bs-preloader__icon
ru kz

Шетелде баланы оқытуға ақша жинау? Өте оңай!

Ата-аналардың маңызды мақсаттарының бірі баланы жай тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар оған жақсы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Барлық уақыттардағыдай, жақсы білім өзінің әлеуметтің мәртебесінде көтерілуге және материалдық игілік жетуге мүмкіндік беретін алғашқы «қадам». Беделді университеттің дипломы баланың алдында мүлдем басқа перспективаларды ашады және оның айлығы жоғары жұмыс табуы мүмкіндігін арттырады. Себебі жақсы білім алған адам әрқашан және барлық жерде қажетті. Балаларды оқыту, әсіресе шетелде оқыту арзан емес екені құпия емес. Ал толық білім алуды төлеуді әрбір ата-ананың қалтасы көтере бермейді.
Шетелде баланы оқытуға ақша жинау? Өте оңай!
«Білім алудағы керемет зат, оны Сізден ешкім тартып ала алмайтыны».

Б. Б. Кинг

Мәселе бағасы

Танымал дүниежүзілік альма-матерде шетел талапкерлері үшін оқу қанша тұрады? Ең қымбат университеттер Ұлыбритания мен АҚШ-та  орналасқан, ЖОО халықаралық рейтингісінде бұл елдер жоғары орындарды аладыү Бұндай мекемелердің мәртебесі бұнда студенттердің барлық дүние жүзінен келтіреді және жоғары оқыту құнын өтейді. Бірақ, соңғы уақытта Канада, Австралия және Жаңа Зеландия университеттері баға  артықшылықтарын қолдана отырып,  рейтинг көшбасшыларымен табысты бәсекеге түседі. Бұл елдердегі білім алу құны  АҚШ немесе Англияға  қарағанда біршама төмен. Еуропада мектептерде немесе университеттерле білім алу АҚШ-қа қарағанда біршама арзн, сонымен қатар баға/сапа қатынасы жақсы.  Голландияда немесе Испанияда университеттерде ағылшын тілінде білім алу жылына 4000-нан 9000 евроға дейін құрайды. Ал кейбір елдерде шетел студенттері үшін тегін оқыту немесе өте төмен құны (жылына шамамен 1000 евро сақталған).

Ресейде, жоғары білім батыс стандарттарынан басқа болса да, университетерде білім алу құны Еуропаға қарағанда жоғары. Сонымен қатар, үздік ЖОО халықаралыққ рейтингісі    бойынша Ресей Ұлыбритания мен АҚШ, Батыс Еуропа, Канада және Австралия елдерінен ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Еуропа елдерінен де төмен.

Ел

Жылына шетел студенттері үшін білім алудың орташа құны, АҚШ доллары 

АҚШ

15 000- 45 000

Канада

6 000 - 32 000

Австралия

12 000 - 42 000

Ұлыбритания

14 000 - 40 000

Жапония

2 000 - 8 000

Германия

1 700

Швейцария

1 000 - 2 000

Франция

300 - 700

Ресей

1 700 - 12 000

Біздегі жағдай қандай?

Қазақстан ЖОО білім алуды да арзан деуге болмайды. Мысалы, Көпкәсіптік ЖОО Ұлттық рейтингісі көшбасшысы – Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінле бакалавр дәрежесін 780 мың теңгеден бастап 800 мың теңгеге дейін алуды ұсынады. Еліміздің ең үздік техникалық ЖОО – Қазақстан-Британ техникалық университетінде бір жыл білім алу – 1 млн.440 мың теңгеден бастап 1 млн 800 мың теңгеге дейін құрайды. Қазақстанның ең үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО – ҚЭМБИ Университетінде – білім алу 2 млн. 500 мыңнан 2 млн, 900 мың теңге құрайды.  Мдеициналық ЖОО Ұлттық рейтингісінде бірінші орынды СүД.Асфендиаров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті алады, онда білім алу  570 мыңнан 847 мың теңгеге дейін құрайды. 2016 жылдан бастап Назарбаев Университетте  ақылы білім алуды енгізді – орта есеппен бакалавриат бойынша білім алу 18 375 -21 000 доллар құрайды.

 

Беделді ЖОО білім алу үшін ақшаны қайдан алуға болады?

 

Балалар өсіп келеді және жыл сайын отбасы қажеттіліктері мен шығындары ұлғаяды. Баланы оқыту үшін қажетті соманы қайдан алуға болады? Ең жақсы нұсқа -  ертерек білім алуға ақша жинау.

Ұзақ мерзімді перспективада ақша жинауға мүмкіндік беретін қаржылық құралдардың бірі өмірді жинақтаушы сақтандыру болып табылады. Өмірді сақтандыру компаниялары белгілі бір мерзімге, мысалы баланың кәмелетке толуына немесе оның мектепті бітіруіне қарай қажетті капиталды жинауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар бар. Бұндай бағдарламалап күтпеген жағдайлардың туындауына тәуелсіз білім алуды төлеу үшін капиталды қалыптастыруға мүмкіндік береді.  Бағдарламалар жинақ жоспарын  құруға және отбасы бюджетін ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар   еңбек қабілеттілігінен айырылудан немесе ата-ананың қайтыс болуынан қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді. Экономикалық факторлар мен инфляциялық тәуекелдер сіздің жинақтарыңызға көп әсер етпеуі үшін, шетел валютада, мысалы долларда капиталды жинақтау бағдарламалары әзірленген.

Егер сізде өзіңіздің балаңызға  жақсы білім беру мүмкіндігіңіз болса, оны бірден қолданыңыз. Себебі ең тиімді салым – бұл өз біліміңізге және өз балаларыңыздың біліміне  инветиция салу.  Жақын болашақта, балаңыз талап етілетін маман болып, беделді жұмыс алған кезе сіз салған салымдарыңыз артығымен өтеледі.

Ақпарат көздері:

http://www.education-medelle.com/articles/sravnenie-stoimosti-obucheniya-v-universitetakh-po-l

http://nkaoko.kz/rejting-vuzov/2016-07-11-15-21-27medelle.com/articles/sravnenie-stoimosti-obucheniya-v-universitetakh-po-l

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
5G денсаулыққа зиян тигізбеуінің ғылыми себептері аталған
5G денсаулыққа зиян тигізбеуінің ғылыми себептері аталған

Бірнеше ондаған жылдар бойы ақпарат пен комму...

Ерікті зейнетақы жарналары жүйесіне ынталандыру қажет
Ерікті зейнетақы жарналары жүйесіне ынталандыру қажет

Дәурен Нұрмұхамбетов, экономист Kapital.kz іскерлі...

2021 жылы банк секторының қалпына келуі
2021 жылы банк секторының қалпына келуі

Өткен жыл тұтынушылық кредит беру динамикасын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру