1. Сақтанушы (жұмыс беруші) қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартын жасау үшін сақтандырушыны таңдауға құқылы.
2. Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартын аннуитетті сақтандыру сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру іс-әрекетін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандырушымен ғана жасасу керек.
3. Сақтанушы жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартын сақтандырушының іс-әрекетті жүзеге асыру басталған айдан кейін айдың бірінші он күні ішінде сақтандырушымен жасалу керек.
4. Сақтандыру келісім шарты сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлегенде, ал созып төлеу кезінде – бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезде күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады, ал сақтандыру сыйақысын төлемесе немесе уақытылы төлемесе, Келісім шарттың жарамсыздығына алып келуі мүмкін.
Егер сақтандыру жағдайы орнықса:
1. Сақтанушы бірден, бірақ жазатайым оқиға басталуы туралы белгілі болғаннан бастап үш күннен кешіктермей бұл туралы сақтандырушыға хабарлау керек.
2. Сақтанушы сақтандырушымен жұмысшы пайдасына немесе жұмысшының өлімі жағдайында зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға Заңмен қарастырылған жағдайда, жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартында орнатылған сақтандыру сомасы шегінде аннуитет келісім шартын жасасу керек.
3. Сақтанушы Өкілетті орган өкілдері мен Сақтандырушы міндетті қатысуымен сақтандыру оқиғасының орнығу жағдайларын тексерруді қамтамасыз етуге міндетті және сақтандыру оқиғасының орнығуын, сонымен қатар оған келтірілген зиянды дәлелдеу керек.
4. Сақтанушы сақтандыру оқиғасынан тигізілетін шығындарды азайту шараларын қабылдау керек.
5. Сақтанушы сақтандырушыға келісім шартпен бекітілген мерзімде сақтандыру төлемдерін есептеу үшін қажетті құжаттарды беру керек.
6. Сақтандырушы Заңға және жұмысшыны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартына сәйкессақтандыру төлемін және жерлеуге кеткен шығындарды өтеуді төлеуге міндетті.
7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемінде пайда иеленушіге өтінішті және барлық құжаттарлы алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жазбаша түрде бас тарту себебінің мотвацияланған негіздемесін жөнелтуге міндетті.
8. Сақтандырушыға сақтандыру төлемдері туралы қойылатын талаптар сақтанушымен немесе пайда иемденуші болып табылатын басқа тұлғамен жазбаша түрде тұрғылықты жері, пайда иеленушінің байланыс телефондары, банк реквиззиттері (қажет болса), сақтандыру төлеміні алу тәртібі – қолма-қол ақша арқылы немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса тіркеп, банк шотына аудару арқылы көрсетіліп, талап етіледі.
Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін төлеуден босату үшін негіздер:
1. Сақтандырушы сақтанушыға егер сақтандыру жағдайы төмендегілер салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:
· сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда иеленушінің қажетті қорғаныс және өте қажет жағдайда жасалған әрекеттерден басқа, сақтандыру жағдайының туындалуына немесе оның басталуына ықпал ететін әдейі іс-әрекеттері;
· Қазақстан Республикасы заңнамалық актілермен сақтандыру жағдайфмен себеп-салдарлық байланыста болатын қасақана, қылмыстық немесе ікімшілік құқық бұзу тәртібінде танылған сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда иеленушінің іс-әрекеттері.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту үшін негіз сонымен қатар келесілер болуы мүмкін:
· сақтанушының сақтандырушыға алдан ала сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы біле тұра жалған мәліметтерді хабарлауы;
· сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау;
· сақтанушының сақтандыру жағдайларынан болатын шығындарды азауту шараларын әдейілеп қабылдамауы;
· сақтанушының сақтандырушыны сақтандыру жағдайының орнығу жағдайларын тексеруге және оған келтірілген зиян мөлшерін орнатуға кедергі келтіруі;
· заңнамалық актілермен қарастырылған басқа да жағдайлар.
- Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған құжаттар тізімі
• кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін орнату кезінде |
• Жұмысшының қайтыс болуы жағдайында |
|
|