bs-preloader__icon
ru kz en

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары: бұл қалай жұмыс жасайды?

Зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және оларды қорғау үшін мемлекет міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) сияқты тетікті қарастырды. Lifeinsurance.kz бұл тетік бүгінгі таңда қалай жұмыс істеп жатқанын егжей-тегжей түсіндіріп береді.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары: бұл қалай жұмыс жасайды?

Қолдаудың осындай шарасы елдің үкіметімен 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді. МКЗЖ жұмыс берушінің еңбектің зиянды жағдайлары үшін өтемақысы болып табылады, сондықтан жұмыс берушінің өзі оны жұмыскердің пайдасына өзінің қаражатынан жүзеге асырады. Олар қызметкердің ай сайынғы табысынан 5% құрайды. Бұл ақша табыстарды төленген айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірілмей зейнетақы жарнасы ретінде теңгемен келіп түседі. Егер компанияда арнайы салықтық режим қолданылатын болса, онда ол Қазақстанның салықтық заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және мерзімде МКЗЖ төлейді.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстанда шартты жинақтаушы құрамы енгізіледі, яғни жұмыс орнына қарамастан жұмыс беруші барлық қызметкерлеріне өз қаржысынан еңбекақысынан 5%-ды қосымша бөліп шығарады.

2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да 216,6 млрд теңгеден артық жинақталған МКЗЖ есебі бойынша 492,6 мың жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) тіркелген.

БЖЗҚ МКЗЖ есебінен зейнетақы қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекітілді. Оған жұмыс беруші (агент) және қызметкер қолдарын қояды, сонымен қатар МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы арнайы өтініш беріледі. Шарт БЖЗҚ-ға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналары, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету шарты туралы мәліметтерді МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету шартын жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу туралы электронды хабарлама түскен күннен бастап күшіне енеді.

Егер қызметкерде МКЗЖ есебінен зейнетақы қамтамасыз ету туралы бұрын жасалған шарт бар болса, онда ол және жаңа агент БЖЗҚ арнайы нысаны бойынша МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету шартына қосылу туралы өтінішке қол қояды.

Бұл ретте МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа шот ашылмайды.  

БЖЗҚ-ға МКЗЖ төлеуінен төмендегілер үшін агенттер босатылады:

– зейнетақы жасына жеткен жеке тұлғалар;

– арнайы атақтар, сыныптық шен берілген әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сонымен қатар арнайы атаққа, сыныптық шенге ие болу және формалы киімді кию құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтарынан бастап жойылған тұлғалар;

– еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.

Егер жұмыс беруші қызметкердің ЖЗШ-на МКЗЖ уақтылы аудармаса (нақты төлем жасалып, қызметкер табысты алған жағдайда), жұмыс берушіден салық органдарымен мерзімі өтіп кеткен әрбір күні үшін уәкілетті органмен белгіленген қайта қаржыландырудың 1,25 еселік ресми мөлшерлемесі мөлшерінде есептелген өсімақысы МКЗЖ өндіріледі және БЖЗҚ-ға аударылады.

Осылайша ҚР Үкіметімен бекітілген зиянды өндірісте және жұмыста қызмет істеп отырып, адамдар мемлекет тарапынан қорғалған және зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін барабар төлем алатынына сенімді болады.

Осылайша, БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдерді МКЗЖ есебінен алуға төмендегілер құқылы:

- жиынтықта 60 күнтізбелік айдан кем емес, зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін жинақтардың жеткіліктілігі кезінде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу жолымен МКЗЖ төленген, елу жасқа толған тұлғалар;

- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 11-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайлар басталған кезде;

- егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

- елден көшіп кеткен шетелдіктер және кету фактісін растайтын республиканың заңнамасында анықталған құжаттарды ұсынған азаматтығы жоқ тұлғалар.

Білу маңызды!

МКЗЖ есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтар жоғарыда көрсетілгенде тек қана 2014 жылдан бастап қалыптаса басталғанын ескерсек, 50 жасқа толған, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлерге жататын тұлғалар БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерізімінен бұрын алу құқығын сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы 2019 жылдан бастап қана пайдалана алды.

МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінензейнетақы жинақтарын, сонымен қатар бар болған жағдайда ерікті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.

Осылайша, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасып, өмір бойғы сақтандыру төлемдерін сақтандыру ұйымынан мерзімінен бұрын алу мүмкін. Сақтандыру компаниясына аудару үшін жеткілікті соманы enpf.kz сайтында https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php «Электрондысервистер - Зейнетақы калькуляторы» тарауында орналасқан зейнетақы калькуляторы көмегімен есептеуге болады.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Миллениалдар үшін өмірді сақтандыру
Миллениалдар үшін өмірді сақтандыру

Үндістанда 426 миллион миллениал тұрады – бұл е...

Қазақстандықтар БЖЗҚ-да қанша жинады
Қазақстандықтар БЖЗҚ-да қанша жинады

Бірінші қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейне...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру