bs-preloader__icon
ru kz en

Абайлаңыз, балалар! Ата-аналарға қаперге алу үшін

Балаларда жарақаттар мен денсаулықтағы қиындықтар жазғы демалыста сақтандыру компанияларына жүгінудің басым бөлігін құрайды. Ересектерге қарағанда балалардың қатысуымен жазатайым оқиғалардың 80% – қисынсыз кездейсоқтықтың нәтижесі. Ата-аналар оны әбден алдын алуы тиіс. Қалайша? Украинадағы МетЛайф Басқарма мүшесі Инна Белянскаядан үш кеңес, деп 1k.com.ua баяндайды.
Абайлаңыз, балалар! Ата-аналарға қаперге алу үшін

1. Автокресло мен қауіпсіздік белдіктерімен пайдаланыңыз. Жазда біз көбіне көлікпен саяхаттаймыз және балаларымызды бірге ертіп жүреміз. ЖКО (ДТП) – денсаулықты жоғалтудың басты және ең жаман себебі, нақты айтқанда жарақаттардың нәтижесінде бала мүгедектігі. Бұл ретте апаттардың құрбаны жас жүргіншілер де, велосипедтегі жасөспірімдер де, бейберекет автокөлік иелерінің балалары да болады.

Мен күн сайын қала маңынан Киевке және кері қарай көлікпен жүремін. Күнде шлемсыз және қорғау құралдарысыз жүрген жас велосипедшыларды да көремін. Алайда бұдан да жиірек, күніне 3-4 рет және де көбінесе жылдың жылы мезгілдерінде, мен автокөліктің салонында белдікпен түймеленбеген балаларды да көремін. Немесе бұдан да сорақысы – автокөліктің алдыңғы орында, аналарының қолында, алдыңғы әйнекке арқасымен отырған сәбилерді де көріп жүрмін.

Күн сайын мен осы балалар үшін қорқып, ал олардың ата-аналарына ашуланып отырамын. Жоқ, мен оларға өмір сүруді үйреткемі келмейді. Және де оларды өмір үйреткенін қаламаймын. Сақтандырушылары баланың денсаулығын ЖКО-дан кейін қалпына келтіру және оңалту қаншалықты күшті және қаржыны талап ететіндігін біледі. Сонымен қатар бірде бір сақтандыру компаниясы өтей алмайтын шығындар да бар екенін білеміз. Жай ғана сеніңізші: шлемдерді, қорғауды және балалар үшін ұстап тұратын құрылғыларды балалар өмірінің бағасын білген адамдар ойлап тапқан.

2. Судың жанында мұқият болыңыз. Жаз – бұл теңіз, өзендер, бассейндер және аквапарктер. Ал бұл сумен байланысты барлық тәуекелдер екенін білдіреді. Қауіпсіздік ережелері бұрыннан баршаға мәлім, бірақ кейбір ата-аналар оған мән бермейді. Сіз баланы жағажайда әрбір минутта көзден таса қылмай отыруыңыз қажет. Сіз суда алғашқы көмекті көрсете білуіңіз қажет. Есіңізден шығармайтын тағы бір нәрсе: су – бұл теңіз ғана емес. Бұл кез келген ашық сиымдылық, саяжайдағы бассейн де осыған жатады.

Сонымен қатар судың жанындағы демалыспен басқа да тәуекелдер байланысты: мысалы, күннің тиюі. Бұл мәселелер белсенді түрде суда жүзіп, күнге күйетін адамдарда пайда болады. Бірақ ересектер бұған төзетін болса, күн тиген балаларға жедел жәрдем де қажет болады, содан кейін оны 7-10 күн емдеу қажет.

3. Жарақаттан сақтандыру туралы ойланыңыз. Мұндай сақтандыру жазда міндетті нәрсе емес деп ойлаймыз. Өйткені ол мүмкін болатын келеңсіз жағдайлардан сақтандырмайды. Алайда осы сақтандыру полисі сіздердің жазғы жоспарларыңызды құтқара алады, нәтижесінде емдеуге берілетін ақшаны ғана емес, одан да көп нәрсені бере алады. Бұл қалай болғаны дейсіз ғой. Міне қарапайым мысал келтірейік.

Маусым айының алғашқы күні, балалар аулада доп теуіп, ойнап жүр. Жас футболшылардың бірі кенеттен құлап қалады – қолы сынып қалды. Жарақат пункты, рентген, гипс, дәрігерге қаралу, физиопроцедуралар. Үш аптадан астам уақыт пен емдеуге ең кемінде 6 мың гривна жұмсалды. Ал ата-анасында тағы бір қиындық: теңізге жоспарланған саяхаттан бас тарту керек, оған төленген ақшаны толықтай қайтару қиын. Қайтадан демалысты жоспарлауға болады, әрине, алайда ауруханалардан кейін бұған бюджеті жетпейді.

Енді баланың сезімін елестетіп көріңізші: жаздың үштен бір бөлігі гипсте жүру, теңізге жоспарланған саяхат та болмайтын болды. Бұл жағдайда жазатайым оқиғадан сақтандыру полисі көмектеседі. Жас спортшымен болған жағдайда – бұл 14 мың гривнадан артық сома. Аз ба, көп пе? Бұл бала мен оның отбасы үшін жеткілікті ақша екен. Бірақ ең маңыздысы бұл емес. Гипсты алдын күні шешіп алды. Ал жақын арада олар теңізге кететін болды, өйткені анасы билеттерді сатып алып қойды.

Қазақстанда балаларды жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан, аурулардан, оның ішінде жазды күнінде де сақтандыру компанияларында сақтандыруға болатындығын айта кеткен жөн.

Дереккөзі: https://1k.com.ua/deti-leto-i-strahovka-tri-soveta-roditelyam.html

Фотосурет tengritravel.kz, caravan.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді кімдер ала алады
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді кімдер ала алады

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл салымшы...

ӨСК сыйлықақылар жинағының өсімін көрсетті
ӨСК сыйлықақылар жинағының өсімін көрсетті

2021 жылғы қаңтар-қарашада өмірді сақтандыру на...

Жинақтарды қалай сақтандыруға болады
Жинақтарды қалай сақтандыруға болады

Пассивті кірісті әртүрлі қаржылық құралдарды...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру