bs-preloader__icon
ru kz en

Nomad Life клиенті автомобильді ұтып алды

Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы ZOLOTO NOMADOV полис иелері арасында автокөлік ойнатты. Toyota Camry 70 кілтінің иегері оралдық Светлана Губер болды.
Nomad Life клиенті автомобильді ұтып алды

Ұтыс ойынына 2020 жылдың 20 ақпаны мен 30 маусымы аралығында Nomad Life-пен шарт жасасқан сақтанушылар қатысты. 2020 жылы шығарылған автокөліктен бөлек, тағы үш қазақстандық ҚР мен Оңтүстік Кореяның үздік жеке клиникаларында check-up (толық медициналық тексеруден) ұтып алды. «Клиникаларды таңдауды біз жеңімпаздардың қалауына қалдырдық. Нәтижесінде екі қатысушы қазақстандық медициналық орталықтарды таңдады, ал біреуі Оңтүстік Кореяға барады» – дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Компанияның жоспары бойынша ұтыс ойыны үш кезеңде өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус пандемиясы акция мен ұтыс ойынын өткізу мерзімін ауыстырды. «Карантин салдарынан әуе және теміржол қатынастары жабылды, сондықтан бізге кілттерді жеңімпаздың өкіліне тапсыруға тура келді, сол себептен машина Орал қаласына қазір ғана жетті. Сондай-ақ, пандемия салдарынан байқау кезеңдерін ауыстырып, оларды біріктіруге тура келді, – деп баяндайды Қайрат Чегебаев. – Жеңімпаздарды анықтау үшін біз комиссия мүшелері ретінде біздің серіктестеріміздің өкілдерін шақырдық – еліміздің ірі банктері: Сбербанк және Альфа Банк».

Nomad Life қызметкерлері ZOLOTO NOMADOV шарттарының жасалуына байланысты қатысушылардың нөмірлерін zolotonomadov.kz сайтындағы арнайы тізілімге түсірді. Компанияның әрбір клиенті тізілімге шарттың жеке нөмірін енгізіп, өз билетінің бар-жоғын тексере алды. «Үлкен қызығушылықты көре отырып, біз ZOLOTO NOMADOV клиенттері үшін жаңа акцияны іске қосу туралы шешім қабылдадық. Енді сыйлықақылы брендінен денсаулыққа арналған тауарлар, check-up және Toyota Corolla екі автокөлігі ойнатылады», – дейді Nomad Life басшысы.

Акцияға осы жылдың шілдесінен бастап келесі жылдың қаңтарына дейін ZOLOTO NOMADOV шартын жасасқан клиенттер қатыса алады. Әрбір салынған $10 мың ұтыс ойынына қатысады. «ZOLOTO NOMADOV – бұл полис иесінің капиталын сақтап қана қоймай, көбейтетін құрал. Біздің инвестициялық стратегиямыз шетелдік валютада жылдық 3.41%-ға дейін кепілдік береді. Сенімділік пен жоғары пайданы қамтамасыз ету – Nomad Life-тың жалғыз міндеті емес. Компанияның миссиясы - Қазақстанда жинақтаушы сақтандыру нарығын дамыту», - уточняет Кайрат Чегебаев.

Өтінімді www.zolotonomadov.kz сайтында немесе Nomad Life кеңселерінде немесе компанияның серіктес бөлімшелерінде - Сбербанк және Альфабанк менеджеріне жүгіне отырып ресімдеуге болады.

Баспасөз-қызметінің фотосуреті

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Allianz сақтандыру саласында үлкен шығындарды күтуде
Allianz сақтандыру саласында үлкен шығындарды күтуде

Сақтандырушылар үшін Covid-19 пандемиясының салд...

ӨСК өсімді жоғары деңгейде сақтайды
ӨСК өсімді жоғары деңгейде сақтайды

2019 жылғы қазан айында ӨСК жиынтық брутто-сыйлы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру