерікті сақтандыру полистерін рәсімдеуге болады.
Альфа-Банк Қазақстан мобильді қосымшаға Nomad Life өнімдерін сатуды қосты

«Альфа-Банк» АҚ ЕБ қазақстандық банктерден бірінші болып жеке тұлғалар үшін мобильді қосымшада Nomad Life өмірді сақтандырудың жетекші компаниясынан «ZOLOTO NOMADOV Invest (Unit linked), «ZOLOTO NOMADOV» және «Capital» өмірді сақтандырудың валюталық бағдарламаларын рәсімдеу мүмкіншілігін іске асырды.

«Альфа-Банк Қазақстан» жеке тұлғалар үшін мобильдік қосымшаның «Инвестициялар» бөлімінде Nomad Life-тан өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) және сыйақының кепілдендірілген мөлшерлемесімен өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) шарттарын рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды.

Бұл бағдарламалар банктік депозиттерге балама болып табылады және сақтандыру мен инвестициялау опцияларын біріктіреді, ол сіздің жинақтарыңызды болашаққа қамқорлықпен көбейтуге мүмкіндік береді. Сақтандыру сыйлықақысын бір жолғы төлеммен (Unit linked үшін) немесе бөліктермен – ай сайын, тоқсан сайын не жыл сайын (ӨЖС үшін) енгізуге болады.

«Біз мобильдік қосымшамызға дайын инвестициялық шешімді шығардық – енді клиенттер бір-екі қимыл жасап-ақ, өмірді инвестициялық немесе жинақтаушы сақтандырудың валюталық полистерін рәсімдей алады. Мобильді банкингте ӨИС және ӨЖС шартын жасау оңай, ыңғайлы және тиімді. Қазір бұл әсіресе өзекті, себебі мұндай қызмет шектелген мерзімде жинақтар жасауға және құнсызданудан жинақтарды сенімгерлікпен сақтауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Альфа-Банктің инвестициялық өнімдер бойынша директоры, Дмитрий Привалов.

3 жылдан аса мерзімге шарттарды жасаған кезде шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасынан 10% мөлшерде (жылына 320 АЕК-ден аспайтын, 2022 жылы 980 160 теңгеге тең) салық шегерімін қолдануға болатынын білген дұрыс. Мұндай мүмкіншілік клиентте полистің бүткіл қолданылу мерзімі бойы жыл сайын сақталады.

Жинақтаушы сақтандыру бойынша салық жеңілдіктері:

- Шартты бұзған кезде төленетін, сатып алу сомаларына салық салудан босату;

- Өз пайдаңызға, жұбайыңыздың немесе жақын туысыңыздың пайдасына жасалған, сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне салық салудан босату;

- 3 жыл және одан артық мерзімге жасалған, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша төленген, сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне тең сомаға табысқа салық салудан босату (жылына 320 АЕК-ден артық емес).

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру