bs-preloader__icon
ru kz

Жұмыс берушілер корпоративтік медициналық сақтандыруға шығынды кемітпейді

Дельта – коронавирустың жаңа штаммы әлемнің көптеген елдерінде үстем болып келеді. Осының аясында сақтандыру компанияларының корпоративтік клиенттері ерікті медициналық сақтандыруға (ЕМС) көбірек қызығушылық таныта бастады. Сонымен, ауру жағдайына ӨСК сыйлықақылары сәуір айындағы 17,7%-ға (жылдан жылға) қарсы мамыр айында 23,3%-ға өсті. Жинақтардың жалпы сомасы 804,4 млн теңгені құрады. Осы сегменттің көшбасшысы (сыйлықақылардың 87,4%) - «KM Life» ӨСК. Компанияның баспасөз қызметі медициналық сақтандырудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Жұмыс берушілер корпоративтік медициналық сақтандыруға шығынды кемітпейді

Өмірді сақтандыру компаниялары арасында KM Life ең ірі ойыншы болып қалады. Мамырдың қорытындысы бойынша ұйым 703,1 млн теңге жинады. Екінші орында ЕСК ӨСК, үшінші ірі компания «Freedom Finance Life».

«Қазіргі таңда ерікті медициналық сақтандыру корпоративтік клиенттердің айрықша құзыреті – әлеуметтік пакеттің құраушысы, кәсіби кадрларды тартуға және ұстап тұруға мүмкіндік беретін, ең тиімді ынталандырушы құралдардың бірі болып табылады. Көп жағдайларда сақтандырудың бұл түрін негізінен компаниялардың қызметкерлері, жоғары және орта буындағы басшылар, бизнес иелері, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелері пайдаланады», - дейді KM Life-та.

Ерікті медициналық сақтандыру шарты – ұйымның жеке қызметкерінің, сондай-ақ бүткіл ұжымының денсаулығын сақтау бойынша кез-келген мәселелерді кешенді шешу, медициналық бағдарламаның сақтандыру шартымен таңдалған және бекітілген көлемде қызметкер алған медициналық көмекке шығындарды өтеу кепілімен, тиісті баға бойынша күнделікті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кепілі және мүмкіншілігі.

«ЕМС жүйесі жеке жұмыс істеуді, қысқа мерзімде және ұзақ күтусіз және кезексіз қажет көлемде (құрал-жабдықпен және диагностикалық тексерістердің толық спектрі) жоғары сапада ақылы медициналық қызмет көрсетуді алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді», - деп түсіндіреді компанияның өкілдері. 

ЕМС полисі қызметтердің қосымша пакетімен жүреді:

- сақтандырылушыны координациялау;

- дәрілік препараттарды қосқанда емделуді өтеу (лимит шегінде);

- стоматология;

- жақсы жеке клиникада, ведомстволық емханада, VIP және бизнес-класстағы клиникаларда амбулаторлық көмек;

- жоғары жайлылық палатасына ауруханаға жатқызу.

«Ауруханада емделу кезінде жүргізіліп жатқан тексерістер мен тағайындаулардың қадағалануы, емделушінің денсаулығын үздіксіз бақылау жүргізіледі. Жұмыс берушілер ЕМС пакетін сатып ала отырып, өз қызметкерлеріне медициналық көмекті жедел ұйымдастыру және емдік мекемелерде даулы жағдайларды реттеу бойынша қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді, ол шұғыл медициналық көмекті ғана емес, сонымен қатар ел бойынша жоспарлы медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деп нақтылайды KM Life-тің баспасөз қызметінде.

Серіктестермен ұдайы жұмыс істеу сақтандырушыларға клиенттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, емдік мекемелерде клиенттерге медициналық қызмет көрсетуді ұсынуға мүмкіндік береді.

Ерікті медициналық сақтандыру полисіне мыналар кіруі тиіс:

- медициналық қызмет көрсету сұрақтары бойынша тәулік бойы қолдау;

- шұғыл медициналық көмек;

- отбасылық дәрігердің (терапевт немесе педиатр) және тар шеңберлі маман-дәрігерлердің кеңес беруі;

- амбулаториялық-емханалық көмек;

- стоматологиялық көмек;

- дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;

- медициналық көрсетілімдер бойынша ауруханада емделу;

- массаж;

- дәстүрлі физиотерапия;

- емдік дене шынықтыру;

- салалық талаптарға сәйкес алу алуан түрлі алдын алу мақсатымен тексерулер, зертханалық-аспаптық тексерулердің кеңейтілген спектрі.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді
Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді

Көптеген қызмет саласы көру өткірлігіне теріс...

Қай өңірлердің тұрғындары кәрілікке ақша жинады
Қай өңірлердің тұрғындары кәрілікке ақша жинады

Бір жыл ішінде Ұлытау және Алматы облыстары тұ...

АҚШ зейнеткерлері үшін мемлекеттік бағдарлама
АҚШ зейнеткерлері үшін мемлекеттік бағдарлама

Social Security әрбір отбасын және шамамен барлық аме...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру