bs-preloader__icon
ru kz en

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін берді

2022 жылғы 16 тамызда Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі (бұдан әрі- Агенттік) «Халық-Life» АҚ-на (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ–» деңгейінде және қазақстандық ұлттық меже бойынша «kzAAA» рейтингісін берді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты».
Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін берді

Агенттік сарапшылары қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында «Халық-Life» АҚ-ның жетекшілік ұстанымдары мен пайданың жақсы көрсеткіштерін, сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Халық Банк) («BB+»/Тұрақты/B) стратегиялық маңызды еншілес компаниясы болып табылатынын атап өтті.

«Біздің Компаниямыз халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген қаржылық тұрақтылық рейтингісіне ие. Дегенмен, агенттігі тарапынан жоғары рейтингтің берілуі Компанияның Қазақстан нарығындағы сенімді ұстанымдарын тағы да дәлелдейді. Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені алынған рейтинг елдегі өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады және бүгінгі күні Компаниямыздың саланың көшбасшы екенін растайды. Агенттік хабарламасында атап өтілгендей, «Халық-Life» АҚ-ның кредит төлеу қабілеттілігінің сипаттамаларына оның тәжірибелі басқару командасы, тәуекел-менеджменттің қалыптасқан тәжірибесі және қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін өтімділіктің елеулі қорлары оң әсер етті. Біз өз клиенттеріміздің алдындағы міндеттемелерді тиімді орындау үшін Компанияның әлеуетін одан әрі дамытуға ниеттіміз», - деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары А.З.Джексембаев.

Агенттік сарапшылары сондай-ақ, «Халық-Life» АҚ-ның нарықтағы мықты ұстанымдары мен мол тәжірибесін, сондай-ақ Компанияның айтарлықтай дамыған дистрибуция желісі мен Қазақстандағы ірі қаржы тобымен қауымдастырылған жақсы танымал бренді бар екенін атап өтті. «Халык-Life» АҚ өмірді сақтандыру бойынша қызметтерді ұсынатын ірі Компания болып табылады, сонымен қатар қол қойылған сақтандыру сыйлықақысы-брутто көлемі бойынша нарықтағы үлесі 33%-ды, ал активтер көлемі бойынша 30% құрайды.

Компания 2018-2021 жылдары бизнестің айтарлықтай өсімін көрсетті. Агенттіктің болжамдары бойынша 2022 жылы «Халық-Life» АҚ-ның бизнес көлемі күрделі макроэкономикалық жағдайды және банктік сақтандыруды реттеудің өзгеруін (қарыз алушылар үшін сақтандыру компаниясын бірнеше нұсқадан таңдау мүмкіндігін қоса алғанда) ескере отырып, шамамен сол деңгейде сақталатын болады. Алайда, 2023-2024 жылдары бұл өсім нарық бойынша орташа мәндерге сәйкес 10-15% шегінде болады күтілуде.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Не үшін өмірді сақтандыру қажет
Не үшін өмірді сақтандыру қажет

Өз денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілікті ...

Сақтандыру қорғауы бар жаңа жылдық сыйлық
Сақтандыру қорғауы бар жаңа жылдық сыйлық

Желтоқсан – бұл әрқашан қиын жылдың соңы, ол к...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру