bs-preloader__icon
ru kz

Реттеуші сақтандырушылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынады

Қазақстанда түрлі қаржы ұйымдары үшін талаптардыераықтандыруға бағытталған түзетулер қабылдау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Абылкасымова айтты.
Реттеуші сақтандырушылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынады

2024 жылғы бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша елдің сақтандыру секторын 24 сақтандыру ұйымы ұсынады, оның тоғызы өмірді сақтандыру бойынша. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2024 жылғы тамыздың қорытындылары бойынша негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 1,9% - ға 2,8 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бастап 11,1% - ға өсу) ұлғайды.

"Сақтандыру нарығын дамыту үшін сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірқатар бастамалар көзделген. Атап айтқанда, IT-саладағы сақтандыру ұйымдарының қызмет түрлері мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылады. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді дербес әзірлей алады және оларға еншілес IT-компанияларды сатып алу құқығы беріледі", – деді Мадина Абылкасымова.

Қаржы реттеушісінің басшысы ФАТФ стандарттарына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын, терроризм мен экстремизмді таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың сақтандыру брокерінің капиталына қатысуы (акцияларға иелік етуі) бойынша талап белгіленетінін айтты.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әйел қайтыс болған жағдайға жоспар барма?
Әйел қайтыс болған жағдайға жоспар барма?

Дәл осындай тақырыппен осыдан тура 20 жыл бұрын...

Сақтандыру саласының болашағы қандай стартаптарға байланысты болмақ
Сақтандыру саласының болашағы қандай стартаптарға байланысты болмақ

Сақтандыру саласы жаңа технологияларға зәру. ...

Мидың жұмысын жақсартатын сусындар аталды
Мидың жұмысын жақсартатын сусындар аталды

Ұзақ өзін-өзі оқшаулау кезінде тіпті ең қуатты...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру