bs-preloader__icon
ru kz en

Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?

Өткен жылы қазақстандықтар Unit-Linked – өмірді инвестициялық сақтандыруға қолжетімділік алды. Бұл өнім ықтимал жоғары инвестициялық кіріспен қызықты. Инвестициялық стратегиялардың мысалдары туралы LIFE INSURANCE-ке Nomad Life-тің өмірді инвестициялық сақтандыру бөлімінің басшысы айтып берді.
Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?

Өмірді инвестициялық сақтандыру шарты бойынша әрбір жарна екі бөлікке бөлінеді – сақтандыру (кепілдендірілген) және инвестициялық. Біріншісі тиянақталған кіріспен асасенімді бағалы қағаздарға салынады, ал инвестициялық бөлігі жоғары кірісті, сонымен қатар анағұрлым тәуекелді активтерге жіберіледі. Клиенттің қаражатын бұлай үлестіру нарықтық тұрақсыздықтардан инвестицияларды қорғау үшін жасалған. Өмірді инвестициялық сақтандыру полисін сатып алған кезде клиент ақша қайда салынатынын өздігінен таңдайды. Ол таңдаған стратегияға кіріс тәуелді.

«ZOLOTO NOMADOV Invest» сақтандыру жағдайы басталған кезде өз жақындарын қорғағысы келетін және активтерді басқарудың пассивті қорларына қаражатты инвестициялау жолымен өз капиталын көбейткісі келетіндерге арналған. Бұл капиталдың әлемдік нарықтарына шығудың ең жақсы тәсілі, сондай-ақ қаражатты әртараптандыру үшін тиімді қаржылық құрал», - деп түсіндіреді «Nomad Life» ӨСК» АҚ өмірді инвестициялық сақтандыру бөлімінің басшысы, Нұрбек Абжанов.

Әзірге Nomad Life-та қор индекстерінің тарихи кірістілігіне негізделген, секторлық, сондай-ақ салалық белгісі бойынша әртараптандырылған сегіз инвестициялық портфель ұйымдастырылған: «АҚШ 500 ең ірі компаниясы», «Қытай қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау», «Эенргетика», «Алтын өндіру», «АҚШ 100 ең ірі IPO компаниялары», «АҚШ қазынашылық облигациялары».

«Әрбір бағыттың негізгі мақсаты эталонды индексті ұстану болып табылады. Мысалы, «АҚШ 500 ең ірі компаниясы» портфелінің құрамына S&P 500 Total Return индексінен кейін жүретін активтер қосылған. Біз бір орында тұрақтап қалған жоқпыз және жуық арада тізімді тағы бірнеше инвестициялық бағыттармен толықтыратынымызды айтқым келеді», - деді Нұрбек Абжанов.

ZOLOTO NOMADOV Invest-тің артықшылықтары

Басқарудағы икемділік: шарттың бүткіл қолданылу мерзімі ішінде клиент инвестициялық портфельдер арасында инвестициялық бөліктің қаражатын қайта үлестіруді өздігінен жүргізе алады. Қалауы бойынша толықтыруға немесе өз жинақтарының сомасын ішінара шешіп алуына болады.

Үздіктерге инвестициялар: инвестициялық портфельдер құрамындағы активтер әлемнің ірі инвестициялық компанияларының басқаруында, олардың әрқайсысының басқаруында үш трлн АҚШ долларынан астам бар.

Кірістілік: «ZOLOTO NOMADOV Invest» инвестициялық портфельдеріне қосылған қаржылық құралдар жоғары тарихи кірістілікке ие, ол клиенттерге банк депозитіне салғаннан, көбірек табыс табуға мүмкіндік береді. Алайда, барлық инвестициялық тәуекелдерді клиент көтеретінін есте сақтау маңызды және табысқа кепілдік берілмейді.

Стратегияны қалай таңдаймыз

Инвестициялық сақтандыру полистерінің иеленушілері тарихи кірістілік, гоеграфиялық қатысу немесе сектор көрсеткіштерін таңдап, өз артықшылықтарына байланысты стратегияларды таңдайды. «Клиент бір инвестициялық портфельді немесе инвестициялық портфельдердің комбинациясын таңдай алады. Шарттың бүткіл қолданылу мерзімінің ішінде біздің клиенттер инвестициялық портфельдер арасында инвестициялық бөліктің қаражатын қайта үлестіруді өздігінен жүргізе алады», - деп түсіндіреді сұхбаттасушы. – Қосымша біз дайын пакеттік шешімдерді әзірледік: «Үйлестірілген стратегия», «Ықтимал өсімнің стратегиясы» және «Консервативті стратегия», олардың атауынан барлығы түсінікті. Егер біріншісіне жалпы нарықтың индекстері кірсе, екіншісі АҚШ және Қытай қор нарықтары кірген, жоғары тарихи кірістілікпен индекстерден тұрады. Төмен құбылмалылықпен индекстер, сонымен қатар төмен тарихи кірістілікпен индекстерді біз «Консервативті стратегияға» орналастырдық.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде ипотека сақтандыру нарығын нығайтты
Ресейде ипотека сақтандыру нарығын нығайтты

Ресейліктер жеке тұлғаларға кредит берудің өс...

Неліктен күзде үнемі ұйықтағыңыз келеді
Неліктен күзде үнемі ұйықтағыңыз келеді

Күздің бұлтты ауа - райында бізді ұзақ ұйықтау...

Зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылуы мүмкін
Зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылуы мүмкін

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері келесі жылы жеке ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру