bs-preloader__icon
ru kz en

ӨСК-ден туристтерді сақтандыру

Өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) жақында туристтерді міндетті сақтандыру нарығына «кірді». Әдетте, бұл сынып жалпы сақтандыру компанияларына тиесілі болған. Нарық үлкен емес, және ұсыныстар көп болған сайын қызметтерді алушыларда таңдау көбірек. Бірінші наурыздағы жағдай бойынша шетелге шығушыларды сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 554,1 млн теңгеден асып түсті. Нарықтың жалпы көлемінде сақтандырудың осы сыныбының үлесі шамамен 0,3% құрады. Бұл ретте төлемдер 46,7 млн теңгеден асты.
ӨСК-ден туристтерді сақтандыру

Біздің елімізде саяхатшыларды сақтандыру сақтандырудың міндетті түрі болып табылады. Адамдар оны тікелей ӨСК-ден сатып алмайды, міндетті сақтандыруды туристік агенттіктер ұсынады. Ол жазатайым оқиғалар және белгілі бір аурулар сияқты тәуекелдерді өтейді. Айта кету керек, көптеген елдердің шекарасын кесіп өту үшін туристтің полисі міндетті шарт болып табылады. Саяхаттарды сақтандыру полисі сапарыңыз кезінде көптеген күтпеген жағдайлардан қорғай алады.

Шетелге шығушыларға сақтандыру полисі мына себептер бойынша қажет:

визаға құжаттарды рәсімдеу;

ҚР шекарасынан шығу;

саяхатта жазатайым оқиға басталған кезде шығындарды азайту;

демалыста алаңсыз жүру.

«Біріншіден, туристтерді сақтандыру жарақат немесе ауру, жоғалған жүк, сапардан бас тарту және саяхат кезінде туындауы мүмкін басқа да күтпеген жағдайлардан медициналық қызметтерді алумен байланысты күтпеген шығындардан қорғайды. Бұл емделуге, ауруханаға жатқызуға, дәрі-дәрмекке және басқа да шығындарға ақы төлеуді қамтуы мүмкін. Екіншіден, бұл психологиялық жайлылық. Сақтандырумен қамтылғаныңызды біле отырып, сапар барысында сіз өзіңізді сенімді және тыныш сезініп, демалысыңыздан ләззат ала аласыз. Үшіншіден, полистің арқасында турист сапар барысында туындаған мәселелерді шешу үшін тәулік бойы қолдау алады», - деп түсіндіреді «Коммеск-Өмір» ӨСК-нің басқарма төрағасы Олег Ханин.

Көптеген сақтандыру компанияларының стандартты полисіне келесі өтемдер қосылған:

•             шұғыл амбулаториялық немесе стационарлық көмек;

•             жазатайым оқиға нәтижесінде тіс жарақаты кезінде немесе тістің және оның айналасындағы тіндердің жіті қабынуы кезінде шұғыл стоматологиялық көмек;

•             медициналық тасымалдау немесе эвакуациялау;

•             тағайындау бойынша дәрі-дәрмекке шығындар;

•             төтенше жағдайда үшінші тұлғаның келуін ұйымдастыру;

•             сақтандырылушы ауруханаға жатқызылған жағдайда балаларды ерте қайтару;

•             шұғыл хабарламаларды жіберуге және медициналық ақпаратты алуға байланысты байланыс шығындары;

•             қайтыс болғаннан кейінгі қайтару шығындары.

«Көптеген жалпы сақтандыру компаниялары рейс кешіктірілген жағдайда жүкті және ұшып келуді қосымша сақтандыруды ұсынады. Барлық опциялар негізгі келісімшартқа қосылады. Біздің компания ұсынатын, «Life-Дорога» бағдарламасы бойынша саяхатшыларды сақтандыру шетелге және Қазақстан бойынша сапар кезінде күтпеген шығындардан туристтерді қорғайды. Өзіңіз келісіңізші, сақтандыру полисін сатып алу дәрігердің қабылдауына ақы төлегеннен, дәрі-дәрмек сатып алудан және кенет қажеттілік туындаған кезде емделуге басқа шығындардан гөрі тиімдірек. Бұдан бөлек, сақтандыру полисі жиі виза рәсімдеу үшін және кейбір шет мемлекеттердің аумағында заңды түрде жүру үшін міндетті құжат болып табылады», - деп пікір білдірді «Халық-Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Осындай полисті рәсімдеген кезде назар аудару қажет тұстары:

қолданылу мерзімі - ол неғұрлым ұзақ болса, сақтандыру полисі қымбатырақ болады;

енгізілген сақтандыру оқиғаларының саны — кеңейтілген сақтандыру бағдарламасы әрқашан базалық полистен қымбатырақ;

қабылдаушы елдердің саны – олар неғұрлым көп болса, сақтандыру полисінің құны соғұрлым жоғары болады;

сақтандыру сомасының мөлшері;

франшизаның болуы - франшиза мөлшері көбірек болса, сақтандыру полисінің бағасы соғұрлым төмен болады.

«Ең алдымен, туристпен басқа елде күтпеген жағдай орын алса, туристік сақтандыру материалдық мәселені шешуге және жеке бюджетке түсетін салмақты азайтуға көмектеседі. Әдетте, сақтандыру жағдайы болған жағдайда, ӨСК клиенттері турист тұрған елде қызметті ұйымдастыратын халықаралық ассистансқа хабарласады, байланыстар әдетте сақтандыру компаниясының сайтында орналастырылады немесе туристке жадынамамен бірге беріледі. Ассинтанс туристтерге тәулік бойы көмек көрсетеді. Сіз сақтандыру компаниясының сайтында көрсетілген байланыс орталығының телефон нөміріне қоңырау шала аласыз немесе жеке кабинетте хабарлама жібере аласыз», - деп еске салады Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Франшиза дегеніміз не

Франшиза сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын шығынды өтеуден босатуды көздейді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл сақтандыру компаниясы сізге өтемейтін қаражат бөлігі. Сақтандырушы залалды өтемесе, бұл шартты неліктен шартқа қосу керек деп ойлайсыз, бірақ франшизаның сақтанушы үшін бірқатар артықшылықтары бар.

Сақтандыру франшизасының бірнеше түрі бар:

- шарт қойылмайтын – сақтандыру төлемінен ұсталатын, сақтандыру шартында белгіленген сомадан аспайтын ақша сомасы. Сақтандыру төлемі шартта белгіленген шартсыз франшиза сомасын шегеріп жүзеге асырылады;

- шарт қойылатын - ӨСК компаниядан төленетін төлем сомасы белгіленген франшиза мөлшерінен аз болса, келтірілген залалды төлемеуге құқылы. Алайда, егер төлем мөлшері франшиза сомасынан көп болса, онда сақтандырушылар залалды толығымен өтейді.

- уақытша (күту кезеңі) – сақтандыру шартының басынан бастап ӨСК залалды өтеуден босатылған уақыт кезеңі.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Темекі шегу өмірді сақтандыру құнын екі есе арттырады
Темекі шегу өмірді сақтандыру құнын екі есе арттырады

InsuranceNewsNet порталы өмірді сақтандыру полистері...

70 жастан кейін өмірді сақтандыру қажет пе
70 жастан кейін өмірді сақтандыру қажет пе

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін өмірді сақтан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру