Халык-Life-та дамыған елдерде өмірді сақтандырудың танымалдылығы көбінесе негізінен шағын және орта бизнес экономиканы ұстап тұрғанымен байланысты екенін айтты. Бұдан бөлек, үй қожалықтарынан табыс отбасы бюджеті үшін шығынсыз, аз да болсын, жинақтарды қалдыруға және сақтандыруды сатып алуға мүмкіндік береді. «Плюс Батыстағы сақтандырушыларда басқа менталдылық және халықтың қаржылық сауаттылығы анағұрлым жоғары деңгейде. Адамдар өз денсаулығын күтеді, және сол себепті өмірді сақтандыру мәселесіне саналы түрде қарайды. Сонымен қатар олардың балаларының барлығы шамамен сақтандырылған, және егер ата-аналарымен жайсыз жағдайлар болса (өмірден кету немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу), қалған жарналарды сақтандыру компаниясы жасайтын болады, яғни балалары қаржылай қамтамасыз етілетін болады», - дейді Халык-Life ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов.
Сентрас Коммеск Life ӨСК-нің басқарма төрайымы өмірді сақтандырудағы қажеттілікті клиенттердің жасымен байланыстырады. Сонымен, өмірді сақтандыру компанияларына негізгі мақсаттық аудитория 30 жастан жоғары, орта санат болып табылады. «Алайда жақсы білімі бар және жинақтылықтың жоғары деңгейімен экономикалық белсенді жас адамдар сондай-ақ сақтандырушыларға перспективалық ықтимал клиенттер тұрғысынан қызықты. Клиенттік базаны саралау кезінде сақтандырушылар өмір салтына, қызығушылықтарға, тәуекелдерге ұшырағыштығына, құндылық бағыттарға қатысты сапалық талдауға көңіл бөледі, дегенмен бұрынғыдағыдай есепке орташа табысы, жасы, кәсібі, жынысы, білім деңгейі секілді айқын критерийлер алынады», - деген сенімде Сентрас Коммеск Life-тің басшысы Гүлжан Джаксымбетова.
Nomad Life-та барлығы бір мағыналы еместігін айтады. Мысалы, Латын Америкада, оңтүстік Африкада, Үндістанда микросақтандыру аталатын технологиялар дамыған. Мұндай бағдарламаларға телекоммуникациялық операторда мобильдік қызметтер пакетімен бірге сатып алынатын сақтандыру өтелімдерінің жиыны кіреді: клиенттің тарифіне қоңыраулар, смс және Интернет көлемінен басқа телекоммуникатордың серіктесі – сақтандыру ұйымы сақтандыру жағдайы (жарақаттар, еңбекке қабілетсіздікті белгілеу, ауруханаға жатқызу және т.б.) басталған кезде төлемдерді жүзеге асыратын опция қосылған. «Мұндай ұсыныс орташадан анағұрлым төмен табыс деңгейі бар адамдарға арналған. Ұсынысқа сұраныс өте көп. Мысалы, Үндістанда халықтың 9%-дан астамы микросақтандыру технологияларымен қамтылған. Басқа сөзбен айтқанда, өмірді сақтандыру орта санаттағы адамдарға ғана жұмыс істейді деген қате болады», - деп түсіндіреді Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
ӨЖС және ӨИС бағдарламалары шетелде танымал, себебі ең алдымен инвестициялауға және бағалы қағаздарға инвестициялау кезінде азырақ тәуекелмен, банк депозиттерінен жоғары кірістілікті алуға мүмкіндік береді. «Шетелде банктердегі мөлшерлемелер 1-2%-дан аспайды, бұл инфляциядан ақшасын сақтап қана қоймай, сонымен қатар өз салымдарын көбейткісі келетін адамдар үшін мүлдем тиімді емес. Бұл мақсаттар үшін орта және жоғары табысы бар адамдар ӨЖС және ӨИС-ға салуды қалайды», - деп ескертеді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Отандық шындық
Қазақстанда, әдетте, орта санаттың өкілдері – азды-көпті біршама мөлшерде жинақтарды қалыптастырып үлгерген адамдар. Олар үшін басымдық капиталды сақтау, өз қаражаттарын барынша тиімділікпен орналастыруға ұмтылу болып табылады. Жинақтаушы сақтандыруда ұсынылатын құралдар дәл осы қасиеттерге ие. «Nomad Life-та сыйақының кепілдік берілген мөлшерлемелері ЕДБ бүгін ұсына алатыннан жоғары: егер банкте сыйақының мөлшерлемесі 1%-дан аспайтын болса, жинақтаушы сақтандыруда ол 3,41%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұған сақтандыру қорғанысын, салық жеңілдіктерін, заңдық артықшылықтарды, тиімді шарттарда қарыз алуға мүмкіндік беретін опцияны қосыңыз», - деп нақтылайды Nomad Life басшысы.
«Nomad Life» клиенттердің әр түрлі санаттарына сақтандыру бағдарламаларын әзірледі. ZOLOTO NOMADOV жинақтаушы сақтандыру және ZOLOTO NOMADOV Invest инвестицияларға сақтанушының қатысуымен жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары өз ақшаларын ЕДБ-де депозиттерде ұстайтын адамдарға қызықты. Capital бағдарламасы өздерінің орташа және ұзақ мерзімді жинақтарын үлкен емес жарналармен: шамамен, айына 100 доллардан қалыптастыру ыңғайлы болатын адамдарға арналған.
Өмірді сақтандыру нарығының өсіміне қарамастан, өмірді сақтандыру өнімдерінің ену деңгейі төмен болып қалуда, сол себепті Евразия ӨСК клиенттерге оларға ыңғайлы мерзімділікпен сыйлықақыны төлеу мүмкіндігін береді. «Біреуге 26 000 теңге біржолғы жылдық жарнаны төлегеннен, аптасына 500 теңге салған ыңғайлы. Бұл ретте қазір біз 10 000 000 теңге сақтандыру сомасымен жазатайым оқиғалардан полис туралы айтып отырмыз. Өмірді және денсаулықты сақтандыру өнімдері қолжетімді және біздің міндетіміз мұны әбір адамға жеткізу», - деді Евразия ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлмира Убегалиева.
Өнімнің құны сақтандыру сомасы, жинақтар мөлшеріне байланысты. Біздің өнімдеріміздің шамамен барлығы азаматтардың басым көпшілігіне қолжетімді. Ең алдымен, бұл жазатайым оқиғалардан сақтандыру, өмірді сақтандыру секілді базалық өнімдер. Мысалы, біз жақында Евразия-Сенім өмірді және жазатайым оқиғалардан жедел сақтандыру өнімін іске қостық. «Бұл кез-келген себеп бойынша қайтыс болу жағдайына кеңейтілген сақтандыру өтелімі, еңбекке жарамсыздықтан уақытша айырылуға өтелім, мүгедектікті белгілеу, ерекшеліктердің ең аз көлемі. 5 000 000 теңге сақтандыру сомасымен полистің құны күніне небәрі 250 теңгені құрайды. Бұл бір шыны-аяқ кофеден де аз. Мәселе басқада: адамдар өз өмірі мен денсаулығын сақтандыру қажеттілігі туралы ойланбайды», - деді Евразия ӨСК басшысы.
Сентрас Коммеск Life-тің өнімдік желісі орта санатқа арналған. «Әлемдік сарапшылардың пікірі бойынша орта санатқа табысы күніне 11-ден 110 долларға дейін құбылатын адамдар жатады, бұл оларға ұзақ мерзімді қолдануға қымбат тұратын тауарларды сатып алуға, демалысқа баруға және күтпеген жағдайларға жинақтар құруға мүмкіндік береді. Ал өмірді сақтандыру құралы дұрыс және ұзақ мерзімге өз жинақтарын құруға мүмкіндік береді», - деп түсіндіреді Гүлжан Джаксымбетова.
Виталий Любимов Халык-Life полистері әр түрлі жастағы және әр түрлі әлеуметтік мәртебедегі клиенттерге арналатынын айтады. «Егер сақтандырудың міндетті түрі жайлы айтатын болсақ, ол өндірісте жұмыс істейтіндердің барлығына арналған. Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша әр түрлі мақсаттық санаттарға, бұл өз зейнетақымен қамтамасыз етуін жоспарлайтын адамдар, өз балаларына жинақтар туралы ойлайтын адамдарға және ауыру немесе жазатайым оқиғаның және т.б. басталу жағдайына классикалық сақтандыру. Бір сөзбен айтқанда біздің өнімдер күтпеген өмірлік жағдайлардың басталу жағдайына өзін және өзінің отбасына қаржылық қорғанысты қамтамасыз еткісі келетіндерге арналған».
Freedom Finance Life клиенттердің сұраныстарына сүйене отырып бағдарламалар әзірлейді. «2021 жылы біздің компаниямыздың мамандары қазақстандықтардың арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. Зерттеу нәтижелері ӨСК-мен бір рет болсын шарт жасаған сауалнамаға жауап берушілердің көбісі орта есеппен айына 400-600 мың теңге табыс табатынын көрсетті. Сауалнамаға жауап берушілердің 12%-ы 250-400 мың теңге шегінде табыс табады. Және 8%-ы 250 мың теңгеге дейін табысы бар адамдарды құрады. Біздің сауалнамаға жауап берушілеріміздің арасында 73%-ы ӨЖС-ны құнсызданудан жинақтарды қорғау үшін ең тиімді қаржы құралы деп атады. Сауалнамаға жауап берушілердің 30%-ы ірі сатып алуға немесе баланың жоғары білім алуына жинау үшін ӨСК-мен шарттар жасасқан», - дейді компания басшысы.
Өмірді сақтандыру әр түрлі табыстағы адамдар үшін қолжетімді болуы үшін бағасы бойынша ерекшеленетін арнайы өнімдер жасалған. Мысалы, Freedom Finance Life-та коронавирустен сақтандырудың құны 100 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін төлемдерге сәйкес 4900 теңгеден 25000 теңгеге дейін. Сонымен қатар, ӨЖС бағдарламалары бойынша жеке шарттар жасалады. Мысалы, Freedom Education бағдарламасы бойынша әрбір клиенттің баланың жоғары білім алуына жинақтаудың жеке шарттары бар. Бұл жағдайда, тұрақты сақтандыру жарналарына таңдалған жоғары оқу орнында оқудың құны әсер етеді.
Қазақстанда өмірді сақтандыру енді ғана көп таралуда. Қазір азаматтардың көптен көбі жедел, жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру полистерін, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттерін алуға дайын. Себебі өмірді сақтандыру – кез-келген күтпеген жағдайға сенімді қаржы резервін қамтамасыз ететін бірегей қаржы құралы. Бұдан бөлек, қосымша жинақтар зейнетте лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету үшін, балалардың білім алуын, тұрғын үй сатып алу үшін немесе белгілі бір күнге: тойға, кәмелеттік жасқа толуға және т.б. қамтамасыз ету үшін артық болмайды.
Бұл ретте шарттың бүткіл қолданылу кезеңінде адам жарақат, ауыру, өмірден кету, жазатайым оқиға нәтижесінде мүгедектік және еңбекке қабілетсіздік секілді түрлі тәуекелдерден өмірді және денсаулықтың сақтандыру қорғауын алады.
Артықшылықтар:
– Сақтандырылушы өсиет кезіндегідей мұрагерді таңдауға құқылы.
– Жинақтарға үшінші тұлғалар, мысалы кредиторлар, мемлекет (тыйым, тәркілеу) немесе қаламайтын мұрагерлер талап ете алмайды.
– Жинақтар ажырасу кезінде бөлінуге жатпайды.
– Белгілі бір жағдайларда жеңілдікпен салық салу көзделген, яғни, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар шарттың мерзімі аяқталған кезде және адам өз жинақтарын алатын уақытта сақтандыру төлеміне салық салынбайды.
Сурет ашық дереккөздерден