bs-preloader__icon
ru kz

Фридом Финанс сақтандыру холдингі мәртебесін иемденуге келісім алды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы «Фридом Финанс» АҚ-ға «Freedom Finance Life Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ және «Freedom Finance Insurance Сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру холдингі мәртебесін иемденуге келісім берді. Холдинг қазыналық 2022 жылдың аяқталуына дейін мәмілелерді аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Фридом Финанс сақтандыру холдингі мәртебесін иемденуге келісім алды

«Реттеуіштен сақтандыру холдингінің мәртебесін алу бізге танымал сақтандыру өнімдерінің желісі арқасында тұтынушы қаржы қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз сонымен қатар, сақтандыру компаниялары Қазақстанда біздің коммерциялық банктік және бөлшек брокерлік бизнесімізбен ымыра құру үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз. Бұл мүмкін болады, себебі біз клиенттерге жоғары сапалы инновациялық қызметтерді беруге арналған, активтер портфелімізді ұлғайтуды жалғастырып жатырмыз», деп пікір білдірді «Фридом Финанс» АҚ-ның басқарма төрағасы Сергей Лукьянов.

Осылайша, бүгінгі күні Қазақстанда Freedom Holding Corp. келесі қаржы институттары болып жұмыс істейді: «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global PLC, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, Freedom Finance Life, Freedom Finance Insurance.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Halyk-Life жыл сайынғы журналистер байқауының басталғанын жариялады
Halyk-Life жыл сайынғы журналистер байқауының басталғанын жариялады

Halyk-Life Қазақстан Республикасында өмірді сақта...

Халық-Life ӨСК елдегі ең табысты сақтандыру компаниясына айналды
Халық-Life ӨСК елдегі ең табысты сақтандыру компаниясына айналды

Қазақстанның сақтандыру секторында алғаш рет ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру