bs-preloader__icon
ru kz en

Британдықтар үй жануарларын сақтандыруына қанша қаржы жұмсайды

Ұлыбританияда мысықты орта есеппен алғанда жылына £285, ал итті – £472 мөлшерінде сақтандыруға болады. Бұл туралы үй жануарларына сақтандыруды ресімдеген 1,3 мыңнан астам иесі қатысқан сауалнаманың деректері негізінде Which? баспасы хабарлайды.
Британдықтар үй жануарларын сақтандыруына қанша қаржы жұмсайды
Британдықтар үй жануарларын сақтандыруына қанша қаржы жұмсайды
Британдықтар үй жануарларын сақтандыруына қанша қаржы жұмсайды

Жүргізілген зерттеулер сақтандырудың құны жануардың тұқымына байланысты болатындығын көрсетті. Сонымен британдықтардың ең танымал ит тұқымдары арасында ең қымбат сақтандыру француз бульдогтар үшін есептелген, деп хабарлайды kommersant.ru. олар үшін иелері жыл сайын £358 төлеуі тиіс. Салыстыру үшін лабрадор-ретриверді сақтандыру £176-ға кем тұрады. Джек-рассел-терьерлер (£133) мен бордер-коллиді (£134) сақтандыру арзанға түседі екен. Иттердің сирек кездесетін тұқымдары үшін сақтандыру қымбатырақ болады.

            Мысықтарға келетін болсақ, метистердің, үй қысқа жүнді, жолақ және британдық мысықтардың иелері сақтандыруға салыстырмалы түрде аса көп шығынданбайды – £81-ден £85-ке дейін. Мейн-кундар және бенгал мысықтарды сақтандыру қымбатқа түседі — £114 және £105 фунт стерлинг сәйкесінше.

            Сақтандыру құнына үй жануары иесінің тұрғылықты орны да әсер етеді. Нақты айтқанда, Ұлыбританияның шығыс өңірлерінің (Лондонды қоса) тұрғындарына иттерді сақтандыру қымбаттырақ болады, мұнда сақтандыру сомасы жылына £493-£565 аралығында өзгеріп тұрады. Сондай-ақ сауалнама нәтижелері әрбір үшінші британдық (32%) сақтандыру компаниясына төлемдер үшін бір жылдың ішінде кемінде бір рет жүгінгендігін көрсетеді.

Дереккөзі: https://www.kommersant.ru/doc/3597844

Фотосуреттер http://irecommend.ru, DogSecrets.ru, murkote.com, udivitelno.com сайттарынан алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру