bs-preloader__icon
ru kz en

2700 қазақстандықтар БЖЗҚ-нан өздерінің жинақтарын сақтандыру компанияларына аударды

Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 26.7 млрд.теңге құрады.
2700 қазақстандықтар БЖЗҚ-нан өздерінің жинақтарын сақтандыру компанияларына аударды

2017 жылы 2700 астам қазақстандықтар БЖЗҚ-нан өздерінің жинақтарын жалпы 26,7 млрд теңге сомасына сақтандыру компаниясына аударды. Бұл туралы БЖЗҚ-да өткен жылы қор жұмысының қорытындысы бойынша брифингте хабарланды.

Қазақстанда негізінен әрбір сақтандыру компаниясы мерзімнен бұрын зейнетақыны алу үшін өздерінің шарттарын қояды. Бірақ, орта есеппен 50 жаста зейнетке шығу үшін әйел адам 9,7 млн теңге жинақтау керек (2016 жылы 8,8 млн теңге болған). Ал ер адамға 55 жасында зейнеткерлік демалысқа шығу үшін  шотында 6,9 млн теңгеден астам болу керек.  Статистика мәліметтері 2017 жылға келтірілген.

Зейнетақы аннуитеті – бұл сізде БЖЗҚ-да жеткілікті жинақ мөлшері болу шартында, сізге зейнетақыға шығу мерзімінен бұрын зейнетақыны алуға мүмкіндік беретін, сақтандыру компаниясымен жасасқан келісім шарт. Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап әйел адамдардың зейнетақы жасы жыл сайын жарты жылға өседі. Зейнетақы аннуитетін алу үшін әйелдерде зейнетке шығу үшін минималды жас 55 жыл құрайды. 

 БЖЗҚ-да сонымен қатар 2017 -2018 ж басына жүргізілген жұмыстар қорытындыларына есеп берілді:

  • БЖЗҚ-да 1 қаңтарға зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы  7,78 трлн теңге құрады, бір жылда 1,1 трлн теңгейге ұлғайды (өсім 16,4%);
  • Қор салымшыларының саны 10,12 млн дейін, зейнетақы алушылар – 443 мың адамға дейін ұлғайды;
  • Бір жылда қазанстандықтар қор шотына 756,05 млрд теңге салды, орташа жарна мөлшері -15 078 мың теңге;
  • Зейнетақы төлемдерінің сомасы 211,12 млрд теңге құрады;
  • Таза инвестициялық табыс 550,6 млрд теңге құрады;
  • 2018 жылдың қаңтар айына тиісті төлемдері үшін барлығы 38 329 адам  жүгінді.

Автор: Кирилл Жданов

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды
Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды

"Тинькофф сақтандыру" АҚ "Тинькофф болашақты с...

Сіз бен ақша - кім кімге жұмыс істейді?
Сіз бен ақша - кім кімге жұмыс істейді?

Кейде ақша табу мақсатқа айналатын жағдайлар ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру