bs-preloader__icon
ru kz en

Жинақтаушы сақтандырудың жаңа өнімі: үлкен плюсы бар табыстылық

Сбербанк және «Номад Life» өмірді сақтандыру компаниясы бірлесіп табыстылығы АҚШ долларында 3,26%-ға жететін әмбебап инвестициялық өнімді іске қосты.
Жинақтаушы сақтандырудың жаңа өнімі: үлкен плюсы бар табыстылық

«Золото Номадов» өнімі үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге инвкстициялау кезінде жоғары табыстылықты кепілдендіреді. Ол өзіне өмірді сақтандыру полисінің және инвестициялық құралдың барлық артықшылықтарын қамтиды. Полис бойынша барлық сомалар полистің қолданылу мерзіміне байланысты АҚШ долларында индексацияланады.

Осылайша, полисті 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге 10 000 АҚШ долларында жасау кезінде қорытынды сақтандыру төлемі 10 705 бастап 13 761 АҚШ долларына дейін соманы құрайды. Бұл ретте төлем сақтандыру мерзімі аяқтаған жағдайда да, мерзімінен бұрын, сақтандыру жағдайы басталған жағдайда да жүзеге асырылады.

«Сбербанк» АҚ ЕБ бөлшек сату жөніндегі басқарушы директоры Жанаргуль Изимованың айтуынша, бұл өнім қорланым құралдарының саласында клиенттік тәжірибенің негізінде жасалған. Клиенттер арасында жасалған ауалнама салымшылардың 70% өз қорланымын балаларының білімі үшін, жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе келешекте өзіне лайықты зейнетақыны қамтамасыз ету үшін пайдаланатындығын көрсетеді.

«Классикалық банктік депозиттер – жақсы құрал, бірақ қысқа мерзімді перспективада. Өйткені банктер жақсы мөлшерлемені тіркейтін максималды мерзім ағымдағы нарықтық жағдайда 1-2 жылдан аспайды, – дейді Изимова ханым. – Егер клиент үлкендеу мерзімге қаржыны орналастырғысы келсе, онда мөлшерлеме, өкінішке орай, инфляцияның ағымдағы деңгейін де өтемейді. Онған қоса максималды мөлшерлеме бойынша заңнамалық шектеулер және де клиенттің салымдағы қаржысы тәркілеуден, мүліктік дау немесе тиым салу кезіндегі үшінші тұлғалардың талабынан қорғалмағанын, сонымен қатар кез келген уақытта мүліктен айырылуы мүмкін екенін ескеру қажет. Нәтижесінде қаржы жинаудың мақсатына қол жткізілмеді».

Өмірді жинақтаушы сақтандыру, керісінше, 10 жылға дейнгі кезеңде жоғары табыстылықты (АҚШ долларында 3,26%-ға дейін) тіркейді, Сіздің өміріңізді сақтандыру арқылы қорғайды, Сіздің ақшаңыз үшінші тұлғалардың талабынан қорғалған, Сіз оны мақсатыңызға қарай пайдалана аласыз.

Табыстылық әрдайым сандармен дәлелденеді. Мысалы, сіз банкте 3 жылдық максималды мерзімге жылдық 1% сыйақы мөлшерлемесімен 10 000 АҚШ доллары сомаға депозитті аштыңыз. Негізгі мақсаты сіздің балаңыздың оқуына ақша жинау болсын. 3 жылдан кейін сіздің табысыңыз 300 АҚШ долларын құрайды, мөлшерлеме мерзімді ұзартқаннан кейін де сол қалпында қалады. Сонымен 10 жылдың ішінде сіздің табысыңыз 1 000 АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте Сіз ақшаны шешіп алып, оларды басқа мақсаттарға жұмсап жіберуіңіз мүмкін.

Екінші нұсқа – бұл 10 000 АҚШ долларын «Золото Номадов» өмірді жинақтаушы сақтандыруға орналастыру, мұнда жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3,26% 10 жылға тіркеледі. Мерзім аяқталған кезде сіз немесе сіздің балаңыз 10 000 АҚШ долларын + есептелген сыйақының 3 760 АҚШ долларын аласыз. Ал 10 жылдан кейінгі мүмкін болатын доллар бағамын назарға ала отырып, бұл өте жақсы инвестиция болып табылады.

«Бұл құрал сенімді ме? Біз «Золото Номадов» өмірді жинақтаушы сақтандырудың сенімділігі екі серіктестің де – Сбербанк пен «НОМАД LIFE» компаниясының абыройы мен тұрақтылығымен нығайтылған деп сеніммен айта аламыз, – Жанаргуль Изимова атап өтті. – Серіктесті таңдаған кезде біз қаржылық тұрақтығаның рейтингін (компанияда қазір ол A.M.Best халықаралық рейтингтік агенттіктің шәкілі бойынша В- деңгейінде), өмірді сақтандыру саласында активтер, пайда, сақтандыру төлемдерінің мөлшері, қалыптастырылған қорлар және біздің клиенттеріміздің пікірлері бойынша нарықтағы үлесін бағаладық.

Сбербанк клиенттерінің барлығы «Золото Номадов» инвестициялық өнімін іске қосудың алғашқы ай ішінде полисті 50.000 АҚШ доллары сомаға ресімдеген кезде, сыйлыққа iPhone X (256 Гб) смартфонын алатындығын атап өткен жөн.

«Золото Номадов» инвестициялық өнім бойынша полисті тіркеу және ресімдеу үрдісі sberzoloto.kz сайтында онлайн-режимінде жүзеге асырылады.

Өнім туралы толық ақпаратты http://sberzoloto.kz/ сайтынан ала аласыз.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Сбербанк халықаралық тобына кіреді. Банк 9 жылдан бері Қазақстанның қаржы нарығында табысты жұмыс жасап, Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің мөлшері бойынша 4-ші орынға ие. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-сы – филиал болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан.

«НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ – өмірді сақтандыру саласындағы ең ірі компания, оның өзіндік дамыған сатулар желісі бар. Компанияның 16 филиалы және Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарында 10 өңірлік офисі бар.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы аннуитеті немесе біржолғы төлем
Зейнетақы аннуитеті немесе біржолғы төлем

Бүгін АҚШ-та егде жастағы төлемдерді құрылымд...

Қазақстан мемлекеттілігінің алтын бесігі
Қазақстан мемлекеттілігінің алтын бесігі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық м...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру