bs-preloader__icon
ru kz en

Nomad Life Unit Linked-ті іске қосуды забарлайды

Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы қазақстандық нарыққа ZOLOTO NOMADOV Invest – жаңа инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынады. Компания клиенттері инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдай алады.
Nomad Life Unit Linked-ті іске қосуды забарлайды

ZOLOTO NOMADOV Invest – бұл қаржы құралдарына қаражатты инвестициялау жолымен сақтандыру қорғанысы (өмірді сақтандыру) мен капиталды жинақтаудың үйлесімділігін білдіретін unit-linked классикалық өнімі немесе өмірді инвестициялық сақтандыру. Қарапайым жинақтаушы сақтандырудан айырмашылығы, unit-linked клиенттерге инвестициялау стратегиясын өздері таңдауға мүмкіндік береді. Nomad Life компаниясы 5000-нан астам қаржы құралдарын талдап, ірі және сенімді әлемдік компаниялардың басқаруындағы инвестициялық портфельдердің табыстылығы мен тәуекелдері тұрғысынан ең қызықты 7 қаржы құралын таңдады: «АҚШ-тың 500 ірі компаниясы», «АҚШ-тың көгілдір фишкалары», «Қытайдың қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау», «Энергетика», «Алтын өндіру». Клиент өз активтерін сақтандыру полисін ресімдеу және стратегияны таңдау арқылы инвестициялайды

«Әлемнің табысты және ірі компанияларына қаржыны салуды көздейтін жоғары тарихи табыстылығы бар қорлардың негізінде инвестициялық бағыттардың желісі шеңберінде активтерді басқаруды ұсынамыз» - деп түсіндірді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

 ZOLOTO NOMADOV Invest-тің қаржы нарығының басқа өнімдерінен артықшылықтары бар. Мысалы, өмірді сақтандыру, валютада жинақтау және мүліктік даулар кезінде инвестицияланған ақшаға қол сұғылмаушылық, сондай-ақ бағдарлама аяқталғаннан кейін шартта көрсетілген адамдарға төлем жасау. Сонымен қатар, ең бастысы, «ZOLOTO NOMADOV Invest» өнімінде активтер құнының өсімі салық салудан босатылған. 
«Біз салауатты тәуекел мен консервативті стратегияны ұштастыратын сенімді және пайдалы құралдарға басымдық бердік. Аумақтық және салалық белгілері бойынша әртараптандырылған базалық индекстердің тарихи табыстылығын негізге ала отырып, инвестициялық портфельдерді қалыптастырдық. Инвестициялаудың осындай тәсілі кезінде Сіз жеке компанияның экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді болмайсыз», - деп нақтылайды Nomad Life басшысы.

Толық ақпаратты Сіз 3260 қысқа нөміріне қоңырау шалып немесе www.zni.kz сайтынан біле аласыз.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру