OECD Education at a Glance халықаралық зерттеуінің деректеріне сәйкес, ЭЫДҰ елдерінде жоғары білімі бар ересектер толық орта білімі ғана бар адамдарға қарағанда орта есеппен 54%-ға көп табыс табады. Сондықтан да бүгінде көптеген отбасылар балаларын университетке түсіруден әлдеқайда бұрын білім ақысын жоспарлай бастайды.
Әртүрлі елдерде жоғары білімнің құны бірнеше есе айырмашылық жасайды. Кейбір мемлекеттерде университеттер негізінен бюджет есебінен қаржыландырылса, басқаларында шығынның едәуір бөлігі студенттер мен олардың отбасыларына жүктеледі.
OECD деректері бойынша, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Канада, Колумбия, АҚШ, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдер кіретін ЭЫДҰ елдерінде оқу құны жылына шамамен 1100-ден 4500 АҚШ долларына дейін өзгереді. Сонымен қатар бір студентке шаққандағы мемлекеттік және жеке инвестициялар жылына шамамен 17 600 АҚШ долларын құрайды.
Білімнің қымбаттығына қарамастан, университет дипломы еңбек нарығында әлі де айтарлықтай артықшылық береді. OECD деректеріне сәйкес, жоғары білімі бар адамдар мен тек мектеп бітіргендердің табысы арасындағы айырмашылық дамыған елдердің көпшілігінде елеулі болып қала береді. Университет дипломы — тек білім көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар адамның бүкіл мансабы бойында табысын арттыра алатын экономикалық актив.
Білім алудың жасырын шығындары
Көп жағдайда отбасылар білім құнын бағалағанда тек университеттегі оқу ақысына ғана назар аударады. Алайда іс жүзінде шығындар әлдеқайда жоғары болады. Университетке дайындық көбіне репетиторлар, арнайы курстар және тілдік емтихандарды қамтиды. Егер оқу орны басқа қалада немесе елде болса, оған тұрғын үй мен тамақ шығындары қосылады. Сонымен қатар оқу материалдары, техника және басқа да қосымша шығындар да бюджетке айтарлықтай әсер етеді.
Тіпті бала өз қаласындағы университетте оқып, үйде тұрғанның өзінде де, отбасының шығындары тек оқу ақысымен шектелмейді. Мысалы, егер оқу құны жылына шамамен 1 млн теңге болса, төрт жылдық бакалавриатқа отбасы шамамен 4 млн теңге жұмсайды. Бұған қоса оқу материалдары мен дайындық курстары үшін тағы бірнеше жүз мың теңге қосылуы мүмкін.
Егер оқу Қазақстанның басқа қаласында өтсе, шығындар артады. Жалдамалы тұрғын үй, тамақ және күнделікті қажеттіліктерге орта есеппен айына 200–300 мың теңге жұмсалуы мүмкін. Бұл жағдайда төрт жылдық оқу кезеңінде отбасының жалпы шығыны 12–15 млн теңгеге дейін жетуі ықтимал.
Шетелде оқу шығындары бұдан да жоғары. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік университеттердегі оқу құны жылына орта есеппен 9,6 мың доллар болса, жекеменшік университеттерде 34 мың доллардан асады. Бұған тұру, медициналық сақтандыру, тамақ және көлік шығындарын қоссақ, жылдық жалпы бюджет 25–40 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл Қазақстандағы студенттік өмір құнынан бірнеше есе жоғары.
Көптеген отбасыларда білімге жұмсалатын шығындар баланың университетке түсуіне жақын жылдарына шоғырланады. Алайда қаржы сарапшылары ұзақ мерзімді жоспарлаудың маңызын жиі атап өтеді. Егер білім шығындарын ұзақ кезеңге бөліп жоспарласа, отбасыға түсетін қаржылық жүктеме айтарлықтай азаяды. Бұл тәсіл білім беру капиталын біртіндеп жинақтауға мүмкіндік береді.
«Келешек» бағдарламасы қалай жұмыс істейді
«Freedom Life» мамандары орташа отбасы үшін жинақ есебінің мысалын келтіреді. Асхат 35 жаста, отбасылы, екі баласы бар. Үлкен баласы бес жаста, яғни университетке түсуіне шамамен он үш жыл бар.
Асхаттың айлық табысы — 500 мың теңге. Ол үлкен баласының оқуына қаражат жинауды жоспарлап отыр. Беделді жоғары оқу орнындағы оқу құны жылына шамамен 1 млн теңге. Төрт жылдық бакалавриатқа жалпы шығын шамамен 4 млн теңгені құрайды.
Асхат қаражатты мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі «Келешек» аясындағы өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) бағдарламасы арқылы жинауды шешіп, 12 жыл мерзімге шарт жасайды.
Өмірді сақтандыру компаниясымен шарт жасалған кезде мемлекет ағымдағы жылы 5 жасқа толған балалар үшін 60 АЕК көлемінде бастапқы капитал береді. 2026 жылы 1 АЕК — 4325 теңге, демек бастапқы капитал 259 500 теңгені құрайды. Бұл қаражатты сақтау үшін жыл сайын кемінде 24 АЕК (жылына 103,8 мың теңге немесе айына 8,6 мың теңге) көлемінде жарна енгізу қажет.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, жинаққа жыл сайын 5% көлемінде мемлекеттік сыйақы (әлеуметтік осал санатқа жатпайтын балалар үшін) және өмірді сақтандыру компаниясы тарапынан жылына 8%-ға дейін кепілдендірілген инвестициялық табыс есептеледі.
4 млн теңге жинау үшін Асхат ай сайын 15 мың теңгеден тұрақты жарна төлей бастайды. Бұл оның айлық табысының 3%-ын құрайды. 12 жыл ішінде отбасының өз жинағы 2 160 000 теңге болады. Оған мемлекеттен берілетін бастапқы капитал, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және сақтандыру компаниясының инвестициялық табысы қосылады.
Нәтижесінде жинақ мерзімі аяқталған кезде жалпы сома 4 жылдық оқу құнынан асып, шамамен 6 304 300 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл жағдайда қалған қаражатты Асхат басқа мақсаттарға пайдалана алады.
Көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мемлекет беретін бастапқы капитал 120 АЕК, ал жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы 7% құрайды. Ең төменгі жылдық жарна — 12 АЕК (51,9 мың теңге).
Бағдарламаның негізгі артықшылығы — сақтандыру қорғанысы. Сақтандыру жағдайы орын алса, өмірді сақтандыру компаниясы шартта көзделген көлемде баланың оқуына төлем жасайды, енгізілген жарналар санына қарамастан. Жинақ мерзімі аяқталғаннан кейін төлемдер біржолғы немесе оқу жылдары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер бала грантқа түссе, жиналған қаражатты алып, мысалы, кіші баланың оқуына жұмсауға болады.
Қаржылық сервистердің дамуына қарай ұзақ мерзімді жинақ қалыптастыру тәсілдері де өзгеруде. Бұрын сақтандыру немесе инвестициялық бағдарламаларды рәсімдеу үшін кеңсеге барып, көп құжат жинау қажет болса, бүгінде көптеген өнімдер цифрлық форматқа көшіп жатыр.
Мысалы, жоғары білімге арналған мемлекеттік қолдауы бар Freedom Keleshek өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын бүгінде ffin.life сайтында онлайн рәсімдеп, компаниядан сыйлық алуға болады.
«Ол үшін шартты онлайн жасап, кемінде 30 мың теңге мөлшерінде бастапқы жарнаны төлеу қажет. Төлем жасау үшін Freedom Bank картасын ашу керек (егер карта бар болса, жаңасын ашудың қажеті жоқ). Одан кейін өмірді сақтандыру компаниясының колл-орталығына хабарласып, 10 000 теңге сомасына FRHC.ETN бағалы қағаздарына айырбасталған ақшалай баламадағы сыйлықты алуға болады. Бағалы қағазды алу үшін Freedom Bank-те белсенді ETN шоты болуы тиіс. Көрсетілген сома сақтандыру жарнасының бөлігі болып табылмайды, сақтандыру сыйақысын азайтпайды және маркетингтік науқан аясында бөлек пайдаланылады», — деп атап өтті «Freedom Life» мамандары.
Нәтижесінде білімге арналған жинақ құралдары біртіндеп қаржылық тұрғыдан тиімді ғана емес, сонымен қатар баланың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі — университетке түсуге алдын ала дайындалғысы келетін отбасылар үшін анағұрлым қарапайым әрі қолжетімді бола түсуде.
Фото ашық дереккөздерден


