bs-preloader__icon
ru kz en

Unit-linked сақтандырудың Қазақстанда болашағы бар ма?

«Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ердесовтың пікірін kursiv.kz жариялады.
Unit-linked сақтандырудың Қазақстанда болашағы бар ма?

2019 жылғы сақтандыру заңнамасындағы соңғы түзетулерге сәйкес, Өмірді сақтандыру компаниялары unit-linked (өмірді үлестік сақтандыру) сақтандыруды ұсына алады. АҚШ-та сақтандырудың осы түріне өмірді сақтандыру шартының 60%-ға дейін келеді. Бұл өнімнің Қазақстанда болашағы бар ма? 

Соңғы бірнеше жылда қазақстандық сақтандыру нарығы сақтандырудың бірнеше түрінің арқасында өсімді көрсетіп отыр. Соның ішінде – өмірді сақтандыру саласы. 2019 жылдың қорытындысы бойынша үрдіс сақталады деп болжауға барлық негіз бар – КСЖ өз позицияларын одан әрі нығайта түседі және сақтандыру сыйлықақыларының үлкен өсімін көрсетеді. Біздің ойымызша, перспективалы бағыттардың бірі unit-linked инвестицияларына қатысатын сақтандыру болады.

Соңғы жылдар ішінде сақтандыру заңнамасы осы сақтандыру түріне қатысты жетілдіріледі, бірақ ӨСК осы өнімді ұсынуға асықпайды, өйткені қазіргі уақытта белсенді талқыланатын бірқатар мәселелер қалуда. Компаниялардың ұсыныстары қаралады, және жақын арада біз өнімді нарыққа шығару үшін нақты негіз аламыз. Бұл клиенттер үшін перспективалы және қызықты өнім. АҚШ – та оған өмірді сақтандыру шарттарының 60%-ға дейін, ал Еуропада – 30-дан 70%-ға дейін тиесілі.

Unit-linked – өмірді жинақтаушы сақтандыру полисіне "оралған" инвестициялық өнім. Мұндай шарттың иесі, шын мәнінде, жоғары әлеуетті табыстылықпен инвестиция салуға және бұл ретте бірінші күннен сақтандырылуға мүмкіндік алады. Сақтанушы стратегия мен инвестициялық құралдарды таңдай алады.  Бұл сақтанушы инвестицияларға еш қатыспайтын, тек шарт мерзімінің соңында тіркелген табыстылық алатын қарапайым өмірді жинақтаушы сақтандырудан негізгі ерекшеліктерінің бірі. Басқаша айтқанда, өмірді жинақтаушы сақтандыру – өмірді кепілдендірілген сақтандыру сомасы бар сақтандыру. Ал unit-linked – бұл өмірді сақтандырудағы қосымша функция болып табылатын инвестициялық бағдарлама. Бұл ретте осы шарттардың табыстылығы жоғары болуы мүмкін – барлығы таңдап алынған инвестициялық құралдар мен стратегияларға байланысты. Бұл орайда кепілдендірілген табыстылық жоқ, ал инвестициялау тәуекелдерін сақтанушы өзіне қабылдайды. Сақтандырудың жаңа түрін енгізу – бұл аралас салалардағы өзгерістерді қарастыратын әрдайым үлкен жұмыс. Мысалы, салық салуда, заңнамада және бағалы қағаздар саласында. ӨСК сақтанушының инвестицияларға қатысуымен инвестициялық портфельді дербес басқару мүмкіндігіне ие болды. Осының арқасында ӨСК клиенттері көптеген артықшылықтарға ие болды: активтердің әртүрлі кластары, сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялар құралы кіретін әртараптандырылған портфель құру мүмкіндігі.

Клиенттер үшін басты артықшылықтардың бірі – өнімнің салыстырмалы қарапайымдылығы: инвестициялауды бастау үшін ӨСК-мен шарт жасау жеткілікті. Бұл ретте брокерлік шот ашудың да қажеті жоқ. Осының арқасында өнім өмірді жинақтаушы сақтандыру мен қор нарығындағы инвестициялар арасындағы сатыға айналуы мүмкін. Қандай қорытынды жасауға болады? ӨСК өз позицияларын нығайтатын жаңа құралды алды. Сақтандыру нарығы алдағы 5 жылда өсу драйвері бола алатын өнімді алды, ал қор нарығы – қосымша қаражаттың әлеуетті ағыны.

Бірақ ең бастысы – ӨСК клиенттері өз жинақтарын әртараптандыруға, болашаққа инвестиция салуға және күтпеген жағдайлардан қорғауға мүмкіндік алды.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/strakhovanie/2019-08/est-li-u-strakhovaniya-unit-linked-buduschee-v-kazakhstane

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
СберСтрахование саяхатшы Федор Конюховты сақтандырды
СберСтрахование саяхатшы Федор Конюховты сақтандырды

СберСтрахование ресейлік саяхатшы Федор Коню...

Өмірді сақтандыру полисін сатып алудың алты себебі
Өмірді сақтандыру полисін сатып алудың алты себебі

Сақтандыру әдетте, ерікті қызмет көрсету болы...

Ғалымдар арықтау неге соншалықты қиын екенін түсіндірді
Ғалымдар арықтау неге соншалықты қиын екенін түсіндірді

Испандық зерттеушілер еуропалық 800 еріктіден ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру