bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын иелік етуге кімге рұқсат етіледі? Және олармен не істеуге болады?

Ұлттық банк БЖЗҚ қаражатының бір бөлігін бәсекелестік ортаға беруді қарастыратын зейнетақы ақшасын басқарудың жаңа моделін ұсынды. Бұл модельге сәйкес баламалы инвестициялау мүмкіндігі тек «жеткілікті» зейнетақы жинақтары бар азаматтардың қолында ғана болады, деп жазады kursiv.kz.
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын иелік етуге кімге рұқсат етіледі? Және олармен не істеуге болады?

Зейнетақымен қамсыздандыру және қаржы нарығы мәселелері бойынша бірқатар заңдарға түзетулерді қамтитын заң жобасының тұжырымдамасы 31 шілдеде электрондық үкімет сайтында жарияланды. Құжатта БЖЗҚ құрудан пайда болған артықшылықтар қарастырылған: зейнетақы активтерін Ұлттық Банкке берген сәттен бастап олардың шоғырландырылған табыстылығы инфляцияны алып тастағанда 10%-ды құрайды, зейнетақы агенттерінің қызметі мен салымшылардың көші-қоны алынып тасталды, әкімшілік шығыстар төмендетілді, инвестициялық табыс пен зейнетақы активтерінен алынатын комиссия 3 есе азайды.

Сонымен қатар, зейнетақы активтерін басқарудың қолданыстағы моделінің бірқатар кемшіліктері бар: салымшылардың мүддесінде зейнетақы ақшасын басқару бойынша бәсекелес нарық жоқ, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау құқығы жоқ, халық өздерінің зейнетақы төлемдерін жоспарлауға мүдделі емес.

Нені реформалайды

Осы кемшіліктерді жою мақсатында Ұлттық Банк зейнетақы активтерін басқару жөніндегі жеке (жергілікті, сол сияқты шетелдік) компаниялар (ЗАБК) үшін нарық ашуды және азаматтарға зейнетақы жинақтарының «жеткіліктілік» шегінен асатын бөлігін ЗАБК-ға аударуға рұқсат беруді ұсынады.

«Жеткіліктілік» шегі ретінде сақтандыру ұйымымен зейнетақы жасына жеткеннен кейін сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасауға қажетті сома қарастырылады (әр жылға белгіленеді; 2019 жылға әйелдер үшін – 10,1 млн теңгеден астам, ерлер үшін – 8,2 млн теңгеден астам)», - делінген тұжырымдамада.

Шегінен төмен сома БЖЗҚ-да қалады.

Ұлттық Банкте мұндай тәсіл ірі салымшыларға тиімді инвестициялық стратегияларды таңдау құқығын іске асыруға мүмкіндік береді деп есептейді. Агрессивті Инвестициялық саясат есебінен ЗАБК табыстылығы БЖЗҚ-ның ағымдағы табыстылығына қарағанда жоғары болады деп жоспарлануда.

«Осылайша, салымшылардың зейнетақы жасына жеткен кезде, жинақталған зейнетақы мөлшері көп болады деп болжануда, және ол зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне оң әсерін тигізеді», – делінген құжатта.

Салымшы зейнеткерлік жасқа жеткен кезде, оның зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға қайтарылады.

ЗАБК-ға қойылатын талаптарға келетін болсақ, оларға қатысты бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға заңнама шеңберінде құрылған реттеу қолданылатын болады. ЗАБК қызметі лицензияланған болады.

ЗАБК зейнетақы активтерін инвестициялай алатын қаржы құралдарының тізбесі анықталатын болады. Меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ ең төменгі кірістілікті қамтамасыз ету жөніндегі пруденциялық нормативтер белгіленетін болады. Ол қамтамасыз етілмеген жағдайда, ЗАБК салымшыларға өз капиталы есебінен «кем шығуды» өтеуге міндетті болады  .

Кімнен асып түсті

«Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі» деген тарауда Ұлттық банк екі мақсат көздегенін түсіндіреді. Біріншіден, халықтың зейнетақы жинақтарын басқарудың тиімділігіне қызығушылығын арттыру. Екіншіден, ұжымдық инвестициялар нарығында бәсекелестік орта құру және ЗАБК атынан институционалдық инвесторлардың бағалы қағаздардың отандық нарығына шығу мүмкіндігі. Ұсынылған модель бизнеске қызықты ма деген сауал ашық күйінде қалып отыр.

«Nomad Life» ӨСК Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев «Курсивпен» әңгімелесу барысында ұсынылған құрылымның реттеушісіне емес, өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) үшін орын болмағанына назар аударды.

«Бүгінгі таңда ӨСК – зейнетақы жүйесінде қысқартылған форматта болса да, жұмыс істейтін (2007 жылдан бастап) және жағдайды эволюциялық тұрғыдан кінәратсыз жақсартатын  жалғыз нарықтық қаржы институты. ӨСК – қаржы секторының ең тұрақты салаларының бірі және олардың зейнетақы реформасына қатыспау, біздің ойымызша, дұрыс емес», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ӨСК-ның зейнетақы жүйесін дамытудың жеке көзқарасы бар, қазір ол Ұлттық Банкпен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы алаңында талқылануда.

ӨСК өнімдер жиынтығында сақтандырушылардың пікірінше, клиенттерге өте қызықты болуы мүмкін екі өнім бар. Біріншісі – бұл кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті (ЗА), ол оның ішінде өмірлік зейнетақыны қамтамасыз ету үшін клиенттің зейнетақы активтерінің жеткіліктілік өлшемі болуы мүмкін. Екіншісі – unit-linked құралын пайдалана отырып, зейнетақы жоспарлары (ЗЖ), мұнда ӨСК басқарудың әртүрлі стратегиялары негізінде зейнетақы активтерін басқарушы ретінде әрекет етеді. «Бұл құралдарды бірлесіп немесе жеке-жеке пайдалануға болады, – дейді Чегебаев. – Біз екі құралды пайдалану нұсқасын қарастыруды ұсынамыз, атап айтқанда: клиенттің кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті жасауға (не БЖЗҚ-да тең соманы қалдыру), ал осы сомадан артығын Зейнетақы жоспары шеңберінде тәуекелді инвестициялауға жіберуге құқығы бар. Бұл қаржы сауатты халық, яғни үлкен жинақтарды қалыптастырғандар туралы болып отыр, сондықтан егер жақсы өнім ұсынса, онда оған сұраныс болады. Nomad Life басшысы сақтандырушылар ұсынған нұсқаның артықшылықтарын атап өтті: зейнетақы аннуитеттерімен жұмыс істеу бойынша ӨСК мол тәжірибесі; ӨСК қызметін реттеуге қалыптасқан тәсіл; кепілдендірілген табыстылық бойынша ӨСК өз капиталымен Клиенттің қаражатын қамтамасыз ету; нарықпен қаржыландырылатын төлем кепілдігінің құралдары (Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры); зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді жыл сайынғы индекстеу, сондай-ақ кепілдендірілген табыстылық; салымшы ӨСК-дан ӨСК-ге ауысуға да, ауыспалы табыстылық құралдарына (ЗАБК/БЖЗҚ) оралуға да құқылы; клиент үшін тәуекелдер портфелін ЗА (кепілдендірілген табыстылық және төлемдерді индекстеу) және ЗЖ (тәуекелді инвестициялау) бөлу.

«Өкінішке орай, біздің қаржы қоғамымызда ӨСК – бұл тек сақтандыру деген стереотипті пікір қалыптасты, ал бүкіл әлемде КСЖ үлкен активтер портфелін басқарушыға жатқызады. Олар қызметі бойынша зейнетақы қорларына жақын және еске сала кетейін, мемлекеттік бюджеттен, зейнетақы қорлары мен банктермен қатар экономикадағы ұзын ақша көздерінің бірі болып табылады, сол арқылы елдің макроэкономикалық тұрақтылығына елеулі үлес қосады. Белгілі болғандай, ұзақ мерзімді ақшаның басқа дереккөзі жоқ», – деп Чегебаев пайымдайды.

Нарық тіл қатпайды

Қазақстанда жұмыс істейтін «Курсив» сұраныс жасаған инвестициялық компаниялар әртүрлі себептермен түсіндірмелерден қалыс қалған немесе сұратуды елемеген. Атап айтқанда, редакция ұсынылып отырған шегін ескере отырып, ЗАБК-ға теориялық тұрғыдан қол жеткізе алатын қаражат көлемінің бизнеске қызығушылық танытқанын білгісі келді; ең төменгі табыстылық қандай болуы тиіс және ол болуы тиіс пе; оның шеңберінде табыстылық ағымдағы көрсеткіштен жоғары болуы үшін БЖЗҚ қаражаты инвестицияланатын табыстылық ағымдағы рұқсат етілген тізімге қандай құралдарды қосу керек.

«Ең төменгі табыстылық – қажетті ұғым, бірақ бұл жағдайда ең төменгі табыстылық фактісі бойынша емес табыстылық бағдары туралы айтылады және маған актуарий ретінде МБҚ бойынша табыстылыққа тікелей байлау ұнамайды. Бұл дегеніміз, мемлекеттік қағаздарда жай ғана «отыру» қажет, өйткені өзге стратегиялар кез келген жағдайда олардың табыстылығынан ауытқитын болады, бұл тәуекел дегенді білдіреді. Нәтижесінде ЗАБК-ның тәуекелін бағалайтындардың барлығында бір табыстылық – МБҚ табыстылығы болады, басқалары өздерін тәуекелге ұшыратады», - деп есептейді Қайрат Чегебаев.

Инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі бойынша Nomad Life басшысы бүгінде баламалы құралдар жоқ екенін атап өтті.

«Зейнетақы реформасы қор нарығын жандандыру үшін де қажет болды. Менің ойымша, МБҚ – қор нарығы табыстылығының алдын-ала белгіленген тізбесі мен бекітілуі кезінде зейнетақы ақшаларсыз болмаған, сондықтан ол онымен бірге болмайды», – деп түйіндеді сұхбаттасушы.

«Активтерді жеке басқарушыларға беру жөніндегі жаңа тұжырымдама енді ғана қарауға түсті. Биржа активтерді басқарушылар санының ұлғаюын және активтерді басқарушылар салымшыларының таңдауы үшін мүмкіндік жасауды құптайды. Бұл ретте жаңа тұжырымдама егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты әзірше түсініктемелер жоқ», – «Курсивке» KASE баспасөз-қызметінде хабарлады.

БЖЗҚ мәліметтері бойынша, бүгінгі күнгі жағдай бойынша нарық 420 млрд теңгеден астам зейнетақы қаражатын ала алатын еді.

«Дербес жинақтары көрсетілген сомалардан (тұжырымдамада – «Курсив») асатын салымшылар активтерінің жалпы көлемі сомасы 1,2 трлн теңгеден асады. Бұл ретте, жеткіліктілік шегінен асатын жиынтық сома және қаралып отырған тұжырымдамаға сәйкес ЗАБК-ны басқару үшін бәсекелестік ортаға ықтимал бағытталуы мүмкін, 420 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Актуарлық есептер бойынша, 5 жылдық перспективада бұл көрсеткіштер кемінде 2,5 есеге артады деп болжануда», – деп «Курсивке» БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева хабарлады.

Заң жобасының тұжырымдамасы орналастырылған электрондық үкімет сайтында 14 тамызға дейін құжат көпшілік талқылауында болады деп көрсетілген. "Курсивтың" ақпараты бойынша, талқылау Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының алаңында өтуде. Заң жобасын Парламентке тапсыру қашан жоспарланып жатыр деген сұраққа Ұлттық Банктің баспасөз-қызметі жауап берген жоқ.

Дереккөзі: kursiv.kz/news/pensionnaya-sistema/2019-08/komu-v-kazakhstane-razreshat-rasporyazhatsya-pensionnymi

Фотосурет ашық дереккөзден алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Отандық нарықта сақтандыру компаниясын қалай таңдауға болады
Отандық нарықта сақтандыру компаниясын қалай таңдауға болады

Сақтандыру - бұл, ең алдымен, сақтандыру жағдай...

АҚШ-тағы жаңа туған нәрестенің өмірін сақтандыру
АҚШ-тағы жаңа туған нәрестенің өмірін сақтандыру

Бір қарағанда, жаңа туған нәрестенің өмірін са...

Зейнетақылық аннуитеттер арзан және қолжетімді болды - ҚНРДА
Зейнетақылық аннуитеттер арзан және қолжетімді болды - ҚНРДА

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру