Авторы: С. Үкібасова, Қарағанды қ. Қазыбек би ауданының №2 сотының судьясы
Мемлекет өндірісте дұрыс және қауіпсіз жағдайларды жасауды, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін қорғауды үнемі назарда ұстайды, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, оның ғылыми ұйымдастырылуының қамын ойлайды.
Заңнама еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нормалардың сақталуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етеді және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады, өндірісте жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін белгілейді. Өндірістік жарақаттардың себептерін білікті анықталуы, олардың дұрыс тергелуі болашақта оны алдын алуға ғана емес, сонымен қатар зиянды өтеу туралы мәселенің жылдам шешілуіне мүмкіндік береді. Дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайлармен қамтамасыз етілуі еңбек заңнамасымен жұмыс берушіге жүктеледі. Жұмыс беруші қызметкерлерге ҚР еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге; қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және өзге құралдармен өз қаржысы есебінен қамсыздандыруға; егер жұмыстың жалғасуы қызметкердің және өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтатуға; қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары және кәсіби ауруға шалдығу мүмкіндігі туралы ескертуге міндетті.
Жұмыс беруші жұмыс орнындағы және технологиялық үрдістерде тәуекелдерді алдын алу бойынша шара қолданып, өндірістік және ғылыми-техникалық прогрессті ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды өткізуі тиіс; қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерді атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу қажет. Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға сақтандыруды жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын сақтандырылған тұлғаның жағдайын заңнамалық актілермен қарастырылған жағдаймен салыстырғанда төмендетуші талаптарда жасасқан болса, бұл тұлға сақтандырылған тұлғаға алдында тиісті сақтандыру кезіндегі сақтандыру төлемі жүзеге асырылуы тиіс жағдайларда жауапкершілік жүктеледі. Сақтандыру оқиға басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға оған сақтандыру шартында қарастырылған сақтандыру төлемін төлеу туралы талап қоюға құқылы.
Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған көлемде және тәртіпте зиянды өтеуге міндетті. Келтірілген зиян қызметкерде сақтандыру төлемдері болмаған жағдайда толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдер болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеуге міндетті. Қызметкерге кәсіби еңбекке жарамдылығынан айыру дәрежесін бес пайыздан бастап жиырма бес пайызды қоса алғанға дейін белгілеумен байланысты зиян келтірілген жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге айырылып қалған жалақысы мен оның денсаулығы зақымдауымен байланысты шығындарды өтеуге міндетті. Денсаулықтың зақымдауымен туындаған, еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде жұмыс берушімен өтелетін шығындардың мөлшері төлеу күніне тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 200 АЕК-тен аспауы керек.
Денсаулықтың зақымдуымен пайда болған шығындарды өтеу бойынша төлем осы шығындарға ұшыраған қызметкермен немесе тұлғамен ұсынылған осы шығындарды растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке шығындар өтеуге жатпайды.
Қызметкердің еңбек қызметіне байланысты еңбекке жарамсыздығынан айырылу немесе өліміне әкеліп соққан денсаулығы зақымданған жағдайда, жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар, еңбек міндеттерін атқарумен байланысты қызметкердің денсаулығының зақымдануы, егер олар: жұмыс орнын дайындау және ретке келтіру кезінде жұмыс уақытының басталуының алдында немесе аяқталғаннан кейін; жұмыс орнында жұмыс уақыты ішінде, қызметкердің қызметі қызмет көрсету нысандары арасында, оның ішінде жұмыс берушінің тапсырмасымен жүруімен байланысты қызметкердің жүрген жолдарында, сонымен қатар еңбек міндеттерін атқару кезінде іссапар кезінде; жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау орнына барғанда немесе қайтқан кезде; жұмыс берушінің жеке көлікті қызметтік мақсатта пайдалану құқығына жазбаша келісімі болған кезде жеке көлік құралымен; жұмыс берушінің пайдасына өз бастамасымен іс-әрекеттерді жасаған кезде; вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің жиналу орнынан (вахта кезінде тұру орны) жұмысқа барғанда немесе жұмыс берушімен ұсынылған көлік құралымен қайтқанда орын алса, олар есепке алынады.
Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және арнайы тергеулер еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте комиссиямен жүргізіледі. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті акт ресімделеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығының зақымдануымен келтірілген зиянды өтеудің тәртібі мен жағдайлары ҚР азаматтық заңнамасымен реттеледі. Азаматтың денсаулығына жарақат келтірілгенде, егер жәбірленуші көмектің осындай түрлеріне зәру екендігі және ол көмекті тегін алмай жүргені анықталса, жәбірленуші алып жүрген немесе алуы мүмкін, бірақ айырылып қалған табыс (кіріс), сонымен қатарденсаулықтың зақымдануымен (емдеуге, қосымша тамақтану, дәрі-дәрмекті стапы алу, протездеу, басқа адамдармен күтім жасау, шипажайлық-курорттық емдеу, арнайы көлік құралдарын сатып алу, басқа кәсіпке дайындау және т.б.) байланысты шығындар өтелуге жатады.
ҚР еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Мемлекеттік инспектордың актілері лауазымды, жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті.
Қызметкердің құқықтары бұзылған жағдайда, оның ішінде денсаулығы зақымданғанда, жеке еңбек даулары келісу комиссиясымен, ал реттелмеген мәселелер бойынша немесе келісу комиссиясының шешімін орындамау бойынша – сотпен қарастырылады. Бұған шағын кәсіпкерліктің субъектері жатпайды.
Жарақаттанумен немесе денсаулықтың өзге зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар аудандық және оларға теңдестірілген соттар арқылы шешіледі. ҚР Азаматтық процессуалдық кодексі 30-бабының 5-бөлігіне сәйкес мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады.
Заңмен белгіленген дауларды шешу тәртібі жәбірленген қызметкердің мүдделерін барынша ескеріп, қойылған талаптардың уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді.
Дереккөзі: http://zanmedia.kz/2018/09/14/obespechit-bezopasnye-usloviya-truda/
Фото o-strahovanii.com сайтынан алынды.