Осы жылдың қаңтарынан бастап 45 жасқа толғандарға өмірді сақтандыру компанияларымен кейінге қалдырылған аннуитет шартын жасасу мүмкіншілігі пайда болды. Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті – бұл өз зейнетақы жинақтарыңды алу тәсілдерінің бірі.
«Кейінге қалдырылған деп оны жасағаннан кейін бірден емес, белгілі бір мерзімнен кейін аннуитеттік төлемдер жүргізілетін шартты атайды», - деп түсіндіреді Nomad Life-тің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
Кейінге қалдырылған аннуитет – БЖЗҚ-да жинақтарының жеткілікті сомасы бар тұлғаларға 45 жастан бастап өмірді сақтандыру компаниясына жинақтарды аударуға және зейнетке ресми шыққанға дейін төлемдерді алып бастауға мүмкіндік беретін өнім. Жұмыс беруші олар үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген тұлғалар – әдетте, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар, олар 40 жастан бастап кейінге қалдырылған аннуитетті жасасу мүмкіншіліктері бар.
«Бұл ретте, өмірді сақтандыру компаниялары өздеріне инвестициялық тәуекелдерді қалдырып, кірісті тұрақтандырады, - дейді Мемлекеттік аннуитеттік компания басқармасының төрағасы Ғалым Амерходжаев. Төлемдердің басталу мерзімі жасалған шарттың талаптарына сәйкес, жынысына, жасына және МКЗЖ болуына байланысты белгіленеді. 2021 жылы әйелдер үшін төлемдерді алу үшін ең төмен жас 52-ге, ерлер үшін 55 жасқа тең».
Негізгі шарт ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан төмен болмайтын мөлшерде аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасының болуы болып табылады. «Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасудың негізгі артықшылығы қаржы нарығында мөлшерлемелердің құбылмалылығына тәуелсіз кепілдендірілген кірістіліктің болуы болып табылады. Өмірді сақтандыру компаниясы шарттың әрекет етуінің бүткіл мерзімі ішінде жыл сайын заңмен белгіленген кірістілікке кепілдік береді, яғни, өмір бойы», - дейді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрағасы Гульмира Убегалиева.
Мәселенің бағасы
Қазіргі таңда 40 жаста ерлер үшін жеткіліктілік сомасы 6 973 861 теңгені, әйелдер үшін - 8 632 647 теңгені құрайды. «Айта кетейін, мұндай шарттар бойынша төлемдердің басталуы 10 жылға кейінге қалдырылған. Яғни, аннуитеттік төлемдерді клиенттер 50 жасқа толғаннан кейін ғана ала алады», дейді Халык-Life-тің басқарма төрағасы Жанар Жубаниязова.
Ағымдағы сәтте 45 жаста ерлер үшін жеткіліктілік сомасы 6 172 907 теңге, әйелдер үшін - 7 725 673 теңгені құрайды. «Зейнетақы аннуитетінің құны клиент неше жаста өмірді сақтандыру компаниясымен шартты жасайтынына байланысты. Неғұрлым жинақтар көп болса, соғұрлым зейнетақы көп», - дейді Freedom Finance Life-тің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Қосымша опциялар
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер өмір бойы жүргізіледі. Олар сақтанушы өмірден өткен кезде тоқтатылады. Клиент шартты жасасқан адам тірі ме жоқ па оған тәуелсіз, сол мерзім ішінде төлемдер жүргізілетін – аннуитеттік төлемдердің кепілдік берілген кезеңі опциясын таңдай алады. «Екінші жағдайда төлемдер шартты жасасқан кезде клиент көрсеткен тұлғаларға немесе оның мұрагерлеріне жүргізіледі. Кепілдік берілген кезеңнің ұзақтығы және кепілдік берілген кезеңдегі төлемдерді алушылар клиентпен таңдалады, шарттың қалған талаптары заңмен реттеледі», - дейді Қайрат Чегебаев.
Аннуитеттер тұрақты, кепілдендірілген зейнетақы кірісіне ұмтылатын тұлғаларға лайықты қаржылық өнімдер болып табылады. «Мысалы, егер бүгін адам 55 жаста кәдімгі зейнетақы аннуитеті шартын жасап, ӨСК-ге 7 млн теңге аударса, онда оның ай сайынғы төлемдерінің мөлшері 25 мың теңгеге тең болады. Алайда, егер адам 45 жаста кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасап, ӨСК-ге төлемдерді алу 10 жылдан кейін басталатын шартпен, сол 7 млн теңгені аударса, онда оның 55 жаста ай сайынғы төлемдері 43 мың теңгеге тең болады», - деп мысал келтіреді Ғалым Амерходжаев.
«Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетінің басты артықшылықтарының бірі ақшалай қаражаттың тұрақты түсімі. Сомен, БЖЗҚ-дан төлемдер небәрі 80 жасқа дейін жүзеге асырылады, өмірді сақтандыру компаниялары өмір бойы ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етеді», - дейді Гульмира Убегалиева.
Сенімділік
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы төлемдерінің қауіпсіздігі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қамтамасыз етілген. «Сондай-ақ, бірнеше факторлармен сипатталатын, таңдалған өмірді сақтандыру компаниясының сенімділігін де ескерген жөн. Мысалы, уәкілетті органның лицензиясының болуы, кредиттік рейтингтің болуы, ең ірі әлемдік қайта сақтандыру компанияларында қайта сақтандыру және қаржылай қиыншылықтар болған жағдайда компанияны қолдауға қабілетті, ӨСК-де ірі қатысушының (акционердің) болуы», - деп тізбектейді Freedom Finance Life-тің басшысы.
Халык-Life-тің басқарма төрағасы қосады: «Сақтандыру компанияларына реттеуші тарапынан қаржы тұрақтылығы бойынша жоғары талаптар қойылатындықтан, сақтандырушылар әдетте, өзінің инвестициялық портфелінің айтарлықтай бөлігін сапалы және жоғары кредиттік рейтингтермен өте сенімді эмитенттердің қарыз құралдарына инвестициялайды, бұл оларға ұзақ мерзімді болашаққа қаржылай тұрақты және сенімді болуға мүмкіндік береді».
«Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға өмірді сақтандыру компаниясын таңдаған кезде оның сенімділігіне назар аударған жөн, бұл ең алдымен жарғы капиталының мөлшері, артығымен пруденциялық нормативтерді сақтау фактісі және халықаралық рейтингілік агенттіктен жоғары кредиттік рейтингісі. Бұл ақпарат ашық және Ұлттық Банктің сайтында және компаниялардың сайттарында қолжетімді», - деді Гульмира Убегалиева.