bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетте табысты қалай көбейтуге болады

Зейнетте өмірдің әдеттегі салтын және әл-ауқаттың деңгейін сақтау әр адамның іс жүзінде толық дербес мақсаты болып келеді. Егер сізге зейнетке дейін әлі ерте болса да, зейнетақы уақытында өзіңіздің қаржы көздеріңізді жоспарлауды қазірден бастаған дұрыс, деп санайды Мемлекеттік аннуитеттік компанияның басшысы Ғалым Амерходжаев.
Зейнетте табысты қалай көбейтуге болады

Зейнетақы капиталын қалыптастыру неғұрлым ертерек басталса,  соғұрлым сіз көбірек мүмкіндікпен зейнетке шығу сәтіне одан әрі өмірге сенімді қаржылық негізді алатын боласыз. Шетелде кәсіптік қаржылық кеңесшілер міндетті түрде зейнетақы жоспарларына аннуитет бағдарламаларын (өмірдің соңына дейін капиталдан кепілдендірілген ай сайынғы рентаны алу), яғни, сақтандыру компаниясы төлейтін қосымша зейнетақыны қосады.

«Зейнетақы қорында жеткілікті қаражатты жинаған жағдайда және белгілі жасқа жеткен кезде, зейнетақы аннуитеті бағдарламасы бойынша адамға зейнетақы қорынан жинақтарды өмірді сақтандыру компанияларына аудару мүмкіндігі беріледі, бұл ретте зейнетақы жинақтарының ай сайынғы төлемдері өмір бойы жүргізіледі және зейнет жасының басталуын күтпей, аннуитеттік шарты рәсімдеу сәтінен басталады», - дейді «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК-нің Басқарма төрағасы Ғалым Амерходжаев.

Кепілдендірілген кезеңнің басталуы шарт бойынша аннуитентке бірінші төлем сәті саналады. Кепілдік берілген кезең аяқталғанға дейін аннуитент өмірден кеткен жағдайда, белгіленген мерзімнен клиент төлемдерді алып үлгерген кезең шегеріледі. Айырмашылық ретінде анықталған кезең ішінде сақтандыру ұйымы мұрагерлерге төлемді жүргізуді жалғастыратын болады.

«Мысалы, егер адам 15-жылдық кепілдендірілген кезеңді белгілеу шартымен зейнетақы аннуитетін рәсімдесе және төлемдерді алып бастағаннан кейін 5 жылдан кейін өмірден кетсе, онда өмірді сақтандыру компаниясы жасалған шартқа сәйкес қалған 10 жылдың ішінде мұрагерлерге төлемді жүргізуді жалғастыратын болады», - деп түсіндіреді сұхбаттасушы. Зейнетақы қорында қаражатты жинақтау жүйесінен ерекшелігі, зейнетақы аннуитеті бағдарламасы бойынша төлемдер зейнет жасы басталғанға дейін басталады және өмір бойы жүргізіледі. Егер зейнетақы қорынан ай сайынғы төлемдердің мөлшері жыл сайын азаятын болса және 80 жасқа таман төлемдер тоқтатылса, зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер мөлшері жыл сайын 5%-ға ұлғаяды, бұл ретте төлемдер өмір бойы жүзеге асырылады.

Осылайша зейнетақы аннуитеті бағдарламаларының негізгі артықшылықтарын анықтауға болады:

● Зейнетақы жинақтарына ерте қолжетімділікті алу (2021 жылы: әйелдер 52 жастан, еркектер 55 жастан бастап).

● Төлемдерді өмір бойы алу.

● Ай сайынғы төлемдердің 5%-ға жыл сайын индекстелуі.

«Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу талаптары негізінен барлық өмірді сақтандыру компанияларында бірдей – шарт жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген. Біз клиентке зейнетақы қорынан аударылған барлық сома оған қанша жылда төленетінін қарауды және осы көрсеткіш бойынша өз зейнетақы аннуитеті шарты үшін кепілдендірілген кезеңді белгілеуді ұсынамыз», - деп нақтылайды «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК-нің Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, Ұлттық Банк ай сайынғы негізде өмірді сақтандыру компанияларының әрқайсысының тұрақтылық және сенімділік деңгейін анықтауға болатын, сақтандыру ұйымдарының пруденциялық нормативтерді орындау бойынша деректерді жариялайтынын айту керек. «Сонымен қатар, ресми жарияланатын деректер бойынша Сіз ай сайын әрбір жеке ұйымның қаржылық жағдайын, оның ішінде оның резервтері мен активтерінің жағдайын қадағалай аласыз. Мемлекеттік қаржы реттеуішінің ресми деректеріне талдау жасап, Сіз зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін сақтандыру ұйымын таңдау алдында көбірек дайын боласыз», - деп қорытындылады Ғалым Амерходжаев.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
АҚШ зейнетақы жүйесі реформаларға мұқтаж
АҚШ зейнетақы жүйесі реформаларға мұқтаж

Америка бірнеше жылдан бері зейнетақы жүйесін...

Сақтандыру компанияларын өз агенттері үшін жауапты болуы міндеттейді
Сақтандыру компанияларын өз агенттері үшін жауапты болуы міндеттейді

Мәжіліс депутаттары сәрсенбі күні пленарлық о...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру