bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстан халқының саны 19,6 млн адамнан асып түсті

Қазақстан халқының саны 19,6 млн адамнан асып түсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.
Қазақстан халқының саны 19,6 млн адамнан асып түсті

Санақ қорытындысы бойынша қала тұрғындарының үлесі 61,2%-ға дейін өсті, алдыңғы санақ мәліметтерімен салыстырғанда өсім 5%-ды құрады. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8%-ға дейін азайды. Қала тұрғындарының басым бөлігі Қарағанды облысында тұрады – тұрғындардың 80%-ы, яғни 1 млн-нан астам адам. Керісінше, қалалықтар саны ең аз аймақ – Түркістан облысы. Мұнда барлығы 498 мың адам немесе облыс тұрғындарының 24,3%-ы қалалық жерде тұрады.

«Урбанизация – экономиканың индустрияландырылуы мен жұмыс күшінің өнімді салаларға ауысуына байланысты болатын әлемдік процесс. Әдетте, азаматтар ауылдан қалаға білім алу, мамандығы бойынша жұмыс істеу және әл-ауқатын жақсарту үшін көшеді. Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде қала халқының ең көп өсімі еліміздің 6 өңірінде байқалды – Ақмола, Ақтөбе, БҚО, ШҚО, СҚО, Қызылорда облыстарында. Ал елорда халқы екі есе өсті», – дейді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.

Алдыңғы санақ қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда 619 мың адам тұрып жатқан, 2021 жылғы санақ кезінде еліміздің бас қаласындағы халық саны 1,23 млн адамды құрады.

Қазақстандағы әйелдер саны бұрынғыдай ерлер санынан басым. Санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Егер пайызбен айтар болсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдер үлесі – 51,4% (9 861 175 адам) құрады. Осылайша, Қазақстандағы 100 әйелге 99 ер адамнан келеді.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейліктердің 18% ай сайынғы жинақ жасайды – сақтандырушы
Ресейліктердің 18% ай сайынғы жинақ жасайды – сақтандырушы

Көрші ел азаматтарының 18%-ы ай сайын жинақ жаса...

Өмірді сақтандыру нарығының келешегі
Өмірді сақтандыру нарығының келешегі

Өмірді сақтандыру нарығы үш негізгі проблеман...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру