Егер өмірді дәстүрлі сақтандыру кезінде сақтандырылған адам қайтыс болатын кезде төлем бір жолғы түрде жүзеге асырылса, аннуитеттер, керісінше, сақтандырылған адам тірі болғанға дейін табыстың кезеңдік сомаларының төлеміне кепілдік береді. Тәжірибеде рента жылына бір рет қана төленбеуі мүмкін, ол тоқсан сайын немесе ай сайын болуы мүмкін, бірақ сома есептелген жылға тең болуы керек.
Әдетте бір реттік сыйлықақыны төлеу үшін өмірді аралас сақтандыру немесе өмір сүруге сақтандыру бойынша жинақталған сақтандыру сомалары пайдаланылады. Кейде аннуитетті сатып алуды бөліп төлеумен төлеуге рұқсат беріледі.
Аннуитеттер пренумерандо (алдын ала төленеді) және постнумерандо (кешіктіріп төленеді) болуы мүмкін. Бірінші жағдайда төлем рента тағайындалған кезеңнің бірінші күні жүзеге асырылады, яғни, жылдың, тоқсанның, айдың басы. Екінші жағдайда төлем төлем кезеңінің аяқталуы бойынша басталады. Көбінесе аннуитеттерді зейнетке шығар кезінде немесе балалардың оқуын төлеу үшін (үшінші тұлғаның пайдасына) сатып алады. Аннуитеттер бойынша сақтандыру тарифтерін айқындау үшін өлім-жітім кестесін қолданады.
Қарапайым өмір бойылық аннуитет – сақтанушының бүткіл өмірі бойы тұрақты төлемдердің тиянақталған мөлшерімен аннуитет.
Кепілдендірілген төлем кезеңімен өмір бойылық аннуитет – сақтанушы тірі ме әлде жоқ па оған тәуелсіз, кепілдендірілген кезең ішінде тиянақталған төлемдермен аннуитет. Егер сақтанушы кепілдендірілген кезеңнен кейін де өмір сүрсе, төлемдер өмір бойы жалғасады.
Кепілдендірілген төлем кезеңімен жедел аннуитет – сақтанушы тірі ме әлде жоқ па оған тәуелсіз, кепілдендірілген кезең ішінде тиянақталған төлемдермен аннуитет. Егер сақтанушы кепілдендірілген кезеңнен кейін өмір сүрсе, төлемдер аннуитет мерзімі аяқталғанша жалғасады.
Сатып алу сомасымен өмір бойылық аннуитет – сақтанушының бүткіл өмірі бойы төлемдермен және қайтыс болу сәтінде бастапқы сыйлықақы және сақтанушы қайтыс болғанға дейін жүзеге асырылған төлемдердің жай сомасы арасында айырмашылыққа тең, егер бұл айырмашылық оң болса (шарттың қолданылу кезеңі үшін инвестициялық табыс қосымша төлем мөлшерін есептеген кезде есептелмейді), қосымша төлеммен аннуитет.
Бірлескен өмір бойылық аннуитет – егер сақтанушы жұбайынан/зайыбынан бұрын қайтыс болған жағдайда, сақтанушының жұбайына/зайыбына төлемдермен аннуитет. Сақтанушы қайтыс болғаннан кейін жұбайына/зайыбына төлемдер негізгі сақтанушы алып отырған төлемдерден мөлшері бойынша бірдей немесе кемірек болуы мүмкін.
Құнсыздануға индекстелетін төлемдермен өмір бойылық аннуитет.
Ауыспалы аннуитет – төлем мөлшері инвестициялар портфелінің нақты кірістілігіне байланысты аннуитет.
Дереккөзі: https://www.chase.com/personal/investments/learning-and-insights/article/what-is-an-annuity
Сурет ашық дереккөздерден