bs-preloader__icon
ru kz en

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданылғаннан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі жинақталған инфляциядан 117,84% асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 13 триллион теңге болды, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданылғаннан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі жинақталған инфляциядан 117,84% асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 13 триллион теңге болды, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,3 трлн теңгені құрады.

Зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланған. Инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлігі АҚШ долларымен орналастырылды. Тиісінше, доллар бағамы зейнетақы активтері құрамындағы инвестициялық кіріске әсер етеді: ұлттық валюта нығайған кезде инвестициялық кіріс төмендеп, доллар бағамы өскен кезде жоғарылауы мүмкін.

«Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже бермейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді. Мысалы, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2021 жылы аударылған таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде түскен жарналар сомасынан асып түсті (1,3 трлн теңге). 2021 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша жыл басынан бері кірістілік инфляция 8,4% болғанда 11,13% жетті», - деді БЖЗҚ баспасөз қызметінде.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылдың 1 сәуіріне қарай, инвестициялық табыстылық барлық кезеңдегі инфляция 580,40% болғанда өсу қорытындысымен 698,23% құрады. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 сәуіріне дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты (яғни, инфляциядан асып түсетін) кірістілігі 117,84% көрсетті.

Дереккөзі: https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/news/index.php?ELEMENT_ID=12606

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру