- Сіз Nomad Life компаниясымен бірнеше жыл жұмыс істеп келесіз. Неліктен таңдау осы өмірді сақтандыру компаниясына түсті?
- Сбербанк ынтымақтастыққа ашық, бірақ біз әлеуетті серіктестерді мұқият зерттеп жатырмыз. Көптеген жылдар бойы Nomad Life өзін өмірді сақтандырудың қазақстандық нарығының көшбасшыларының бірі ретінде ғана емес, сондай-ақ қызметтерді жетілдіру және жаңа өнімдерді әзірлеу бойынша үздіксіз жұмыс істейтін инновациялық компания ретінде көрсетті. Құрылымның сенімділігін S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінен «ВВ» (болжам тұрақты) деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтинг білдіреді. Біз үшін бұл көрсеткіштер Nomad Life-тың жұмыстағы креативті тәсілді және бизнесті дамытудағы тұрақтылықты сәтті үйлестіретінін көрсетеді.
Біздің банк клиенттердің материалдық әл-ауқатына мүдделі, сондықтан біз клиенттерге жоғары табысты долларлық өнімді – ZOLOTO NOMADOV Invest ұсынуға дайынбыз.
2018 жылы Сбербанк Nomad Life өмірді сақтандыру компаниясымен ZOLOTO NOMADOV жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты бастады. Бұл өнім өзінің жақындарының өмірі мен денсаулығын сақтандырып қана қоймай, 2 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге инвестициялау кезінде тиімді мөлшерлеме бойынша долларлық жинақтарды сақтап қалуға және жылдық 3,41%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, нарыққа өмірді сақтандыру полисі мен инвестициялық құралдың артықшылықтарын біріктіретін бірегей өнім ұсынылған.
- Сатуларыңыз жоғары деңгейде жүрді, бірақ сіз клиенттеріңізге жаңа нәрсе ұсындыңыз.
- Иә, дұрыс. Нарық орнында тұрмайды, биыл уәкілетті орган инвестициялық сақтандыру қағидаларын реттеді. Nomad Life нарыққа ZOLOTO NOMADOV Invest – жаңа өнімді алғашқы болып ұсынды. ZOLOTO NOMADOV – бұл өзінің иесіне белгілі бір қаржылық мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін классикалық жинақтау полисі. Бұл ретте қолайсыз өмірлік жағдай туындаған жағдайда клиент толық төлем алады. Осындай схема ZOLOTO NOMADOV Invest инвестициялық сақтандыруда да жұмыс істейді, бірақ клиент қосымша инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға мүмкіндік алады.
- Осындай жоғары долларлық пайда ненің есебінен шоғырланады?
- Бірінші жағдайда ақша табыстылығы тіркелген құралдарға инвестицияланады (әдетте бұл облигациялар). Сондықтан жинақтаушы сақтандыру бойынша табыстар, әдетте, болжамды, бірақ онша жоғары емес. Екінші жағдайда сақтандырушы инвестициялық бағыттардың түрлі желілерін ұсынады. Бұл жерде акцияларға салынатын салымдар басым, себебі тарихи тұрғыдан, жоғары құбылмалылыққа қарамастан, акциялар бойынша табыстылық активтердің басқа сыныптары бойынша табыстылықтан едәуір асып түседі.
Nomad Life қоржынына жаһандық экономиканың түрлі секторларынан - АҚШ-тың көгілдір фишкаларынан бастап Қытайдың қор нарығына дейінгі көшбасшы компаниялар кіреді.
Бүгінде Nomad Life өз клиенттері үшін жеті инвестициялық стратегияны ұсынады: «АҚШ-тың 500 ірі компаниясы», «АҚШ-тың көгілдір фишкалары», «Қытай қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау», «Энергетика», «Алтын өндіру». Осы бағыттардың әрқайсысында 3 жылдан 15 жылға дейінгі инвестициялау мерзімі кезінде қор индекстерінің тарихи табыстылығы зерделенді. Бұл ретте барлық жеті инвестициялық стратегия аумақтық және салалық белгілері бойынша әртараптандырылған.
Яғни ZOLOTO NOMADOV Invest инвестор ретінде өзін сынағысы келетін, бірақ бағалы қағаздар мен басқа да активтерге тікелей салымдарға байланысты тәуекелдерді көтеруге дайын емес адамдарға тиімді болады.
Егер қор нарығында өз бетінше инвестиция салып, алыпсатарлық инвестор болса, онда табыстан көптеген түрлі жарналарды төлеу керек. Өмірді инвестициялық сақтандыру мемлекет тарапынан көтермеленеді, сондықтан алынған инвестициялық табысқа салық салынбайды.
Осылайша, инвестициялардың жоғары табыстылығы мен депозиттердің сенімділігін ұштастыра отырып, ZOLOTO NOMADOV Invest Қазақстандағы танымал қаржы өнімдерінің бірі болуға құқылы.
- Бұл ретте инвестициялаудың тәуекелі бар ма?
- Инвестициялық нарықта әрдайым тәуекелдер бар. Бірақ ZOLOTO NOMADOV Invest – бұл жиі мәмілелер емес, ұзақ уақыт кезеңі ішінде салымдарды сатып алу мен ұстауды білдіретін пассивті инвестициялау. Бұл ұзақ мерзімді инвесторлар үшін стратегия, өйткені ол көптеген жылдар бойы бүкіл нарықтың типтік өсу үрдісінен пайда алады.
Статистикаға назар аударыңыз: S&P Dow Jones Indices-тен SPIVA Scorecard деректеріне сәйкес, белсенді басқарушылардың 80,6% бес жыл ішінде (2014-2019) S&P 500-ге қарағанда төмен болды. Яғни, бір қағаздан басқаларға «сенделу» емес, пассивті инвестициялау орташа алғанда 13,12%-ды әкеледі.
- Клиенттеріңіз немесе Nomad Life клиенттері өздерінің табыстылығын қалай қадағалай алады немесе қаражаттың, мысалы, өндіруші компанияларға емес, дәл медициналық компанияларға инвестицияланғанына қалай сенімді бола алады?
- Шын мәнінде бұл екі сұрақ. Біріншісі – сіз инвестициялардың нәтижесін жеке кабинетіңізде 24/7 бақылай аласыз. Бұдан басқа, шарттың барлық мерзімі ішінде қаражатты қайта бөлуге болады. Сіз қалаған жағдайда өз жинақтарыңыздың сомасын толықтыра аласыз немесе ішінара ала аласыз.
Екіншіден, Қаржылық қадағалау агенттігі сақтандырушыға клиенттерге инвестициялық сақтандыру ұсынуға рұқсат бере отырып, ӨСК бірқатар талаптар қойды. Дәл осы талаптар клиенттердің ақшалай қаражатын алыпсатарлық қағаздарға инвестициялаудың алдын алуға арналған. Осылайша, ZOLOTO NOMADOV Invest клиенттерінің активтері сақтандыру компаниясының өзінің активтерінен бөлек сақталады және есепке алынады. Бұл тәртіп адамдар үшін қаражаттың толық сақталуына кепілдік береді. Сонымен қатар, ZOLOTO NOMADOV Invest полисі иелерінің барлық операцияларын кастодиан банк бақылап отыр, ол күмәнді мәмілеге тосқауыл қоюға құқылы. Кастодиан банк ретінде Сбербанк жұмыс істейді, сондықтан біз бұл өнімді өз клиенттерімізге ұсынамыз.
Сондай-ақ, еліміздегі инвестициялық сақтандыру полистері бойынша жарналар сақтандыру және инвестициялық бөліктерге бөлінеді. Әдетте инвестициялық бөлім неғұрлым тәуекелді, ал сақтандыру бөлігі тұрақтандыру сипатында болады.
Осылайша, сақтандыру компаниясын реттеуші, кастодиан банк, клиенттердің өздері және рейтингтік агенттіктер қадағалайды. Осындай көп деңгейлі бақылау жүйесі сақтандыру компаниясы қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
- Инвестициялау мерзімі қандай және салымдардың ең аз сомасына талаптар бар ма?
- Үш жылдан бастап, ең төменгі сома – $500 доллардан бастап. Бірақ негізгі ережелерді тағы да еске салайын, адам неғұрлым көп ақша салған сайын, ол соншалықты көп табыс таба алады. Инвестициялардан түсетін тұрақты кірістілік ақшаны инвестициялаудың неғұрлым ұзақ кезеңін қамтамасыз етеді.
Толық ақпаратты invest.sberzoloto.kz сайтынан немесе 3260 қысқа нөмірі бойынша біле аласыз.