Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстарға арналған бірлескен зейнетақы аннуитеті адамдарға өздерінің жинақтарын біріктіруге және ресми зейнеткерлікке шығуды күтпей-ақ өмір бойы жәрдемақы алуға мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті зейнетақы жинақтары болмаса, ал екіншісінде артық болса, ерлі-зайыптылар бұл өнімді пайдалана алады.
Қазақстан Республикасында зейнеткерлік жас ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 2022 жылы 60,5 жас болып белгіленді және 2027 жылға дейін, яғни 63 жасқа жеткенше жыл сайын алты айға ұлғаяды.
Мысалы:
55 жастағы ерлі-зайыптылардың 10 млн теңге және 8 млн теңге мөлшеріндегі зейнетақы жинақтары бар. Бұл ретте, ай сайынғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% (2022 жылы 26 173 теңге) төлейтін зейнетақы аннуитетінің ең төменгі құны күйеуі үшін 7,4 млн теңгені, әйелі үшін 9,2 млн теңгені құрайды. Бұл жағдайда әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз.
Жинақтарды біріктіріп, сақтандыру жарнасы 18 млн теңге болатын бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасау арқылы ерлі-зайыптылардың әрқайсысы кейінгі төлемдерді жыл сайынғы индексациялауды ескере отырып, өмір бойы 28 430 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы төлемдерді ала алады.
Бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде әрбір сақтанушы үшін шарттың жеке талаптары, оның ішінде сақтанушылардың біреуінің қайтыс болуына қарамастан әрекет ететін жеке төлемдердің мөлшері мен кестесі айқындалады.
Осылайша, ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда, екіншісі келісім-шартқа сәйкес кесте бойынша жеке төлемдерін алуды жалғастырады. Егер аннуитет шартында сақтандыру төлемдерінің кепілдендірілген кезеңі қарастырылған болса, онда ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі де қайтыс болған жағдайда мұрагерлер төлемдерді кепілдік берілген мерзім ішінде кесте бойынша алады.
Зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары:
Егер ерлі-зайыптылардың біреуінде сақтандыру ұйымынан аннуитет сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екінші адамда артық қалдық болса, онда ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті арқылы ерлі-зайыптылардың екі өкіліне де өмір бойы төлемдер беруге болады;
Егер адамның жеткілікті үлкен зейнетақы жинақтары болса, ол өзінің жақын адамымен, мысалы, әпкесі/сіңлісі/қарындасы немесе ағасы/інісімен бірлескен аннуитет сатып ала алады. Бұл аннуитет үлкен жинақтары жоқ жақын туысына өмір бойы төлемдерді қамтамасыз етеді.
Күйеуі немесе әйелі немесе жақын туысы қайтыс болған жағдайда екінші шарт қатысушысы сақтандырушыдан төлемді алуды жалғастырады.
Кімді жақын туыс деп санауға болады
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, жақын туыстар деп ата-анасы, балалары, оның ішінде асырап алынған балалар, сондай-ақ аға-інілері мен апа-сіңлілері, оның ішінде ата-анасының біреуі, атасы, әжесі, немерелері ғана барлар танылады.
Фото ашық дереккөздерден алынған