bs-preloader__icon
ru kz

Кепілдендірілген өмір бойылық кіріспен зейнетке қалай шығуға болады

Аннуитет – бұл зейнетақы табысының басқа нысандары толықтыра алатын және зейнеткерлік демалысқа шығар алдында қауіпсіздік сезімін беретін, зейнетақы жинақтарының құралы. Негізі, бұл сізге өмір бойылық зейнетақыға кепілдік бере алатын жалғыз қаржы құралы, деп жазады Arizona News.
Кепілдендірілген өмір бойылық кіріспен зейнетке қалай шығуға болады

Жинақтау сатысында адам аннуитетті тұрақты салымдар немесе бірыңғай сыйлықақы көмегімен қаржыландырады. Сақтандырушылар ақшаны инвестициялайды және адамдарға өмір бойылық төлемдерді қамтамасыз етеді.

Аннуитеттердің бірнеше түрлі типтері бар. Кең таралған түрі – кейінге қалдырылған аннуитет. Кейінге қалдырылған аннуитет уақыттың белгілі кезеңі ішінде табысты жинауға мүмкіндік береді, ал сосын адам зейнеткерлік демалысқа шығуды шешкен кезде сақтандырушының төлемдері басталады.

Ауыспалы аннуитет – аннуитеттің ең тәуекелді түрі. Мұнда табыс пен шығындар нарыққа тәуелді және оған пропорционал арақатынас орнатылады.

Тиянақталған индекстелген аннуитет келешек зейнеткерлерге шығындарға алаңдамай нарықтың пайдасына қатысуға мүмкіндік береді. Бірақ, мұндай аннуитетті таңдай отырып, ӨСК клиенті кейбір жылдары 0% табыс табуы мүмкін.

Аннуитеттің ең қарапайым түрі — бұл тиянақталған рента. Бұл аннуитетте екі басқа типтің (салық салуды кейінге қалдыру және бүткіл өмірге кепілдендірілген табыс) барлық артықшылықтары бар, бұл жерде пайыздық мөлшерлеме тиянақталған, сондықтан адам қаражатты жоғалту тәуекеліне бармайды, бірақ көп те табыс таппайды.

Әдетте америкалықтардың көбісі аннуитеттерді 40-70 жаста сатып алады, бірақ 20 жаста да болашақ зейнетақыға жинауды бастауға болады. Сіз неғұрлым ұзақ жинасаңыз, соғұрлым көп зейнетақы алатын боласыз.

Дереккөзі: https://ktar.com/story/4788620/annuity-basics-how-to-retire-with-a-guaranteed-paycheck-for-life/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ер адамдардың қысқа өмірін Y-хромосомасының әрекетімен байланыстырды
Ер адамдардың қысқа өмірін Y-хромосомасының әрекетімен байланыстырды

Молекулалық биологтар әйел жыныстылар еркек ж...

Мерзімді сақтандыру жұмысшылар арасында танымал бола бастады
Мерзімді сақтандыру жұмысшылар арасында танымал бола бастады

Соңғы жылдары өмірді мерзімді сақтандыру жұмы...

Жеке салымдар портфелі бір айда 280 миллиард теңгеге қысқарды
Жеке салымдар портфелі бір айда 280 миллиард теңгеге қысқарды

Сәуірде жеке депозиттер портфелі 280,5 млрд теңг...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру