Жалпы, оның мәліметтері бойынша, 2018 жылғы 9 ай ішінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 130,9 млрд теңгені құрады.
Оның ішінде 70,7 млрд теңге (немесе 54%) зейнетақы жасына толу бойынша төлемдер, 15,5 млрд теңге (немесе 12%) – зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару, 24,6 млрд теңге (немесе 19%) – ҚР аумағынан ТТО (ПМЖ) көшіп кетумен байланысты төлемдер, және 20,1 млрд теңге (немесе 15%) – басқа да бір жолғы төлемдер (мұрагерлерге және жерлеуге) құрады.
Кесте бойынша ең төменгі зейнетақы төлемі (2018 жылда зейнетақы жасына толуына байланысты) 15 273 теңге құрайды, орташа ай сайынғы төлемі – 20 179 теңге, ең жоғары ай сайынғы сома 337 059 теңге құрайды.
БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударымдар зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асырылатындығын естеріңізге саламыз.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы БЖЗҚ салымшыларына әйелдер 50,5 жасқа толғанда (2018 жылы), ерлер 55 жасқа толғанда, жинақтардың жеткілікті мөлшері жиналған жағдайда, зейнетақы жинақтарын пайдаланумен өмір бойғы сақтандыру төлемдері туралы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитет шартын жасасу мүмкіндігін береді. Мұндай шарт бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін, егер олардың мүгедектігі мерзімсіз белгіленген болса, жасасу мүмкін.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқығы бар әйелдердің жасы жыл сайын 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 55 жасқа толғанша, жарты жылға артады.
2018 жылға әйелдер үшін зейнетақы аннуитетінің төменгі құны – 13,5 млн теңге, ерлер үшін – 9,5 млн теңгені құрайды.
Бұрын ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы және сақтандыру аннуитеттері бойынша кепілдікті енгізуді ұсынатындығы туралы хабарланған болатын. Бұл туралы биылғы жылдың мамыр айында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов Қаржы және бюджет жөніндегі комитеті мен «Нұр Отан» партиясының бірлескен мәжілісінде мәлімдеді. Аталған шара, оның ойынша, халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, енгізілуі мүмкін.
Дереккөзі: https://www.enpf.kz/upload/iblock/572/57202b91f062e606352772e6dd572560.pdf
Фото: inform.kz, Strategy2050.kz