bs-preloader__icon
ru kz

Ресейлік сақтандырушы жұмыстан айырылу қорғанысымен және медициналық шығындардың өтемақысымен жинақтаушы өнімді ұсынады

СберСтрахование өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын жаңартты. Енді өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) полисін жұмыстан айырылу қорғанысымен және медициналық шығындардың өтемақысымен рәсімдеуге болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ресейлік сақтандырушы жұмыстан айырылу қорғанысымен және медициналық шығындардың өтемақысымен жинақтаушы өнімді ұсынады

Бағдарлама өзіңіз үшін өзекті сақтандыру тәуекелдері мен сервистерді таңдай отырып, түрлі мақсаттарға жинауға мүмкіндік береді. Полистің ұстаушысы өздігінен ыңғайлы мөлшерді және жарналардың кезеңділігін белгілейді. «Билетпен» 5,7,10 және 15 жыл ішінде жинауға болады. Ақшаны біржолғы төлеммен немесе бөліп (ай сайын немесе жыл сайын) енгізуге болады.

Полис базалық, кеңейтілген және балаларға арналған түрде қолжетімді. Кеңейтілген бағдарлама базалық тәуекелдерден бөлек клиентті мүгедектік алу жағдайынан қорғайды. Балаларға арналған «билет» ересекті де және баланы да сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етеді.

Кеңейтілген ересек «билетті» рәсімдеген кезде сонымен қатар, жұмыстан айырылу қорғанысын қосуға болады. Мұндай жағдай болған кезде сақтандыру компаниясы клиентке жыл сайынғы төлем кезінде бағдарлама бойынша бір жыл сайынғы сақтандыру жарнасын бір рет, ай сайынғы төлем кезінде – 12 ай сайынғы жарнаны төлейді. Тәуекел сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін күнтізбелік 181-ші күні әрекет ете бастайды.

Медициналық шығындардың өтемақысымен полис ұстаушыларына «Сберздоровье»-дан «Медициналық кеңесші» сервисі қолжетімді: кеңесші дәрігерді немесе клиниканы таңдап береді, қабылдауға жазылуға көмектеседі. Бұдан бөлек, мұндай шарт бойынша жылына бір рет медицинаның 18 саласы бойынша екінші медициналық пікірге жүгінуге болады.

Сақтандыру қорғанысынан бөлек, ӨЖС полистері мүліктік даулар кезінде капиталдың қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ететін арнайы заңды мәртебені ұсынады. Бұл ретте клиент сонымен қатар салық шегерімін рәсімдей алады.

Дереккөзі: https://www.sberbank-insurance.ru/news/25_04_22

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Covid-19 үшін Ұлыбритания сақтандырушылары 202 млн фунт төледі
Covid-19 үшін Ұлыбритания сақтандырушылары 202 млн фунт төледі

Өткен жылы Covid-19-дан қайтыс болу тәуекелі бойын...

Табыс пен байлыққа қалай бейімделуге болады
Табыс пен байлыққа қалай бейімделуге болады

Қазіргі психология кірісті көбейтудің және да...

Еңбек министрлігінде зейнетақы аннуитеті туралы айтылды
Еңбек министрлігінде зейнетақы аннуитеті туралы айтылды

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қо...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру